КОЛЛЕДЖ ТУРАЛЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі жеке мекемесі (ЖМ) Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің 2006 жылдың 7 шілдесіндегі № 4/2014 бұйрығы негізінде білім беру нарығындағы жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін жоғары кәсіби білім беру, заман талабына сай медицина мамандарын дайындау мақсатында ашылды.Колледждің білім берудегі ерекшілігі — әр білім алушыны жеке тұлға ретінде танып, мәселелерді олармен бірлесе отырып шешу.Біздің мақсатымыз, білім алушылардың мүмкіндігі мен қабілеттерінің іс жүзінде асырылуына көмектесу және оқытушы мен білім алушы арасында сенім принципін есепке ала отырып оқу процесі барысында қолдану.

Медицина мамандарын дайындаудың сапасын арттыру мақсатында 2011 жылы  «Түркістан» көпсалалы медицина колледжі, «Санитас» ЕСО, «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығының базасында «Джи-Ай» білім беру-сауықтыру Холдингі (аббревиатура GI ағыл. Good intention) құрылған.

ҚР медицина колледждерінің өзін-өзі бағалау есебі және мейіргер ісі мамандарын дайындау жүйесін дамыту бойынша Комиссия (қазақстандық және финдік сарапшылардың)  жұмысының қорытындысы бойынша үздіктердің қатарына еніп «өте жақсы» бағаланып ҚР ДСжӘДМ 2016ж. 9 наурыздағы «Жоғары колледжге» қайта құру туралы шешімі негізінде 2016 жылы 6 желтоқсанда «Жоғары колледж» статусына ие болды.

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі Білім беру қызметін «ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Түркістан облысы Білім саласында сапаны қаматамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің №126 бұйрығымен шектеусіз мерзімге берілген 27.07.2021ж. KZ04LAA00031848 мемлекеттік лицензиясы және 09130100 «Емдеу ісі» 4S09120101 «Фельдшер» біліктілігі,  09130200 «Акушерлік іс», 4S09130201 «Акушер» біліктілігі,  09120100 «Мейіргер ісі», 4S09130103 «Жалпы практикадағы мейіргер» 001 және 5АВ09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктіліктері бойынша 002 лицензияға қосымшалары негізінде жүзеге асырады.

2018 жылы колледждің жаңартылған 2018-2022 жылдарға арналған Стратегиялық даму бағдарламасы, колледждің миссиясы қабылданып, жоспар финдік стратегиялық әріптестермен «өте жақсы» деп бағаланды.

Колледж 2014-2022 жылдар аралығында 2 рет (2017 және 2021жж.) ҚР Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігімен (IQAA) институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан 5 жылға өтіп сертификаттарын алды:

16.01.2017ж. IA № 032, SA № 016, 25.12.2021ж. IA № 0171, SA № 0151.

2015 жылдың қорытындысы бойында «Түркістан» көпсалалы медицина колледжі Түркістан қаласы оқу орындарының арасында «Үздік колледж» номинациясына ие болды.

Жыл сайын жүргізілетін сауалнамаларға қатысқан жұмыс берушілердің (бас дәрігерлер, бас және аға мейіргерлер) 98 пайызы колледждің мамандарды дайындау сапасына қанағаттанатындықтарын көрсетіп отыр.

2021 жылдың қорытынды рейтингісі бойынша колледж Қазақстан Республикасындағы 35 жоғары мемлекеттік және жекеменшік медицина колледждері  арасында  4 жұлдызды колледж атанып, 2 ші номинация иегерлері қатарында тұрса, ал  56 жекеменшік колледждері арасында 1-ші орынға ие болды.

Колледждің стратегиялық даму бағдарламасының кезең – кезеңмен орындалуы колледждің материалдық-техникалық базасының айтарлықтай нығаюына мүмкіндік берді, атап айтқанда, қазіргі таңда колледж 10 корпусы бар, бас оқу корпусы, типтік спорт зал, 60 орындық асхана, 130 орындық жатақхана, 300 орындық мәдениет үйі,  2-ші клиникалық оқу корпусы, «Виртуалды клиника», «Санитас» ЕСО, дәріхана, «Жан Дауа» МОО, шамамен 2 гектар көлеміндегі жеке оқу қалашығынан тұрады.

Колледжде білім беру студент орталықтандырылған жүйесі бойынша жүргізіліп, теориялық және тәжірибелік сабақтарды білікті, тәжірибелі 37 оқытушы-профессорлар іске асырады, соның ішінде, 3 м.ғ.д., профессор, 3 доцент, м.ғ.к., 2  PhD, 6 магистр, 2 МІ (Қазақстан-Финляндия) магистрі, 2 МІ академиялық бакалавры, 6 мейіргер ісінің бакалавры, 3 жоғары санаттағы, 3 педагог зерттеуші, 1 педагог модератор, 7 бірінші санаттағы оқытушылар.

2006 жылы ашылған «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 16 жыл ішінде  елімізге аса қажетті болған «Емдеу ісі», «Акушер ісі» және «Мейіргер ісі» мамандықтары, соның ішінде «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктіліктері (ТжКБ, ТжКБКБ) бойынша 4512 медицина мамандарын даярлап шығарды. 2018-2021 оқу жылдары аралығында бітіргендердің  жұмысқа орналасу көрсеткіші 73,8℅  құрайды, жұмысқа орналасудың 26,2℅  жүктілік пен бала күтіміне байланысты. Қазіргі таңда колледж түлектері Түркістан облысының барлық медицина ұйымдарында сонымен қатар, республиканың басқа да облыстарында қызмет етсе, кейбіреулері жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.

Жыл сайын жүргізілетін сауалнамаларға қатысқан жұмыс берушілердің (бас дәрігерлер, бас және аға мейіргерлер) 98 пайызы колледждің мамандарды дайындау сапасына қанағаттанатындықтарын көрсетіп отыр.

Колледж серіктестерінің колледждерді, жоғары колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламаларын бағалау критерийлерін әзірлеуіне байланысты ХҚДБ жобасы шеңберінде «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің стратегиялық жоспарын қайта қарау 2017-2018 оқу жылының екінші жартысында жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта қолданыстағы колледждің стратегиялық даму жоспары жоғары колледж болып қайта ұйымдастырылғаннан кейін Стратегиялық даму жоспарының екінші редакциясы колледждің ғылыми-педагогикалық Кеңесінің отырысында қаралып бекітілді (18.05.2018 ж. №5 хаттама).

Қазіргі таңда 2018 жылы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі, Қазақстан, қолданбалы ғылымдар университеттері JAMK, Ювяскюля және Lahti, Финляндия үш оқу орындары арасында құрылған МЕМОРАНДУМ аясында Қазақстан республикасында денсаулық сақтау мен мейіргер ісін дамыту жұмыстарын жалғастырылып келеді.

ҚҰЖАТТАМАЛАР

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі – бала шағынан болашағына ұмтылған жастардың ертеңіне жол сілтейді!