№7 «РЕАБИЛИТОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ
Тарихы: 2006-2007 оқу жылында ашылған «Түркістан» көпсалалы медицина колледжінде №7 «Шығыс медицинасы және туыстас пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігі құрылды. ЦӘБ-тің құрамында Шығыс медицина негіздері мен Инемен емдеу, Манульды терепия мен Физиотерапия пәндері бойынша білім берілген. 2013-2014 оқу жылынан бастап «Медициналық реабилитологиядағы емдік массаж», «ЕДШ және медициналық бақылау», «Физиотерапия» , мейібикелік іс мамандығына арналған «Физиотерапия және массаж» және «Емдік дене шынықтыру ,массаж» пәндеріне өзгерді.
2016-2017 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестіктердің атауларының өзгеруіне байланысты, №8 «Шығыс медицинасы және туыстас пәндер» ЦӘБ-і жаңа атаумен «Реабилитология және қайта қалпына келтіру» ЦӘБ-і болып өзгертілді.
2019-2020 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестік атауы Кафедра болып өзгертіліп, «Реабилитологиялық пәндер» кафедрасы атанды. 2021-2022 оқу жылында кафедра пәндері «Медициналық-әлеуметтік оңалту», «Реабилитациядағы мейіргерлік іс» пәндерімен толықты.
Кафедра құрылымы, меңгерушісі: 2006-2014 оқу жылы аралығында кафедраның меңгерушісі Шығыс медицина және Инемен емдеу пәнінің оқытушысы Нуриллаева Г.С . 2014-2016 жылдары кафедра меңгерушісі Айбеков Н.Б. 2016-2017 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі Нағашбеков Е.Б.
Нағашбеков Ерлан Байғабылұлы
Кафедра меңгерушісі Адрес: №2 ғимарат, №104 каб. Телефон: +7 (705) 683-86-81 Е-mail: erlan.nagashbekov@mail.ru |
|
|
Сайдувалиев Феруз Бекпулотович
Оқытушы Адрес: «Санитас» ЕСО, №5 каб. Телефон: +7 (705)-345-79-01 Е-mail: F008ERUZ@mail.ru |
Мамедов Абдулла Абсаматович
оқытушы Адрес:, №2 ғимарат, №104 каб. Телефон: +7 (705)-356-48-28 Е-mail: SHIATSU_88@mail.ru |
Кафедра жетістіктері: «Шипалы қолдар» үйірмесі 2015 жылы «Тізе буын деформациялық остеоартозының емдеу нәтижелері» тақырыбында колледж ішілік конференцияда 2-орын иеленді.
2019 жылы колледжішілік конференцияда «Шипалы қолдар» үйірмесінде ЕК-303 топ студенті Амангелді Жаудір, жетекші Нағашбеков Е.Б «Бел омыртқа аралық дискілерінің жарығы (грыжа) кезінде суда және құрғақтай созу ерекшеліктері» тақырыбында 3-орын алғаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Кафедра оқытушылары жемісті еңбектері үшін «Джи-Ай» холдингінің, колледж әкімшілігінің, қала әкімдігінің, қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның марапаттауларына ие болды.
Ғылым: Н.Б Абеков, С.Тілеулиев және А.Мамедов 2014-2015 оқу жылында «Шипалы қолдар» үйірмесіне жетекшілік етті. Үйірме мүшелерін студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындап, «Тізе буын деформациялық остеоартозының емдеу нәтижелері» тақырыбында жасаған баяндамалары үшін жүлделі 2 орынды иеленді.
Ақпараттық графика: Мисиров Д.Е «Емдік массаж негіздері» оқу құралын құрастырған. Кафедра оқытушылары республикалық, облыстық жергілікті баспасөз беттерінде мақалалар жариялап тұрады. Нағашбеков Е.Б басылым беттеріндегі мақалалары:
— «Массаж тәсілдері» «Ұстаз тілегі» республикалық веб сайты.
— 2018 жылы «Түркістан тұмарым» басылымында «Емнің жаңа түрі — Жандауада»
— 2019 жылы «Түркістан» басылымында «Worldskils- Жастарға берілген жаңа мүмкіндіктер»
Кафедра жұмыс жасайтын орталықтар,үйірмелер, клубтар:
1«Шипалы қолдар» үйірмесі
кружок «Исцеляющие руки».
Тақырыбы: «Мейрам» жастықшасыди
Үйірменің мақсаты:
- Студенттердің мамандық бойынша базалық және кәсіптік құзіреттілігін арттыру;
- Оқушылардың ғылыми тәжірибелік және шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Клиникалық ойлау қабілетін арттыру;
- Мамандық және пән бойынша білімін нығайту, ой-өрісін дамыту және қызығушылығын арттыру;
Жоспар бойынша атқарылуы тиіс шаралар легі:
- Үйірме мүшелеріін іріктеу
- Үйірме жұмысының жоспарын талқылау
- Үйірменің әрбір мүшесінің міндеттері және атқаратын жұмыстарымен таныстыру
- Үйірме мұшелерін ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жасалатын баяндамаға қойылатын талаптармен таныстыру
- Үйірме мүшелеріне тапсырмаларды бөлістіру
- Үйірме мүшелерімен омыртқа аурудың алдын алу жолдары туралы әңгімелесу, жадынамалар беру