№3 «ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ПӘНДЕР»

№3  «ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ

2006-2007 оқу жылында ашылған «Түркістан» көпсалалы медицина колледжінде №3 «Жалпы кәсіптік пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігі құрылды. ЦӘБ-тің құрамында Қалыпты анатомия, Қалыпты физиология, Патологиялық анатомия, Патологиялық физиология, Латын тілі, Фармакология пәндері бойынша білім берілген.

2017-2018  оқу жылында Патологиялық анатомия және Патологиялық физиология пәндері қосылып Жалпы патология пәні болып өзгертілді.

2018-2019 оқу жылында «Қолданбалы бакалавр» мамандығының ашылуына байланысты Анатомия физиология және патология пәнімен және Анатомия физиология пәндерімен толықты.

2019-2020 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестік атауы Кафедра болып өзгертіліп, «Жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы атанды.

   Кафедра құрылымы, меңгерушісі: 2006-2016 оқу жылы аралығында  кафедраның меңгерушісі  Қалыпты анатомия  пәнінің оқытушысы Құрбанбаева А.

2016-2017 оқу жылынан бастап  кафедра меңгерушісі Дүйсенбаева М.С.

Қазіргі кафедра меңгерушісі Тулебаева Ж.К.

Тулебаева Жанат Курманалиевна

Кафедра меңгерушісі

Адрес: №1 ғимарат, Сампо  каб.

Телефон: +7 778 433 91 17

 

 

 

Дүйсенбаева Мөлдір Сейілбековна

Оқытушы

Адрес: №1 ғимарат, Анатомия  каб.

Телефон: 8 771 882 0751

 

 

 

 

 

Байбосынов Ерғазы Беркімтайұлы

Оқытушы

Адрес:  №1 ғимарат, Латын тілі  каб.

Телефон: 8 771 251 28 74

 

 

Исахан Шахзод

оқытушы

Адрес:, «Санитас» емханасы №104 каб.

Телефон: +7 707 106 94 94

 

Кафедра жетістіктері

Ғылым: Осы уақытқа дейін кафедрадағы жетістіктеріміз өте көп. 2018 ж «Студенттердің ғылыми-ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыр» атты  колледж ішілік № 11ғылыми-тәжірибелік конференциясында 1 дәрежелі орын алған үшін  ЕК-301 оп студенті Орман Айгерім  жетекшісі: Байбосынов Е.

2019 ж «Гиппократ» Республикалық олимпиадасында 11 орын алған үшін Молданазар Лаура, 111 орын алғаны үшін Айтбай Жанерке Марапатталған. Жетекшісі Дүйсенбаева М.

2021 ж «Шипагер» медициналық колледжінің  5 жылдығына рай өткен Респутликалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін  Тулебаева Ж. марапатталған.

Ақпараттық графика: 2014 ж Теріскенбаева Б.Б, «Патологиялық физиологиядан» пәнінен оқу құралдарын жазған. Кафедра оқытушылары республикалық, облыстық жергілікті баспасөз беттерінде мақалалар жариялап тұрады.

Кафедра жұмыс жасайтын орталықтар,үйірмелер, клубтар:

  1. «Шипагер» үйірмесі.

 Тақырыты:«Құрманың емдік қасиеті» үйірмесі

  1. «Жас физиолог» үйірмесі.

Тақырыбы: «Түкістан облысындағы тұрғындардың лейкозбен аурушаңдық жиілігі.»

Үйірменің мақсаты:

  • Студенттердің мамандық бойынша базалық және кәсіптік құзіреттілігін арттыру;
  • Оқушылардың ғылыми тәжірибелік және шығармашылық қабілеттерін арттыру;
  • Клиникалық ойлау қабілетін арттыру;
  • Мамандық және пән бойынша білімін нығайту, ой-өрісін дамыту және қызығушылығын арттыру;

Жоспар бойынша атқарылуы тиіс шаралар легі:

  1. Үйірме мүшелеріін іріктеу
  2. Үйірме жұмысының жоспарын талқылау
  3. Үйірменің әрбір  мүшесінің міндеттері  және  атқаратын жұмыстарымен  таныстыру
  4. Үйірме мұшелерін ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жасалатын баяндамаға қойылатын талаптармен таныстыру
  5. Үйірме мүшелеріне тапсырмаларды бөлістіру

Үйірме мүшелерімен омыртқа аурудың алдын алу жолдары туралы әңгімелесу, жадынамалар беру