№1 «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ
2006-2007 оқу жылында ашылған «Түркістан» көпсалалы медицина колледжінде №2 «Тілдер» циклдік әдістемелік бірлестігі құрылды. ЦӘБ-тің құрамында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті және ағылшын тілі пәндері бойынша білім берілуде. ЦӘБ-тің құрамында екі педагог зерттуші, екі жоғары санатты, бір бірінші санатты,екі жаңадан келген оқытушылар және филология магистрі сабақ береді.
2016-2017 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестіктердің атауларының өзгеруіне байланысты, №2 «Тілдер» ЦӘБ-і «Тілдер және гуманитарлық пәндер» ЦӘБ-і болып өзгертілді.
2017-2018 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестіктердің атауларының өзгеруіне байланысты, № 1 және №2 ЦӘБ бірігіп «Әлеуметтік экономикалық және гуманитарлық пәндер» ЦӘБ-і болып өзгертірілді.
ЦӘБ төрағасы: 2017-2018 оқу жылынан бастап №1 және №2 ЦӘБ бірігіп төрағасы Султанмурадов Бабамурад Абдуваитович тағайындалды.
2019-2020 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестік атауы кафедра деп өзгертірілді.
|
Султанмурадов Бабамурад Абдуваитович.
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы.2004-2008 жылдары ХҚТУ-нің екі шет тілі,ағылшын және түрік тілі факультетін бітірген. Кафедраның құрамында 2009-2010 оқу жылынан бастап ағылшын тілі пәнінен сабақ беруде. Бірінші санатты оқытушы. «Емдеу ісі» бөлімі ЕК-102 тобының кураторы. Педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл. Султанмурадов Бабамурад Абдуваитович Адрес: №1-ғимарат, №116 оқу бөлмесі Телефон:+7 (705)-693-80-80 E-mail: babu1286@mail.ru |
Әділбаева Қаракөз Асхатқызы.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы. ХҚТУ-нің түлегі. Филология магистрі. Санаты жоғары,педагог зерттеуші. Педагогикалық еңбек өтілі 13 жыл. «Елеулі еңбегі үшін» «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері. Әділбаева Қаракөз Асхатқызы Адрес: №1 ғимарат, №№117 каб. Телефон: +7(701)-461-91-36 E-mail:karakoz.kz@mail.ru |
|
|
Рысбекова Айгүл Әбділлахқызы.
Қазақстан тарихы пәнінің жоғары санатты оқытушысы. 1999ж Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университетінің тарих факультетін бітірді. 2018-2020 жылдары Шымкент Университетінде екінші мамандық, орыс тілі және орыс әдебиеті факультетін бітірді. 2008-2009 оқу жылынан бастап колледждің оқу бөлімінің меңгерушісі, 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл, «Елеулі еңбегі үшін» «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері. Рысбекова Айгүл Әбділлахқызы Адрес: №1 ғимарат, №115 каб. Телефон: +7 (701) 821-85-76 Е-mail:Shabo.111@mail.ru |
|
Аймбетова Лаззат Музаффарқызы.
Тарих пәнінің оқытушысы. Санаты жоғары,педагог зерттеуші. 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетінің тарих факультетін бітіріп, тарих мамандығын алып шықты. 2008-2009 оқу жылынан бастап «Жалпы білім беру» бөлімінің меңгерушісі, 2014 жылдан бастап сапа менеджмент жүйесінің аудиторы, 2016 жылдан қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы. Педагогикалық еңбек өтілі -15 жыл. «Елеулі еңбегі үшін» «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері. Аймбетова Лаззат Музаффарқызы. Адрес: №1 ғимарат, №312 каб. Телефон: +7 (705) 887-02—71 Е-mail:lilu _8383@mail.ru |
Қалыбаев Бақыт Шәймерденұлы
Алғашқы әскери дайындық пәнінің жоғары санатты оқытушысы. 2002 -2008 ХҚТУ-нің түлегі. жылы алғашқы әскери дайындық пәнінің бакалаврын алып шықты. Педагогикалық еңбек өтілі 18 жыл, әскери қатарында қызмет еткен, білімі жоғары, жоғары санатты оқытушы. Қалыбаев Бақыт Шәймерденұлы Адрес: №1 ғимарат, №117 каб. Телефон: +7 (705) 898-00-81 Е-mail:bakit _1981@mail.ru |
|
|
Адилбаева Дина Асхатовна.
Тарих пәнінің оқытушысы. 2004-2008жж Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітіріп, тарих пәнінің оқытушысы мамандығын алып шықты. Педагогикалық еңбек өтілі 1 жыл. Адилбаева Дина Асхатовна Адрес: №1, №306 к Телефон: +7 (705) 898-00-81 Е-mail:erlan_8383@mail.ru |
Утегенова Асемкуль Аблаевна. 2000-2005жж Көкшетау мемлекеттік университетін оқып бітірді.Мамандығы педагог психолог.Өзін өзі тану пәнінен сабақ береді.
Утегенова Асемкуль Аблаевна Адрес: №1, №117 к Телефон: +7 (775) 959-99-04 Е-mail:erlan_8383@mail.ru |
Кафедра жетістіктері:
2020-2021 оқу жылында Кафедра оқытушылары жемісті еңбектері үшін «Джи-Ай» холдингінің, колледж әкімшілігінің, қала әкімдігінің, облыстық білім беру, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының, қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның марапаттауларына ие болды.
Білім: Филология магистрі және педагог зерттеуші Әділбаева Қаракөз Асхатқызы, педагог зерттеуші Айымбетова Лаззат, жоғары санатты оқытушылар Рысбекова Айгул орыс тілі және орыс әдебиеті пәні оқытушысы, Қалыбаев Бақыт АӘД және дене шынықтыру пәні оқытушысы, бірінші санатты оқытушылар Султанмурадов Бабамурад ағылшын тілі пәні оқытушысы, Жаңадан келген оқытушылар Адилбаева Дина тарих пәні оқытушысы, Утегенова Асем өзін өзі тану пәні оқытушысы.
Өткізілген ашық сабақтар:
— Әділбаева Қ.А. — Қазақ тілі пәнінен «Үстеу және оның мағыналық түрлері», «Бұйрық рай», «Етістік» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
— Султанмурадов Б — Сабақтан тыс қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен бөлімдер арасында зияткерлік «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Поле чудес», «Can you speak English?» , «The leader of the XXI century» сайыстарын өткізді.
— Рысбекова А. Қазақстан тарихы пәнінен «Сырым Датұлы бастаған көтеріліс», «Қазақстандағы көші-қон саясаты» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
— Айымбетова Л. « Қазақстан Алтын Орда құрамында», «Дүниежүзілік көлік географиясы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
— Адилбаева Д. «Қазақ хандығы-Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Кафедра-тің оқытушыларының ұйымдастыруымен жыл сайын Қазақстан халықтарының тілдері күні салтанатты түрде аталып өтіледі. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен 2019-2020 оқу жылында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерей тойына арналған қала колледждерінің арасында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында қалалық сайыс өткізілді. Қазақ поэзиясының падишасы Ф.Оңғарсынова мен қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың шығармашылықтарына арналған әдеби кештер өткізіліп тұрады. Студент жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Менің Қазақстаным»,«Менің Президентім» тақырыптарында шығарма сайыстары ұйымдастырылды.
Ғылым: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Жаңашыл педагог 2021» атты шығармашылық байқауына «Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» номинациясы бойынша қатысып,үздік нәтиже көрсеткені үшін ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Султанмурадов Бабамурад Абдуваитович марапатталды.
2021 жылы Жаңаша білім беру мазмунында инновациялық технологияларды пайдалану арқылы «Білім әлемі»баспа бетіне Қалыбаев Бақыт Шаймерденович өзінің мақаласын шығарды.
2021 жылы Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және «Шипагер» медициналық колледжінің 5 жылдығына арналған «Медицина.Қоғам.Білім:өзекті мәселелер және заманауи аспектілер» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцисына «Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдістерді қолданудың ерекшеліктері» тақырыбымен Султанмурадов Бабамурад Абдуваитович қатысты.Сонымен қатар журналына мақаласын жариялады.
2021жылы 16 тамызда №225 бұйрығына сәйкес тарих пән оқытушысы Айымбетова Лаззат,қазақ тілі пәні оқытушысы Әділбаева Қаракөз біліктілік санатын педагог зерттеушіге асырды.
Жыл сайын колледжде студенттердің білім деңгейін асыру мақсатында қазақ тілі,ағылшын тілі,тарих,АӘД пәндерінен үйірме жұмыстары алып барылады.Соның ішінде колледжде жалпы өткізілетін ғылыми конференцияға үйірме қатысушыларын дайындайды.
Үйірме жұмыстары:
- Қазақ тілі пәні оқытушысы Әділбаева Қаракөз үйірме атауы «Зерде»
- Ағылшын тілі пәні оқытушысы Султанмурадов Бабамурад үйірме атауы «Young translators»
- Тарих пәні оқытушысы Адилбаева Дина үйірме атауы «Ұлы дала кемеңгерлері»
- АӘД пәні оқытушысы Қалыбаев Бақыт үйірме атауы «Жас сарбаз»\
Әдістеме:
2021-2022 оқу жылында колледждің ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген семинарда «Оқытудың инновациялық интерактивті әдістері» технологиясы бойынша оқытушы Султанмурадов Бабамурад баяндама оқып, колледж оқытушыларына тәжірибе таратты.
Ақпараттық графика:.Султанмурадов Б ағылшын тілі пәнінен тесттер жинағын шығарды. Әділбаева Қ «Түркістан» газетіне «Рухани жаңғырудың ізімен» деген тақырыпта мақала шығарды. Кафедра оқытушылары республикалық, облыстық жергілікті баспасөз беттерінде мақалалар жариялап тұрады