ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Колледждегі үйірме жұмыстары

Колледжде студенттердің шығармашылық қабілеттерін және ғылымға деген құштарлығын арттыру мақсатында  13 үйірме жұмыс жасайды.

1.  «Ұлы дала кемеңгерлері»

2.  «Генезис»

3. Шипагер»

4. «Мейірім»

5. «Жедел жәрдем»

6. «Жан дауа»

7. «Шипалы қолдар»

8.   «Жас физиолог»

9. «Гиппократ»

10. «Аялы алақан»

11. «Мейірімді жүректер»

12. «Скальпель»

13. «Бөбек»

Үйірмеге  қолданбалы бакалавр  студенттері арасында Түркістан қаласы, сонымен қатар басқа да региондарда білім алып жатқан студенттерде қамтылған.  Үйірме жетекшілері мен мүшелері қатысып, өзекті мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және ең үздіктері жүлделі орындармен марапатталады.

Үйірмелер білім алушылардың қызығушылықтарына   қарай топтастырылған. Үйірме жұмыстарына қатысу студентердің ғылыми іздену жұмыстарына жол ашып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды, білімдерін тереңдетіп, жан-жақты дамуға септігін тигізеді. Мысалы:

«Ұлы дала кемеңгерлері»  үйірмесіне тарихқа, тарихи тұлғалардың  өнегелі өмірі мен шығармашылығына қызығатындар, оны тереңірек оқып, үйренгісі келетіндер қатысады.

«Генезис» үйірмесіне жаратылыстану ғылымдарына қызығушылығы бар студенттер қатысады. Колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияда студент Ерман Қаракөз, жетекшісі: Шерімбетова Ақбаян «Тері ауруланына ем болатын сабын» істеп шығарып жүлделі орын алды және сол жұмыспен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

«Шипагер» үйірмесі қалалық емханамен бірге  «Диабеттер мектебі» жұмыс жасайды. Үйірме мүшелері мен оқытушылар бірігіп қант диабетімен ауыратын науқастарды есепке алып, оларға профилактикалық жұмыстар жүргізіп, медициналық көмек көрсетеді т.б.

«Мейірім» үйірмесінің мүшелері диспансерлік тіркеуде тұратын науқастарға мейірбикелік көмек көрсетеді, олармен бірге реабилитациялық (қайта сауықтыру) іс-шараларын өткізеді, қан қысымдарын өлшейді, қандағы қант мөлшерін анықтайды, дәрі-дәрмектерін әкеліп береді және жалғызбасты науқастарға үй  шаруашылығы бойынша көмек көрсетеді.

Колледж ашылғалы білім берумен қатар, студенттерге туған өлкесінің тарихын, ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеп, өз жерін сүюге бағытталған этнопедагогикалық тәрбие беру мақсатында туған өлке тарихын Отан тарихының бір бөлігі ретінде оқытамыз. Тарихи бағытта жұмыс атқаратындықтан үйірме «Ұлы дала кемеңгері» деп аталып, жетекшілікті тарих пәнінің оқытушылары атқарады.

Үйірме мүшелері жыл сайын жаңа түскен студенттермен толығып отырады.