«Джи-Ай» білім беру-сауықтыру Холдингіне қарасты «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығы Түркістан қаласының темір жол маңындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету және «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледждің өзінің клиникалық базасы ретінде ашылған.
Қазіргі таңда «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығы терапия, кардиология, неврология, хирургия және ЛОР бөлімшелері негізінде диагностикалық және стационарлық қызмет көрсетеді.
Колледждің өзінің клиникасы «Санитас» емдеу сауықтыру орталығының болуы колледж оқытушыларының кәсіптік тәжірибесінің артуына, ал білім алушылардың кез келген уақытта тәжірибелік манипуляцияларды толық орындай алуына мүмкіндік беруде.
Клиникада колледждің оқытушы-профессорлары дәрігерлік және мейірбикелік қызметте. Ал,«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің үздік дипломмен бітірген және дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алғанстуденттері мейірбике қызметіне қабылданады.
Сонымен қатар,«Санитас» ЕСО-ында кіші медбикелік жұмыстарды 3-4-ші курс студенттері де атқарып жалақы алып тұруына мүмкіншілік қарастырылған. Жұмысқа студенттерді тарту 3-ші курстан бастап, олардың икемділіктеріне қарай іріктеліп отырады. Бұл саясат, қалған студенттердің де тәжірибелік дағдыларын үйренуіне талпыныс беріп отыр.
Медициналық оқу орындарында студенттердің теориялық білім алуы мен қатар, науқаспен жұмыс істеу барысында тәжірибелік дағдыларды игерулерінде ментордың ролі ерекше орын алады. Ментор – бұл бүгінгі таңда өте қажетті маман деп ойластыра келе, студенттердің мануальді манипуляциялар бойынша көмек көрсетудегі тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында Түркістан» көпсалалы медицина колледжінде 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап арнайы «Мейіргер — ментор» қызметі енгізіліп, «Мейіргер – ментор» маманы жайлы Ереже бекітілді. Ережеге сәйкес «Мейіргер ісі» мамандығында оқитын студенттер арнайы «Санитас» клиникасындағы мейірбикелердің менторлық қызметіне жүгінеді.
Мейіргер-ментор студенттерге білім беру және оны тәжірибелік игеру сатысында оқытушы мен студенттің арасында дәнекерлеуші ретінде қызмет атқарады. Ол, студенттердің тәжірибелік дағдыларды меңгеру кезеңінде оларға жеке-жеке дұрыс орындауға көмек көрсете отырып, мануальді дағдыларды виртуальді және клиникалық жағдайда дұрыс орындалуының ағымдағы бақылауын, орындау барысында қәтеліктерін дер кезінде жөндеп, дұрыс орындауды үйретуді жүргізеді.
Оқытушыға жүктелген тапсырма мейіргер-менторға да жүктеледі. Мейіргер-менторға бекітілетін студенттер саны негізгі академиялық топты кіші топтарға бөлу нәтижесінде 2-3 үйренушіден аспайды. Кіші топтарға бөлу мейірбике-баулушының көмегімен студенттердің тәжірибелік дағдыларды уақытында және дұрыс меңгерілуін бақылаумен мамандарды даярлаудың кәсіби сапасын арттырады.
Менторлық жұмыстың тағы бір ұтымды жағы, топтың ішінен бөлінген 2-3 студент 2 курстан бастап 4 курсқа дейін бір ментордың қолынан үйреніп шығады, яғни сабақ барысында да, сабақтан тыс уақытта да өзінің менторына барып үйренеді.