КЛИНИКАЛЫҚ БАЗА

Колледждің клиникалық базалары


klinika24

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» бөлімінің студенттері клиникалық және диплом алды тәжірибеге Түркістан қаласындағы ауруханаға, емханаға барады, ал аудандардан ашылған студенттер сол ауданның ауруханаларына, емханаларына жіберіледі. Әр бір медицина мекемесінен алдын ала оқытылып сертификат алған ментор-мейіргерлерге жіберіледі. 3-4 студентке 1 ментор-мейіргер тағайындалған.

0302000/09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы, 0302054/ 5АВ091130101–«Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің  (1ж 6ай)  жеделдетілген БББ және  жалпы орта білім беру базасында БББ (3ж 6ай) бойынша өтілетін клиникалық және кәсіптік тәжірибелер төменде көрсетілген бұйрықтарға негізделіп жүргізіледі:

  • ҚР БҒМ 2016 жылғы 29 қаңтардағы N 107 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және кәсіпорындарды (ұйымдарды) практика базасы ретінде айқындау қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы/№ 521 2018 ж;
  • Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 628 бұйрығы.
  • «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БжҒМ 2021 жылғы 27 тамыздағы №432 бұйрығы;

Клиникалық базаларда оқытуды тиімді іске асыру үшін 2014 жылдан бастап колледжде менторлық институты енгізілді, мейіргер — ментор туралы Ереже әзірленді онда тараптардың жауапкершілігі, менторлардың еңбегіне ақы төлеу шарттары, сондай-ақ олардың еңбегін ынталандыру тәртібі ескертілді. Клиникаға дейінгі тәжірибелік сабақтар колледждің  Виртуалды клиникасында симуляциялық оқыту технолгиясын қолдану арқылы мейіргер-менторлардың басшылығында жүргізіледі. Мейіргер – ментор студенттерге білім беру және оны тәжрибелік игеру  сатысында  оқытушы мен студенттің арасында үйлестіруші ретінде  қызмет атқарады. Мейіргер-ментор алдымен брифинг залда колледж оқытушылары дайындаған әр тәжірибелік дағдының алгоритм бойынша орындалуын интерактивті тақтада көрсетіп болғаннан соң орындап көрсетеді,  ары қарай студенттердің тәжірибелік дағдыларды меңгеру кезеңінде оларға жеке-жеке көмек көрсете отырып, мануальді дағдыларды виртуальді жағдайда дұрыс қолдануының ағымдағы бақылауын жүргізеді.  Студенттердің тәжрибелік дағдыландыру курсына тікелей қатысып, оның дер кезінде өтілуіне бақылау жасайды, яғни  оқытушыға жүктелген тапсырма мейіргер-менторға да жүктеледі. Студенттердің виртуалды жағдайда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету  жұмыстарын ұйымдастыра отырып академиялық топтарға басшылық жасайды.  Студенттердің тәжірибенің өту барысы, ментордың тәжірибені өту деңгейі мен тәжірибе өтуі туралы  кері байланысы жасалынады.

Келесі кезеңде студенттер клиникалық базада мейіргер-менторлармен тікелей ментор – студент – пациент және тьютор жүйесі бойынша тәжірибелік дағдыларды үйренеді.

Ол үшін бүгінгі кунге дейін клиникалық базаларда: Түркістан қаласы, Жаңақорған ауданы, Сарыағаш ауданы, Кентау қаласы, Шардара ауданы, Ордабасы ауданы, Шубарсу елді мекені және т.б. 200 ден астам мейіргер-менторлар «Клиникалық базаларда мейіргер-менторларды дайындау» курсы бойынша (108 сағат)  цикл бойынша оқытылды.

Тәлімгерлік жобасын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелері мейірбике-менторлардың тәлімгерлікті іске асыруға қызығушылығын және олардың еңбек жағдайларына, тәлімгерлердің жүктемесіне және еңбегіне ақы төлеуге қанағаттанушылығын көрсетті.

Тәжірибе  біткеннен соң «студент-ментор-мейіргер және тьютор» өтілген тәжірибені бағалауды сұхбаттасу әдісімен жүргізеді. Тәжірибе өтілетін медициналық мекеме басшыларына қызмет хат жолданып, оның ішінде циклдің/тәжірибенің атауы, өтілетін уақыт аралығы, колледжден бекітілген тьютордың аты жөны жазылады. Сонымен қатар, барлық цикл бойынша клиникалық базалардағы менторларға және тәжірибеден өтетін студенттерге медициналық мекеме басшысымен келісілген және колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары мен бекітілген жұмыс бағдарламасы беріледі, оның ішінде клиникалық тәжірибенің өтілетін тақырыптары, сағат саны, бағалау критериилері көрсетілген.

Тәжірибе өту үшін жан-жақты жағдай жасалынған: мамандарды даярлауға арналған бағдарламалар дайындалып, клиникалық тәжірибенің базасы саналатын мекемелермен ұзақ мерзімді келісім шарттар жасалынған.

Студенттерді қажетті клиникалық базалармен қамтамасыз ету өте маңызды. Колледждің білім беру бағдарламалары бойынша, клиникалық тәжірибені қоса алғанда, мамандарды клиникалық даярлау «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығының және «Жан Дауа» остеопатиялық медицина клиникалық орталығының меншікті клиникаларында іске асырылады, сондай-ақ келесі тізімде көрсетілген клиникалық базаларда тәжірибені өту бекітілген:

— Түркістан  қалалық орталық аурухана

— Туркістан қаласы, «Талғат-К» клиникасы

— Түркістан қалалық балалар ауруханасы

— №3 Облыстық перинаталдық орталық» МКҚК

— Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы

— Отырар аудандық орталық ауруханасы

— Кентау қалалық  орталық ауруханасы

— ХҚТУ -клиникасы

— Түркістан қалалық емханасы

— Түркістан қалалық жедел жәрдем станциясы

— Қызылорда облысы №3 қалалық емханасы

— Жалағаш аудандық орталық ауруханасы

— Ордабасы аудандық орталық ауруханасы

— Шардара аудандық орталық ауруханасы

— Шиелі аудандық ауруханасы

— Сарыағаш қалалық ауруханасы

— Арыс тораптық ауруханасы

— Арыс қалалық емханасы

— Мақтарал аудандық ауруханасы

Тәжірибелік бағдарламаны құрастыруда корпоративтік әріптестер мен жұмыс берушілермен келісіліп, колледж директорымен бекітіледі. Жұмыс берушілердің ұсыныстары мамандықтарға жасалынған оқу-әдістемелік құжаттарды (ЖОЖ, ЖОБ, силлабустар және т.б.) өңдеуде ескеріледі.

Клиникалық, кәсіптік тәжірибелерін ұйымдастыру жұмысы оқу процесінің кестесіне сәйкестендіріп жасалынған.

Колледждің БББ клиникалық практиканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді:

— барлық силлабустар мен оқу материалдары өзектендіріліп, ұлттық

стратегиялық бағдарларға сәйкестігін бағалау рәсімінен өтті;

—  мейіргерлік білім берудегі 1 менторға студенттердің қатынасы 3:1-ге тең;