«ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР» МЕКТЕБІ

КОЛЛЕДЖДІҢ  «ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР»  МЕКТЕБІ 

 Колледждің «Жас оқытушылар» мектебінің сабақтарын бекітілген жоспар негізінде колледждің тәжірибелі оқытушылары төмендегі тақырыптар бойынша жүргізеді: соның ішінде теориялық сабақтарда, оқытушының кәсіптік мәдениеті, студенттермен сенім мен сыйластыққа құрылған қарым-қатынас орнату, өз пәніне қызықтыра білу,  оқытудың әдіс — тәсілдері, оқыту технологиялары, техникалық құралдар мен көрнекіліктерді тиімді пайдалану, оқу процесіне қажетті құжаттарды толтыру ерекшеліктері, жұмыс бағдарламаларын, дербес жұмыс жоспарын, силлабус, сабақ жоспары әдістемелік өңдеулер мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу, оларға қойылатын талаптар, тәрбие жұмыстарын жүргізу, сабақ өтудің түрлері,  қосымша сабақ өту, ОБСӨЖ, СӨЖ, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру туралы т.б. оқытушыға қажетті мәліметтер беріледі. Тәжірибелік сабақтар ашық есік апталықтарында өтетін ашық сабақтарға, тәжірибе алмасу мақсатында тәжірибелі оқытушылардың сабақтарына,  ашық тәрбие сағаттарына қатысып, көріп, үйрену арқылы жүргізіледі. Әр кафедра меңгерушілері өздеріне жаңадан келген жас оқытушыларды шәкірттікке алып, жұмыс барысында үйретіп, көмек көрсететін тәжірибелі оқытушыға бекітеді. Жас оқытушылар әдістемелік бөлмеде жинақталған оқыту технологиялары, оқытудың әдіс — тәсілдері, әдістемелік нұсқау үлгілері  т.б. мәліметтерді алып оқып — үйреніп, пайдаланады. Оқу — әдістемелік орталық ұйымдастыратын педагогикалық — әдістемелік семинарларға қатысып тәжірибе жинақтайды.

ЖОСПАРACP PDF 2 file document