«Жан дауа» остеопатиялық медицина орталығы Түркістан қаласында 2011 жылы «Түркістан» көпсалалы медицина колледждің негізгі базасы ретінде ашылып, қолданысқа берілді. Аймақтағы шығыс медицинасын жандандыруға арналған тұңғыш ашылған орталық колледждің білім беру процесі мен тәжірибесі үшін құрылған клиникалық база болды. Бұл орталық сүйек-буын, омыртқа ауруларын емдеу, реабилитациялық және қайта қалпына келтіру қызметі бойынша жұмыс атқарады.Бұл орталықтың қызметін білікті дәрігерлер мен медбикелер жүргізеді.
«Жан Дауа» Орталығына колледжді дуалды оқыту жүйесі бойынша бітірген, сонымен қатар массаж т.б. манипуляцияларды жақсы орындай алатын студенттер жұмысқа тартылып, колледж түлектерінің жұмыспен қамту мәселесі де шешіліп отырады.
Орталықта сүйек-буын, омыртқа жотасы және т.б ауруларды емдеу үшін барлық жағдай жасалып, қажетті аппараттармен жабдықталған. Басқа аудандардан келген науқастарға жатып ем қабылдау жағдайы қарастырылған, яғни күндізгі және тәуліктік ем қабылдау палаталары бар.Қазіргі таңда орталықта тек қала тұрғындары емес, басқада аудандардан келген пациенттерге колледж түлектері қызмет көрсетіп алғысқа бөленуде.Биылғы 2016-2017 оқу жылында «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығы шығыс медицинасының түрлі тәсілдерінің бірі – Хауызбен (бассейн) емдеуді бастады. Мұнда омыртқа жотасы және шеткі буындар ауруларын емдеу, су асты гидромассажы және су асты қаңқаны созу, суда емдік дене шынықтыру реабилитологиялық іс-шаралары жүргізіледі.
Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі көп алаңдатқандықтан, республикада алғашқы болып, Шығыс медицинасының тәсілдері, мануальды терапия, физиотерапия, емдік массаж,2014-2015 оқу жылынан медициналық реабилитологиядағы массаж пәндері бойынша дәріс пен тәжірибе сабақтары жүргізіліп, мемлекеттік үлгідегі дипломмен бірге көпсалалы мамандық иесі ретінде куәлік беріле бастады.
Сондай-ақ, шетел мамандарымен клиникалық пән бойынша оқытушы-дәрігерлерінің біліктіліктерін арттыру және емдеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізу мақсатында ынтымақтастық құрып, Шығыс медицинасының тәсілдері негізінде «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығында Қытай республикасының білікті маманы Пана Ай Го бүкіл Түркістан аймағының науқастанған тұрғындарына инемен емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуде. Аймақ тұрғындарының пікірінше емдеу-сауықтыру жұмыстары жақсы нәтиже көрсетуде. Халықаралық серіктестік пен интеграцияның дамуына «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығының ықпалы зор.