ВИРТУАЛДЫ КЛИНИКА

«ВИРТУАЛДЫ КЛИНИКА»

Оқу үдерісінде симуляциялық оқытуды пайдалану мақсатында 2014 жылы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Виртуалды клиникасы» іске қосылды. Онда  студенттер түрлі: терапиялық, хирургиялық, педиатриялық, перзентхана, реанимация және т.б жағдайларда тәжірибелік дағдыларды заманауи манекендерді қолдану арқылы және мейірбике-менторлардың көмегімен машықтанады.


klinika14

 

Виртуалды клиникада қабылдау бөлімі; Клизма жасау бөлмесі; Диагностикалық бөлме; Егу бөлмесі; ОСКЭ станциялары; Науқастарға күтім жасау бөлмесі; Күдізгі ем қабылдайтын палаталар; Демонстрация бөлмесі; Операция жасайтын блок; Таңу бөлмесі; Босану және әйелдерді қарау бөлмесі; Дені сау бала бөлмесі; Балаларға егу (прививка) жасау бөлмесі; Педиатриялық дағдыларды орындау бөлмесі; Терапиялық науқастарға күтім жасау палатасы; Жедел медициналық көмек көрсету бөлмесі; Киім ауыстыру бөлмелерімен арнайы жабдықталған.

Барлық бөлмелерде орындалатын манипуляциялар тізімі ілінген, манипуляцияларды орындауға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.


klinika15

 

Виртуальды клиникада оқыту тәжірибелік сабақтың барысында және сабақтан тыс уақытта манипуляцияның санына, әр манипуляцияға белгіленген уақытқа сай жүргізіледі. Мейірбике – менторлар көмегіменекі-үш студентке тәжірибелік үйрету жұмыстары жүргізіледі. Менторлардың жұмыс сапасын бақылау үшін әр менторға жеке журнал арналған.

Орталықта студенттердің  іскерлігі мен дағдылары алдынғы қатарлы технологиямен ОСКЭ/ОҚКЕ түрінде бағаланады.


klinika16

 

Виртуалды курстан өткен оқушылар колледждің өзінің «Санитас»және«Жан Дауа» клиникаларында науқастармен жұмыс істеу дағдыларын игерудіжалғастырады.