КОЛЛЕДЖ ЖЫЛНАМАСЫ

Мамыр

2021

  Жемқорлық – қоғам аздырушысы

Ұлт жанашыры А.Байтұрсынұлы «телміріп тапқан теңгеден, тер төгіп тапқан тиын жұғымды» деп, қоғам дерті болған сыбайлас жемқорлық жайын ойлап, бізден бір ғасыр бұрын болжау жасапты. Бүгінде білім, ғылым, интеграцияның даму кезінде жолы кесілмеген «сыбайлас жемқорлық» қоғам дертіне айналды. Кез-келген істің басы мен аяғы болатыны сияқты, бұған да тоқтам жасау жолын қарастырып, әйгілі данышпандарымыз одан құтылу жолын ұсынады.

Оқу ордамызда «Жемқорлық – қоғам аздырушысы» тақырыбында колледж студенттері арасында онлайн  сұхбат өтті.  Қоғамда сыбайлас жемқорлықсыз болашақ қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлық неге қауіпті екенін түсінуге тырысқан студенттер өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, сұхбат барысында пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырды. Әйгілі әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатында» – ғалым қала басшыларын «қайырымды және надан» деп екіге бөледі. Ол кезде қала мемлекет болған. Оның тұрғындары қай кезде бақытты болады? Ғалымның пікірінше, бұл шаһардың әкімдеріне байланысты. Егер әкім білімді, әділ, ойы таза болса, барлық қала тұрғыны бақытты болады. Ал қаланың әкімі надан болса, өтірік айтса, шаһардың адамдары бақытсыз болады. Әл-Фараби шын бақытқа жету үшін адам үнемі іздену керектігін айтып, адамның мінез-құлқы да жақсы болуы керектігін ескертеді. Колледж оқытушыларымен бірлікте ұйымдастырылған маңызы сұхбат соңында  «Адамзаттың бәрің сүй – бауырым деп» жырлаған Абай ақын, ұлтқа, дінге, нәсілге, әлеуметтік жікке, жынысқа бөлмей баршаға махаббат сезімде болуды үндейді. «Мынау бізге жат», «мынау бізге теріс», «мынау мүлде болмайды», «мынау өзге діннен», «мынау өзге ұлттан»,- деп, адам мен қоғам түрлі шектеу, тыйым, наразылық, жиіркеніш, жеккөрушілікті өршіткенде ешқашан келісім мен татулық болмайды. Адамзат қоғамы Абай сынды ұлылардың парасаты арқасында ұлық, биік. Ендеше, сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа қадамды бірге бастайық,-деген қорытынды оймен түйінделді.

Мамыр

2021

  «Үздік жас оминациясын жеңіп алды

«Түркістан қауіпсіз қала» бағдарламалық мақаласы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, жаңа идеясы бар, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу, жоғары әлеуметтік белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті, жастар аясында шығармашылық мұмкіндіктер мен мәдени алмасуларды жүзеге асыру мақсатында «Өркендеудің бүгіні мен ертеңі  қала жастары арасында өткен онлайн бейнероликтер байқауында колледжіміздің студенті Сатыбалды Бекарыс «Үздік жас оператор» номинациясын жеңіп алып, оқу ордамыздың мерейін асырды. Бекарыстың шығармашылығына сәттіліктер мен табыстар тілейміз!

Мамыр

2021

  «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы бойынша сауалнама толтырды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобасы негізінде «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы сауалнамаға қатысты.

Мамыр

2021

  Оқу ордамызда жыр алыбы Ж. Жабаев есімі ұлықталды

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі ұлықталып, студенттермен тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер Жамбыл Жабаевтың жырларын оқып, ақын өміріне қатысты деректермен бөлісті. Ақынның туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара туралы колледжіміздің басшысы Қ.Рысбеков, оқу ісі бойынша директор орынбасары Е.Баратова, тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева студенттерге сәттілік тілеп, ұлттық жыр-поэзиямыздың жандануына қосқан үлесі үшін Жамбыл есімі оқу ордамызда ұлықтала беретінін жеткізді.

 

Мамыр

2021

  Халықаралық отбасы күні

Құрметті «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы және студенттер!

БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1993 жылдан бастап 15 мамыр – халықаралық отбасы күні болып белгіленді және бұл күн жыл сайын атап өтіледі. Бұл күнді белгілеу – отбасындағы көптеген проблемаларға елдегі қоғамның назарын аудара түсу мақсатын көздейді. БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша, бір отбасындағы негізгі құқықтарға көз жұма қарау, ондай проблемаларды елемей, құқықты белден басу – тұтастай адамзаттық отбасына да қауіп төндіре түседі. Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажет, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.Отбасының аман-саулығы — әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Халықаралық отбасы күні баршамызға құтты болсын!

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры, м.ғ.к. Қ.Рысбеков

Мамыр

2021

  Дүниежүзілік мейірбикелер күні

Халықаралық медбикелер күніне 150 жылдан астам уақыт толса да, оны атап өту шарасы алғаш рет 1953 жылы басталған-ды. Бірақ, 1965 жылдың қаңтар айында ғана бұл күн ресми түрде тіркеліп, дүниежүзілік мәртебеге ие болды. Бұл күні әлемнің 141 мемлекетінің медбикелері бас қосып, Халықаралық медбикелер кеңесінің (International Council of  Nurses) негізін қалаған болатын. Медбикелер кеңесі 1974 жылы Халықаралық медбикелер күнін мамырдың 12-сінде, яғни қайырымдылық қызметтің қазығын қаққан Флоренс Найтингейл туған күніатап өту керек деген шешімге келді. Мәне, содан бері бұл күні дүниежүзі бойынша Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Осыған орай оқу ордамыз Дүниежүзілік мейірбикелер күнін онлайн түрде атап өтті. Төл мерекеге қатысқан білімгерлер мен колледж ұжымы бұл күннің тарихы мен маңызы жайында сөз қозғап, мерекелік ақ тілектерін мен лебіздерін білдірді. Колледж ұжымы тарапынан оқу орда басшысы Қ.Рысбеков «Өмірге сән беріп, тіршіліккке нәр беріп, қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық. Өйткені, тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Әсіресе бүгінгі күні әлемде орын алған пандемия кезінде медбике мен мейіргерлердің еңбегін атап өтпеске болмас!

Денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтаймыз.

Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай етіп етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!»-деген тілегін жолдады.

Мамыр

2021

  Қадірлі «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы, студенттер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.

Қымбатты әріптестер, студенттер!

Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін. Сіздерге және отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктер тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол болсын!

Құрметпен: «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры Қ.Рысбеков

Мамыр

2021

  Отан қорғаушылар күні

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы салтанатты түрде Отан қорғаушылар күнін атап өтті. Салтанатты жиында оқу ордамыздың азаматтарын құттықтау үшін колледждің оқу ісі бойынша директор орынбасары Е.Баратова бұл күннің тарихи маңызына тоқталып өтті: «1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ ССР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында ҚР Президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Президенттен басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі қызметіне генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды». Сондай-ақ, колледж ұжымы білім беру саласында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан ер-азаматтарымызды айтулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Мамыр

2021

  «Izgilikti qogam»

Оқу ордамыздың білімгерлері Түркістан жастар рестурстық орталығында ұйымдастырылған «Izgilikti qogam» атты облыстық семинарға қатысып қайтты. Семинардың мақсаты: жастар арасында келеңсіз жағдайлар мен қалыпты емес психологиялық дағдарыстың алдын алу. Шара барысында адам эмоциясын қалай басқару және келеңсіз жағдайға тап болғанда қалай шығу керектігі жайында сөз қозғалды. Эмоция мен денсаулыққа қатысты тұрақсыздықтың алдын алу жолдары көрсетілді. Семинар барысында тәжірибелі психолог маман Марал Умирзакова студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Маманның айтуынша «Қазiргi қоғамның демократиялық қайта құрылуы жағдайында ойдан кейбiр құндылықтарды шығару мен асыра бағалаудың қажетi жоқ. Әлеуметтiк дамуды адамнан тыс қарау, оны iзгiлiктiң түп қазығынан айыру деген сөз. Дүниеге көзқарастың тек осындай мағынасында ғана, iзгiлiк қазiргi қоғам дамуының ғаламдық беталысын көрсетедi. Ал жалпыадамзаттық құндылықтар: шығармашылық, дербестiк, өзiндiк ерекшелiк, өзгенiң көзқарасын құрметтеу және т.б. рухани құндылықтар мағынасына ие болады. Қазiргi заманның өзектi мәселелерiнiң бiрi адамның үйлесiмдi дамуы, оның iзгiлiкке бағыты, психологиялық жай-күйiнiң қорғалуы. Бұл мәселелердiң шешiмiн табуы бiлiм беру деңгейiмен де байланысты». Семинарға қатысқан студенттер түрлі сұрақтар қойып, соңы сұхбатқа ұласты.

Мамыр

2021

  Студенттеріміз жүлделі орын алды

Жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиетттегі өмірлік философиялық қағидаларын бейнелейтін жас қаламгерлерді анықтау және көтермелеу, әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу мақсатында Ж. Жабаевтың 175 жылдығына орай Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жамбыл бүгін толғаса» қалалық онлайн көркем шығарма байқауына қатысып, Ек-301 тобының студенті Тас Арайлым жүлделі 1-орын, ҚББ-201тобының студенті Айтпай Жанерке арнайы дипломға ие болып, оқу ордамыздың абыройын асқақтатты. Жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылықтарына сәттілік тілейміз!

Мамыр

2021

  «Менің тілім – қазақ  тілі» атты дебат турнирі өтті

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Ұшқыр ой» дебат клубы Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің тілім – қазақ  тілі» атты дебат турнирін ұйымдастырды. Қазақ тілінің болашағына алаңдаған студент жастар мемлекеттік тілді дамытудың жолдарын ұсынды. Студенттердің «Туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің “Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік” – деп,  ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін    аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қаділеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей. Қазақстан — әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек»-деген сөзі дебаттың түйінді ойы болды.

Мамыр

2021

  «Менің Қазақстаным – менің елім»

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Студенттік Үкімет ұйымының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным – менің елім» тақырыбында карантин талаптарын сақтай отырып, концерттік бағдарлама өткізді. Бағдарлама барысында колледж директоры Қ.Рысбеков өтіп жатқан кештің маңызын түсіндіріп, «Қазақстан – Еуразия суперконтинентіндей этнодемократияның айнасы. Мұнда демографиялық көзқарастың барлығы дерлік шоғырланған. Этносаралық түсіністіктің қазақстандық моделі түптің түбінде бүкіләлемдік үлгіге алынуы да мүмкін. Бұл жайлы әсіре сыпайылық сақтамай-ақ, мақтанышпен айтып өз еліңнің болмысымен, ертеңімен ғана емес бүгінгімен марқаюыңа болады»-деп, елдік мәселе жайында баяндап берді. Кештің құндылығын түсінген студент жастар карантин кезінде керемет кештің куәсі болғандарын айтып, ризашылықпен тарасты.

Мамыр

2021

  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған кездесу

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі. Осыған орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Б.Дүкенбайдың қатысуымен «Татулық-басты байлығымыз» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде татулық пен толеранттылық еліміздің басты байлығы екендігі, Қазақстанда мекен етіп жатқан ұлт пен ұлыстың мызғымас достығы елдігіміздің айғағы екендігі жайында сұхбат өрбіп, оқу ордамыздағы түрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттер Қазақстан халқына арнап өз ризашылықтары мен құрметтерін танытты.

Сәуір

2021

  «Семей полигонының жабылғанына 30 жыл»

Ел тәуелсіздік алған 1991 жылы Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты. Бұл айтулы оқиға жерімізге сансыз қайғы-қасірет әкелген ядролық жарылыстарды тоқтатып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасын бейбіт өмір сүйгіш ел ретінде әлемге әйгілі етті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында ерекше атап айтқан еді. Семей сынақ полигонының жабылуы еліміздегі азаматтық қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Бұлай деуге себеп, полигон жұмысының тоқтауына атсалысқан «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы азаматтық қоғам аясында құрылған ең алғашқы үкіметтік емес ұйым болатын. Қазір қозғалыстың 18 мың мүшесі бар. Ең алғаш Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен жұмыстарын бастаған қозғалысқа сенім білдіріп отырған Қазақстан халқы Семей полигонын өзінің тарихи Жарлығымен жапқан Елбасы екенін мақтан тұтады. Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген – Семей полигонының жабылғанына 30 жылға жуықтады. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай оқу ордамызда бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтар болсақ,        К. Оразбекова «Семей полигинының зардаптары» тақырыбында ашық тәрбие сағатын колледж көлемінде ұйымдастырса, 1курс студенттері арасында «Семей қасіреті-әлем қасіреті» тақырыбында эссе байқауы жарияланды.

Сәуір

2021

  «Серпін-2050» бағдарламасы түлектерімізге жол ашпақ

«Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  болмақ.  Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне  арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін-2050» деп аталады. Негізі бұл жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі — экономикалық. Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көшіп-қону басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға ушығып барады. Алдағы жылдарда индустриялы инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы айырықша байқалады. «Серпін-2050» жобасы арқылы сол өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп, жергілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу. Екінші маңызы -әлеуметтік проблемаларды шешу. Бағдарлама мақсаты – студенттерге білім берумен қатар, осы жерге тұрақтандыру, жұмысқа орналастыру. «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бітіруші 4-курс студенттерімен «Серпін-2050» бағдарламасы аясында үгіт-насихат тобы кездесу өткізді. Кездесуге СҚО Ақжар ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Баржанов Бауыржан, СҚО Облыс әкімі тарапынан құрылған ішкі көші-қон құрылтайының хатшысы Алтаев Серік, Жастар ресурстық орталығының басшысы Дүкенбай Бақытжан аталған бағдарламаның мақсатын түсіндіріп, болашақ жас мамандарды жұмыс жасауға шақырды.

Сәуір

2021

  «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл»

Оқу ордамызда Студенттік үкіметтің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында дебат турнирі өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуды қолға алған белсенді студенттер аталған тақырып бойынша пікір алмасып, драматизацияланған тәсілмен түрлі сипатта сұрақтарға жауап іздеді.

Сәуір

2021

  «Ғылым және технологиялар»

Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасын табуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Жастарға мықты тәуелсіз Қазақстанды құруға оның өз білімін, уақыты мен күшін жұмсауына қолайлы жағдай жасау қажет», — деген еді, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында. Осыған орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен «Ғылым және технологиялар» тақырыбында ZOOM платформасында конференция болып өтті. Конференция барысында оқу ордамыздың жас ғалымдары түрлі тақырыпта баяндама оқып, пікір алмасты. Конференция модераторы колледждің тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева ұжым атынан конференцияға қатысушыларға алғыс білдіріп, ғылыми ізденістеріне сәттілік тіледі

Сәуір

2021

  Студенттеріміз олимпиада жеңімпазы атанды

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен Оңтүстік аймақтық медициналық колледждер арасында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен онлайн режимінде студенттер олимпиадасы өтті. Білімгерлер сайысында оқу ордамыздың студенттері топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздар қатарында Бабаханова Севара жүлделі ІІ орынды иемденсе, Әмзе Аружан жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Сондай-ақ, олимпиадаға қатысқан М.Худайбергенова, Д.Закарияқызы, А.Ильяс үздіктер қатарынан көрініп, сертификаттарға ие болды. Жеңімпаздарымыздың пән оқытушысы К.Ә.Худайбергенова студенттерге сапалы білім беріп, жеңіс тұғырынан көрінуіне себепкер болғаны үшін оқу ордамыздың басшылығы тарапынан зор алғысқа бөленді.

Наурыз

2021

  Оқу ордамыз «Қолданбалы бакалавр» мамандарына диплом табыстады

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша тағы да түлектерін ұшырды. Жыл өткен сайын білімі мен білігін жетілдіруге ниет білдіріп, оқу ордамызда «қолданбалы бакалавр» дәрежесінде білім алушылар саны артып келеді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2020-2021 оқу жылында «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен 322 cтудент «Жаңа оқыту жүйесі» бойынша бітіріп шықты. Бұл туралы колледж директоры Қ.Рысбеков қолданбалы бакалавр бойынша қорытынды аттестатциялау үш деңгейде бағаланғанын атап айтты. Оның алғашқы кезеңі дипломдық жұмыстарын on-line қорғаса, екінші кезеңде прокторинг жүйесі бойынша тест тапсырды. Үшінші сынақ –  ОСКЭ тапсырып, бақ сынады. Бітірушілерге салтанатты түрде диплом табыстау үшін «GI» холдингінің президенті, м.ғ.д , профессор С.Шалхаров,  «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры, м.ғ.к. Қ.Рысбеков, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Баратова, Халықаралық жоба менеджері, Гаудеамус білім беру холдинг, Денсаулық сақтау мамандары ұлттық лигасының аймақтық қоғамдық ұйымының төрағасы  С.Катпенова, Қ.А.Ясауи атындағы ХКТУ клинико-диагностикалык орталығының бас мейіргері А.Таштеева, Колледжіміздің  оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.Рысбекова бітірушілерге арнайы ақ тілектерін айтып, дипломдарын табыстады.

Наурыз

2021

  Исламдағы бала тәрбиесі

Ұлы даланы мекендеген ұлттың болашағы – жастарымыздың қолында. Ал жастардың ойы мен мақсаты өз ұлтының қамы мен жаны үшін жұмыс жасап, жан — жағын иман нұрына бөлеп, көркем мінезбен, керемет біліммен алпауыттардың аранына жұтылып кетпеу жолында жұмыла іс қылуы қажет. Осыған орай Түркістан қаласындағы «Алпамыс» мешітінің наиб имамы Шілекеев Бекзаттың қатысуымен «Исламдағы бала тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында мешіт имамы студенттерге адамзат баласының тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықта өзін-өзі тәрбиелеумен өмір сүретінін жеткізді. Бұл дегеніміз адамзат баласы өмір-бойы тәрбиеге бағынып, сенімге үміт артып, жауапкершілікпен ұрпағын жалғап келе жатқаны жайында тұшымды әңгімелерді баяндап берді. Студенттердің имам әңгімесіне қатысты сұрақтары кездесудің маңызын арттырып, тақырыпты айқындай түсті.  Кездесу соңында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева кездесуге қатысушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта танымы терең, тағылымды кездесулердің жалғасатынын жеткізді.

Наурыз

2021

  Әз-Наурыз құтты болсын!

Түркі жұртына ортақ Наурыз мерекесі биыл да онлайн форматта тойланса да елдің ықылас – пейілі ортаймады. Көктеммен бірге өз берекесін ала келетін әз-Наурызды Түркістан жұртымен қатар «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы да атап өтті. Колледж басшылығы мен оқытушы-профессорлар, студенттер көңіл түкіпіріндегі ақ тілектерін онлайн жолдап, экран алдында қуанышқа бөленді. Әлемді жайлаған індеттен арылу жолындағы уақытша қиындықты еңсеріп, өткен күндердегідей Наурызды ел боп тойлайтынымызға сенім білдірген ұжымның тілегі оң болғай!

Наурыз

2021

  Мамандығым – мақтанышым

Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтағы бақытты өмірдің кепілдігі. Сондықтан, менің мамандығым – менің мақтанышым. Мейіргер ісі мамандығы адам өмірімен тікелей байланыста болғандықтан, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қанша сын айтылса да, халық ақ халаттылар қауымын ерекше құрмет тұтатыны ақиқат. Бүгінгі күннің мақсаты мейіргер мамандығына ерекше көңіл бөлу, оның мәртебесін арттыру. Әр саланың қиындығы мен қызығы бар десек, өмір мен өлім арасындағы қызметке бас тігу үшін үлкен жүрек керек, – дейді, оқу ордамыздың 4-курс студенті А.Абдықаппар. «Түркістан» қалалық газетінің наурыз айындағы санында «Мамандығым – мақтанышым» атты мақалада Арайлым, бүгінгі таңда елімізде болып жатқан індетпен күресте «мылтықсыз майдан» жауынгерлері – мейіргерлер екенін айтты. Мейіргер мамандығының жүгін сезіне отырып, өзімді осы салада көргім келеді және білімімді шыңдай түскім келеді. Мақсатым: мейіргер ісін және мейіргер ісінде кәсіби білімді, ғылыми зерттеулерді дамытудағы жаңа перспективалар, Отандық және халықаралық тәжірибені жинақтау. Осы мақсаттар жолында еңбек етіп келемін, деп, өзі білім алып отырған «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің бүгінгі жетістіктері мен білім беру жолындағы ерекше қасиеттерін мақтанышпен жеткізді.

Наурыз

2021

  Антына адал жан. Түлектеріміз ел игілігіне қызмет етуде

Кешегі шәкірт – бүгінде елге қызмет етіп, денсаулық саласында тыңбай еңбек етуде. Соның бірі – Еңлік Жалғасова. Оқу ордамыздан түлеп ұшқалы хирургия бөлімінде медбикелік қызмет атқарып, жан жарасын ғана емес тән жарасын емдеп-жазуда қажырлылық танытып жүр. Еңліктің айтуынша «…жұмыс қой, істеу керек. Ерік-жігерімді жинап, жарасын таңып, қызмет етем»-деп, өзінің мамандығы алдында берген антына адалдығын жеткізді.

Наурыз

2021

  Жастар тәрбиесі – болашақтың кемесі

Оқу ордамыз білім беру ісімен қатар қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді де жастар назарынан тыс етпейді. «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.Әділбаеваның ұйымдастыруымен жастар тәрбиесіна қатысты кездесу өтті. Кездесуге арнайы қатысқан Түркістан қаласы «Жастар ресурстық орталығының» КММ басшысы Б.Дүкенбай өз сөзінде: – Еліміз қолынан іс келетін, ойлы да биік рухты, жігерлі де жалынды жастарының көптігімен ерекшеленеді. Тәуелсіз Отанымызда елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет ететін жастардың шоғыры көбейіп, жаңа келбетті жас толқынның өсіп келе жатқанын көргенде, көкірегіңде мақтаныш сезімі оянады. Жастарға қарап, ел болашағының баянды, зор екеніне көзім анық жетеді. Толыққанды белсенді тұлға ретінде жастардың өзара үн қатысуы, олардың әлемді өзгертуге деген ұмтылысы төзімділік, плюрализм, бостандық, әділдік секілді құндылықтардың дамуына қолайлы алаң жасай алатынына сенім білдіретінін жеткізді. Кездесу барысында білімгерлерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін кеңінен құрметтеу мен қастерлеу ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес төңірегінде де ой өрбіді. Көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алған колледж студенттері қонақтарға өз алғыстарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

Наурыз

2021

  Аруларды мерекесімен құттықтады

«ДЖИ-АЙ» Холдингінің президенті, м.ғ.д., профессор С.Шалхаров, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры Қ.Рысбеков оқу ордамыздың оқытушы-профессор аруларын, клиниканың әйел дәрігерлері мен мейіргерлерін, ұжымдағы ер азаматтардың аяулы жарларын келе жатқан 8 — Наурыз мерекесімен құттықтады.

– Жаны нәзік болса да, күш-жігері мықты аруларымыз қызметтік міндеттерін орасан зор жауапкершілікпен атқарады. Әйел заты бар ұжымда әрқашан ұйымшылдық, өзара құрмет, ілтипат ұялаған, – деп атап өтті С.Шалхаров өзінің құттықтауында.

Колледж директоры Қ.Рысбеков «Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Қазақстанның гүлденіп-көркеюі, дамыған мемлекетке айналуы отбасындағы тату тіршілікке байланысты. Ал үй ішіндегі береке ананың қолында екені баршамызға белгілі. Сондықтан да, әйел – Отанымыздың сақтаушысы, береке-бірлігіміздің бастауы ретінде бағаланады, – деп, ізгі тілектерін жеткізді.

Наурыз

2021

  Алғысқа бөленген күн

Елімізде 2016 жылдан бері Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Алғыс айту күні аталып өтуде. Осыған орай оқу ордамыздың оқытушы-профессорлары мен студенттері үрдісті жалғап, бір-біріне ыстық ықыластары мен лебіздерін білдірді. Колледж  ұжымы барлық топтар арасында онлайн тәрбие сағатын ұйымдастырып, алғысқа бөленген күн ретінде есте қалды. Тұңғыш Елбасы Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Ризашылық — адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғысқа бөленген ұрпақ – болмысымен берекелі бола берсін!

Ақпан

2021

  Оқу ордамызда «Адалдық – ардың ісі» челленджі жалғасуда

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әлемде кеңінен қолданыс тапқан «Адалдық – ардың ісі» челленджін «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің жастары қолдап, игі істі жалғастыруда. Колледж жастары  «Әмиян жоғалттым: оны қайтару мүмкіндігі қай елде басым?» атты челлендждін ұсынып, әлеуметттік желілелр арқылы мол қолдауға ие болды. Болашағымыз бұлыңғыр болмасын десеңіз, болашақтың иесі – ӨЗІҢІЗ екенін естен шығармаңыз. Дана әл-Фараби айтқандай «Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты». Адал болайық!

Ақпан

2021

  Серпін берген сенбілік

Түркістан қаласының әкімдігі 2021 жылғы ақпан айынан бастап  қала аумағын абаттандыру және тазалау бойынша аптаның сенбі күндері  экологиялық іс-шара өткізуді жолға қойған еді. Осыған орай Түркістан қаласының жастары облысымыздың маслихат депутаттарымен сенбілікке шықты. Жастар жетекшісі, «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Жансерік Бауыржанұлы Түркістанның түрленуі үшін ағаш отырғызу ісі кезек күттірмес шара екенін жеткізді. Қаланы абаттандыру ісіне Түркістанның ерікті жастары да қатысты. Осындай серпінді сенбілікке қатысқан оқу ордамыздың білімгерлері айтулы шараны қолдайтындықтарын білдірді.

Ақпан

2021

  Мұқағали ақынға арналған поэзия сағаты

Жалпы республикалық «Адалдық сағаты» акциясының аясында 2021 жылдың 8-15 ақпан аралығында «Мұқағали Мақатаев — мәңгілік ғұмыр» атты поэзия сағаты өтті. 45 жыл ғұмыр кешкен ақынның бақиға кеткеніне де 45 жыл өтсе де Мұқағали өлеңдерінің құдіреті күн өткен сайын биіктей түскені байқалды. Бір апта көлемінде ұйымдастырылған шараға қатысушылар әлеуметтік желілер мен аудиторияларда ақын жырларын оқып серпіліс жасады. Мұқағали поэзиясының шырағын жағып, көрерменнің көңілін толқытып, жүрегіне жыр құйған шығармашыл жастарымызға алғысымыз шексіз!

Қаңтар 2021   «Парасаттылық — жастар көзімен»

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің белсенді студенттері «Парасаттылық — жастар көзімен» атты бір аптаға жалғасқан сайыс өз мәресіне жетті.  Қоғамды жайлаған әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны жайлы түрлі көзқарастағы жастарымыз өздерінің пікірілерін инстаграм желісінде жариялап, көрерменнен өз бағасын алды. Сайыс нәтижесін қорытындылауға колледж оқытушылары да қатысып, белсенді, мазмұнды пост жазған студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.

Қаңтар 2021   «Жемқорлық-қоғам аздырушысы»

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Жас Отан» жастары қоғамның дертіне айналған жемқорлықпен күрес жайында «Жемқорлық-қоғам аздырушысы» атты пікір сайыс өткізді. Оқу ордамыздың белсенді жастары жемқорлық — ел экономикасының өркендеуіне, бәсекелік қабілеттің төмендеуіне, мемлекеттің халықаралық беделіне кері әсерін тигізетініне алаңдаулы. Онымен күрес бүгінде маңызы бар түйіткілді мәселеге айналғанын, сондай-ақ, өзекті мәселеге айналған жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, алдын алу шараларына ел болып атсалыссақ, дерттің дендеп кетуіне сәл де болса тосқауыл қояр едік, деген мақсатта жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға жол бермеу үшін дер кезінде қоғамдық дерттің алдын алу шараларын қарастырды. Пікір сайыста колледж белсенділері өз ойларын ортаға салып, жемқорлыққа қарсы екендіктерін ашық білдірді. Шара соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі екенін және онымен күресте «Жас Отандықтар» белсенділіктерін арттыруды алдыңғы орынға шығаратын болып келісті.

Желтоқсан 2020   «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістандық «Жас Отан» жастарымен кездесті. Жиында азаматтық қоғамды дамыту мен жастар саясаты және биылғы еріктілер жылын жүзеге асыру жайлы мәселелер айтылып, талқыланды. Еркін форматта ұйымдастырылған жиынға оқу ордамыздың «Жас Отан» жастары қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Желтоқсан 2020   СТУДЕНТТЕРІМІЗ «ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Оқу ордамыздың студенттері «Фараби оқулары» байқауына қатысып, жүлделі болды. Әл-Фараби мұрасы ғылымның әр түрлі саласына қатысты еңбектерден тұрады. Әл-Фараби дүниетанымының қайнар көзі өте тереңде. Ұлы тұлғаның тағылымын жастардың санасына сіңіру, ой толғамдарын кеңінен дәріптеу мақсатында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби оқулары» көркемсөз оқу онлайн қалалық байқауында А.Аманкелді, Ж.Айтпай арнайы дипломмен марапатталып, М.Ергеш жүлделі  2-орынды иемденіп жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, жеңімпаздарға жетекшілік еткен колледжіміздің тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаеваға Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Аманқұловтың Алғыс хатына ие болды.

Желтоқсан 2020   «БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»

«Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмдер топтамасындағы «Болашаққа бастар жол» тақырыбы аясында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің барлық топтарында кураторлық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деп, жаңғырудың маңыздылығын атап өткен еді. Жаңғырудың жаңа бағытын жүзеге асырудың жолдарын ұсынған фильмді тамашалаған студенттер фильм жайында ой бөлісті. Шара соңында топ тәлімгерлері  алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар, сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлемді таңдандырар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік, -деген оймен қорытындылады.

Желтоқсан 2020   «ПАРАСАТТЫ ШЕШІМ»

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің кітапханашысы А.Утегенованың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмдер топтамасындағы «Парасатты шешім» деректі фильмі негізінде «Қазақстанның ядросыз мемлекетке айналуындағы Тұңғыш Президент – Елбасының рөлі» тақырыбында мемлекеттік тілде онлайн конференция өтті. Конференцияның маңызын танытуды мақсат еткен колледж директоры Қ.Рысбеков «Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ барша адамзат тағдыры үшін қатерлі қарудан түбегейлі бас тарту жолын таңдап,  халықаралық атом құқығын дамыту бағытында белсенділік таныта бастады.

1991 жылдан бастап қолға алынған бастамаға бүгінде әлем елдері де қолдауларын білдіріп, қосыла бастады. Бұл алдымен Н.Назарбаевтың ел тағдырын шешкен қаулысы болды. Елбасының әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі Қазақстанның жаңа тарихын ашып берді, адамзатқа ядролық сынақтарсыз болашақ сыйлады»-деп, әлемді өзін-өзі құртудан тоқтату үшін алдымен жер бетін ядролық қарудан тазартып арылту керек болғанын тағы бір түсіндіріп өтті. Конференция барысында оқырмандар аталған фильмді арқау етіп, өз ойларымен бөлісті. Фильм Елбасының әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және КСРО ядролық қаруының 2/3 сынағы өткізілген Семей полигонын жабу туралы тарихи шешімі туралы, сондай-ақ, фильмде Арал теңізін жаңғырту жұмыстары туралы көрсетілді. Сонымен қатар конференцияда колледж әдіскері Д.Жағыпарова мен экология пәнінің оқытушысы К.Оразбекова ядролық сынақ пен оның зардаптары туралы кеңінен баяндама жасап, соңы студенттермен пікіралмасуға жалғасты.

Желтоқсан 2020 «САЛАУАТТЫ ӨМІР – САЛАУАТТЫ  ОТБАСЫ»

Оқу ордамызда 1-желтоқсан-дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне орай студенттер арасында «Салауатты өмір-салауатты отбасы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан студенттер қылқаламмен салған өз туындыларын ұсынды. Суреттерде  темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалы, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу сипаты бейнеленді. Мақсаты қоғамға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру. Шығармашылық байқау соңында қатысушыларды «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы сараптап, нәтижесінде 1-орынды Құрманалы Альбина, 2-орынды Закарияқызы Динара, 3-орынды Еркінбек Мерей иеленді. Жеңімпаздар колледж атынан құттықтаулар мен марапаттарға ие болды.

Желтоқсан 2020   «ТӘУЕЛСІЗ ҰЛТТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ»

ҚР Тұңғыш Президенті мерекесінің күнтізбеге енуі еліміз үшін үлкен қуаныш. 1991 жылдың 1 желтоқсаны күні еліміздің тұңғыш Президенті сайланды. Осылайша тәуелсіз еліміз Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатымен талай биіктерді бағындырды. Тұңғыш Елбасымыз                  Н.Ә. Назарбаевтың Мемлекетіміз үшін атқарған істері мен жастарға деген сенімі ұлтымыздың болашағын нығайта түспек. Осыған орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттері  әлеуметтік желіде «Тәуелсіз ұлттың көшбасшысы» атты патриоттық өлеңдер челленджін Қазақстандық студенттерге жолдады. Оқу ордамыздан бастау алған патриоттық өлеңдер челленджі бір айға жалғаспақ.

Қараша

2020

«BOOK PARTY»

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің Студенттік Үкіметі студенттер арасында  «Book party» атты кітап алмасу акциясын өткізді. Акцияның мақсаты: Оқып болсаң – басқаға бер. Әлемге өзіннің сүйікті кітаптарыңды тарат немесе өзіңе ұнамайтын кітаптардан құтыл олар міндетті түрде өз оқырмандарын табады. Сөреде сенің сүйікті кітабың болмаса – оны өзің әкеліп қос. Сіздер басқа адамдарға оқуға ұсынғыңыз келген кітаптарды таңдау  үшін, үйлеріңіздегі кітапханаға жақындап әрбір сөрені қарайсыздар. Таңдау жасалып болған соң, кітап «Қауіпсіз сөре» деп аталатын сөреге қойылады. Ол жерден сіз жаныңызға жақын кітапты тандап  алуыңызға да болады. Ол кітапты оқып болған соң досыңызға оқуға беріңіз немесе «Қауіпсіз сөреге» қайтадан апарып қойыңыз. Маңыздысы сол —   кітаптар  кеңістікте саяхаттап жүреді, бір қолдан басқа  қолға түседі, демек, өмір сүруді жалғастырады.

Қараша

2020

«АДАМДАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛА»

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Адамдарға қуаныш сыйла» атты танымдық акциясы өтті. Акция бойынша

оқу ордамызда «Мейірімділіктің жасампаз күші» тақырыбында барлық топтар арасында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Акция мақсаты туралы колледждің тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева  «Адамдарға қуаныш сыйлау деген – өзге жанға бар болмысыңмен қол ұшын созып қуанту, қайырымдылық таныту, жақсы іс жасау. Сондай-ақ, өзіңдегі бар жақсылықты, бақытты өзгемен шынайы әрі риясыз көңілмен бөлісе алу деп ойлаймын. Ол материалдық немесе моральдық тұрғыда болсын, бастысы шын ниетпен жасалынған әрбір қайырлы амалды қайырымдылық деп білеміз. Біздің ойымызша, бұл игі іс қайтарымсыз негізде көрсетілетін көмекке мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі,- деп атап өтті. Осыған орай колледж студенттері адамдарға қуаныш сыйлау ісін түрлі формада атқарып, онлайн бөлісті.

 

Қараша

2020

  «БІР ЕЛ, БІР ТАҒДЫР»

Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылы маусымда өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық конференциясында айтқан 7 бастамасының негізінде 7 фильм дайындалған болатын. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Атап айтқанда, экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа астана, транзиттік әлеует, отандастардың Отанына оралуы. Осыған орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деректі фильмдер топтамасындағы «Бір ел, бір тағдыр» деректі фильмі бойынша эссе байқауын ұйымдастырды. Байқау шарты бойынша эссе мемлекеттік тілде жазылып, колледж бойынша 67 студент қатысты.  Байқау нәтижесінде 1-орынды «Жалпы білім беру» бөлімінің 1-курс студенті Әлиев Ердәулет иемденіп, шығармашылық зор талантымен танылды.

Қараша

2020

ОҚУ ОРДА БАСШЫСЫ БІЛІМГЕРЛЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің басшысы Қ.Рысбеков білімгерлерді Халықаралық студенттер күнімен онлайн құттықтады. Колледж директоры өз сөзінде студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние. Мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға ғана емес, өмірдің ақ пен қарасын ажырата білуге үйренеді. Студенттік кезеңді кез келген жан үлкен сағынышпен, ерекше көңіл — күймен еске алары анық. Бүгінде бұл күнді әлемнің көптеген елдері тойлайды. Жастардың мерекесі болғандықтан, бұл күн студенттер қауымына өте танымал. Ендеше, қызықты өмір қаһармандары, мереке құтты болсын! Әр күндеріңіз білім мен жарқын естеліктерге толы болсын! Болашақта еліміздің тұтқасын ұстар адуынды азамат атануларыңызға шын жүректен тілектеспіз!-деп жүрек жарды тілегін жеткізді. Сондай-ақ студенттер мерекесін құттықтауға колледж директорының орынбасарлары Е.Баратова, Қ.Әділбаева, Оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.Рысбекова, колледж әдіскері Д.Жағыпарова, Қолданбалы бакалавр бөлімінің клиникалық тәжірибе меңгерушісі Б.Бабашева, Мейірбике ісі бөлімінің меңгерушісі А.Төлентаева, Жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Л.Айымбетова студенттерге арнайы құттықтау жолдап, болашақтарына сәттілік тіледі.

Қазан

2020

«ПРАГМАТИЗМ БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕ»

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев жаңа заман, жаңа ғасырда өмір сүру үшін өзгере білу, жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керектігі, оған көнбегендердің көш соңында қалатындығын айтқан еді.  «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі «Прагматизм біздің өмірімізде» атты онлайн тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатын ұйымдастырушы Қолданбалы бакалавр бөлімінің кураторы Бабашева Баян прагматизмге қатысты Елбасының мақсатын түсіндіріп, Прагматизм қазіргі жастар үшін аса қажет екенін айтты.  Шара барысында студенттер Елбасы мақаласына шолу жасап, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын ұлттық идеологияның басты қағидасы жастардың санасында туған жер мен туған елге деген ерекше сезімді, ілтипатты оятып, оны дәріптеу арқылы ел бірлігін сақтаудың жаңа заңдылығымен кеңірек танысты.

Қазан

2020

  СТУДЕНТТІК ӨМІР – ЖАСТЫҒЫМНЫҢ  БЕЛГІСІ

«Түркістан« көпсалалы жоғары медицина колледжі 1-курс студенттеріне  арналған дәстүрлі «Студенттік өмір – жастығымның белгісі» атты тұсаукесер мерекесін атап өтті.  Студенттердің онлайн түрде болса да өз оқу орнының табалдырығын аттап, өз тобының студенттерімен танысып-білісіп, оқу орнының тәртібіне тұрақтап, өзінің үлкен өмірге басқан алғашқы қадамы студенттік шақпен байластырылады. Осыған орай коледж басшылары мен ұстаздары, топ кураторлары студенттермен кездесіп, ашық пікірлесті. Олардың қадамдарына сәттілік тілеп, болашақтарына сеніммен қарайтындықтарын жеткізді. Кеш соңында шараны ұйымдастырған Л.Айымбетова, Г.Байтұрсынова, Т.Назарқұлова қатысушыларға зор алғыстарын білдірді.

Қазан

2020

  «АБАЙ-175» ХЕШТЕГІ БОЙЫНША ШАРАЛАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Оқу ордамызда «АБАЙ-175» хештегі бойынша ұйымдастырылған шаралар өз мәресіне жетті. А.Құнанбайұлының  туғанына 175 жыл толуына орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2020 жылы атқарылатын шаралар жоспарын бекіткен еді. Соған орай жыл басынан бері «Абай және біз» тақырыбында эссе байқауы, «Абай-175» бұрышы жасақталып, кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Колледж кітапханасында кітапханашы А.Утегенованың ұйымдастыруымен онлайн форматта «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты әдеби кеш болып, Абай қарасөздерін мәнерлеп оқудан студенттер арасында  байқау өткен еді. «Абай-175» хештегі бойынша колледж оқытушылары мен студенттері арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы болып, байқау жеңімпаздары әлеуметтік желіде оқырмандардың лүпіл санымен қорытындыланды. Ал Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында  қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Абай әлемі» атты қарасөздерін оқу байқауына колледж студенттері А.Алмабекова мен Б.Сортабаева қатысып, колледждің абыройын асырса,  4 курс студенті Ә.Сейтқали «Абай әлеміне саяхат» атты республикалық байқауда дипломмен марапатталды. Білім ордасының ұлы ақынға деген құрметі мұнымен ғана шектелмек емес. Алдағы уақытта да Абай мұрасы жайында атқарылар шаралар жалғасын тоқтатпайды.

Қазан

2020

  «SANALY URPAQ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

«Түркістан« көпсалалы жоғары медицина колледжі «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесін құрып, өзінің кешенді жұмыс жоспарын бекітті. Құрамына студенттерді, ата-аналарды, демеушілерді, жұмыс берушілерді және үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралған академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (кеңес) жасақталды. Сондай-ақ, директордың виртуалды қабылдау бөлмесі, «жедел желі» телефоны, сайтта жалпыға қолжетімді форум-чат және т. б. арқылы студенттер мен профессор-оқытушылар құрамның сыбайлас жемқорлық және академиялық адалдықты бұзу жағдайлары бойынша жүгінуі үшін байланыс арналарын ашуды жоспарлауда. «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі білім алушылар арасында «Таза сессия», «Адал бол», «Абыройлы ұстаз», «Плагиатқа жол жоқ», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты арнайы бағытта жұмыстар атқарып, акциялар ұйымдастырмақ.

Қазан

2020

  ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

Адамзат өркениетінің даму тарихында білім беру ордасының маңызы айрықша. Білім саласында талмай қызмет етіп, ақынды да, дарынды да, алыпты да, батырды да, дәрігер мен түрлі маманды да дайындайтын қасиетті есім иесі ҰСТАЗ деп аталады. Әлемді дүрліктірген індеттің әсерінен қаншама білім ошағы карантинге жабылса да, онлайн форматта білім беру ісін жалғап, шәкіртпен байланысын ұштастыруда. Осындай алмағайып сәтте шәкірті үшін алаңдаған ұстазға дем болуды мақсат тұтқан «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры, м.ғ.к. Қ.Рысбеков ұстаздардың мерейлі күнінде колледж қызметкерлерін онлайн құттықтап, ұжымға ізгі тілегін жолдады.

Ұстаздар мерекесімен тұстас биыл Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне 80 жыл толып Қазақстанның жер-жерінде аталып өтуде. Кәсіби техникалық білім беру жүйесі түрлі салаларда жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда маңызды міндеттерді орындап жүр. Көптеген түлектер кәсіпорындар мен өндіріс орындарының, жоғары және орта буындағы құрылымдық бөлімшелерінде қызмет етуде. Ағаштан ою ойып, сом темірді майыстырған немесе заманауи техникалық құралдар істен шығып қалғанда жөнге келтіретін инженер-механик, инженер-жобалаушы, инженер-энергетик, құрастырушы, электрик, электрмен дәнекерлеуші, сантехник, слесарь, токарь секілді қазіргі қоғам үшін маңызды мамандарды дайындауда да оқытушылар құрамының еңбегі зор.  Осындай кәсіп иелерін дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын айтулы мерекесімен  колледж атынан құттықтады.

Адам өміріне араша болатын медицина қызметкерлерінің орны қай кезде де биік, әсіресе қазіргідей індет жайлаған заманда күн санап мамандарға сұраныс артуда.  Медициналық білім беретін оқу ордамыздың іргесін қалап, «емдеу ісі» мен «мейіргер ісі» мамандықтары бойынша облысымыздағы жас талапкерлердің білім алуына жағдай жасаған м.ғ.д., профессор С.Ш.Шалхаровтың орны айрықша екенін атап, ұжым атынан ғалым ұстазға алғыс білдірді. Бүгінде адам өмірін арашалауда тынымсыз қызмет ететін медицина саласының мамандарын дайындауда үлесі зор оқу орныдарының қатарында  «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің де аты жиі аталады.

Колледждің ел игілігіне айналып, қаншама түлектің өз саласын игеріп, маман болуына ғұмырын сарп еткен ғалым ұстаздардың еңбегіне ерекше тоқталған колледж директоры Қ.Рысбеков ұжымның шәкірттерге деген ыстық ықыласы мен өлшеусіз еңбегінің арқасында оқу ордамыздың кәсіби тұрғыдан республика көлемінде күн артқан сайын абыройы артуда екенін баса айтты. Колледжіміздің кәсіби педагог мамандары өз ортамызда ғана емес, білім беру ісі бойынша облыстық, қалалық деңгейде танымалдылық дәрежеге ие болып жүргені атап айтылды. Солардың қатарында колледж әдіскері Д.Д.Жағыпарова Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Қ.Жолаевтың құрмет грамотасымен,  оқытушы Г.А.Матанова Алғыс хатпен, бөлім меңгерушісі Е.Б.Нағашбеков Облыстық Жастар ресурстық орталығының Алғыс хатымен марапатталуымен құттықтады.

Мерекелік құттықтау соңында колледж директоры ұстаздарға отбасылық бақыт пен шығармашылық табыс тілеп, ұжымға деген құрметін танытты.

Қыркүйек

2020

  АДАЛДЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ

Бүгінде әлемдік деңгейде күресіп жатқан жемқорлық мәселесі біздің оқу ордамыздың ұжымы мен студенттерін де алаңдатпай қоймады. Осыған орай колледжімізде «Жастар – жемқорлыққа қарсы» адалдық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Топ кураторлары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында жарық көрген (2016ж, Астана қаласы) авторлар ұжымымен құрастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты оқу құралымен студенттерді таныстырып, түсіндіру жұмыстары жасалды. Өткен жылдан бері арнайы қолға алынған адалдық шарасы жүйелі жолға қойылып, білім берушілер мен білім алушылар арасындағы құрмет пен шексіздік талаптары дұрыс жүзеге асуда.

Қыркүйек

2020

  ОҚУ ОРДАМЫЗДА «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ БІРНЕШЕ ШАРАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2020-2021 оқу жылына бірнеше шаралардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асуын жоспарлап отыр. Колледж ұжымы Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту идеясы – ұлт болашағының кепілі» мақаласында көрсетілген бағыттар оқу ордамыздың болашағына кең серпіліс беретініне сенім білдіруде. Соның алғашқы қадамы ретінде кітапханада «Буккросинг» бұрышының жұмысын кеңейтпек. Қоғамдық орындарда «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасы бойынша, кез-келген оқырман өзі оқыған кітабын келесі бір кітаппен алмастырып, қоғамды кітап оқуға шақыра алады. Бұл жоба оқу ордамызда өткен оқу жылынан басталған еді, кітапхана меңгерушісі А.Утегенова биыл да кітап оқу ісі мен қоғамды кітап оқуға шақыру ісін кеңейтудің түрлі шараларын ойластыруда екенін айтты.

Қыркүйек

2020

  ОТБАСЫ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Жанұялық құндылықтарды нығайту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтіліп келеді. Қазақта отбасы деген — адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны екені әлімисақтан белгілі. Осыған орай Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі «Бақыт – отбасынан басталады» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Онлайн форматта өткен шараға кей студенттер өз отбасының мүшелерін де қатыстырып, еркін ой бөлісіп, қызықты пікірлерін ортаға салды.

Қыркүйек

2020

  БІЛІМ ОРДАСЫНДА ӨТКЕН ҚОС МЕРЕКЕ

Әлемді жайлаған пандемияның әсерінен болған карантин оқу ордамыздың жұмысын тоқтата алмады. «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы Білім күні мерекесі мен ҚР Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына арналған қос мерекені қабат атап өтті. Онлайн түрде ұйымдастырылған «Конституия-біздің болашағымыз!» атты салтанатты жиында колледж директоры Қ.Рысбеков 2020-2021 оқу жылының басталуымен құттықтап, биылғы оқуға түскен 1-курс студенттеріне ақ жол тіледі. Білім саласы бойынша колледждің жылдық жоспарымен таныстырған директор орынбасары Е.Баратова оқу просіне карантиннің кедергі бола алмайтынын түсіндірді. Тәрбиемен берілген білім – өлшеуі жоқ қазына болады, деген пікірді алға тартқан  тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева, алдымыздағы жылдың атқарар жұмыстары мол екенін айта келіп, жұмылып атқарар жұмыстармен таныстырып өтті. Жиын соңында оқу жылының жемісті өтетініне сенім білдірген студенттер жүрек жарды лебіздерін білдіріп, әнмен шашу шашты.

Маусым

2020

  ОҚУ ОРДАСЫ БІТІРУШІЛЕРГЕ ДИПЛОМ ТАПСЫРДЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің бітіруші студенттері дипломдарын қолға алды. Білім ошағы биылғы жылы барлығы 202 түлек шығарды. Олардың 93 студенті «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітіруші атанса, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 90 студент «Фельдшер», 19 студент «Акушер» біліктілігімен колледж дипломына ие болды. Мамандығын мақтанышына айналдырар түлектерге колледж ұжымы сәттілік тіледі.

Мамыр

2020

БРЭЙН-РИНГ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі студенттері арасында   ЕК-402 топ кураторы Оразбекова Камшаттың ұйымдастыруымен «Түркістан — ер түріктің бесігі ғой» тақырыбында Брэйн-ринг сайысы өтті. Жастар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ студенттер өздері білім алып отырған қаланың тарихы мен бүгіні жайлы білуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс өте тартысты өтті. Сайыс ережесі бойынша команда бірнеше топқа бөлініп жарысқа түсті. Онлайн форматта ұйымдастырылған шараға қатысушылыр саны да аз болмады. Сайысқа қатысушылардың белсенделегі жоғары дәрежеде болғандықтан жеңімпаз командаларды анықтау да оңайға түспеді.  Шара соңында жеңімпаздар Алғыс хатпен марапатталды.

Мамыр

2020

  АЙБЫНДЫ АЗАМАТТАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ҚОС МЕРЕКЕ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы айбыны асқан азаматтар ұлықталатын қос мерекені қатар атап өтті. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр — Жеңіс күні мерекелерін онлайн атап өтті. Ұжым басшылары кештің қатысушыларын құттықтай отырып, зор жетістіктер тіледі. Колледж директоры Қ.О.Рысбеков өз сөзінде «Елге, Отанға адал еңбектерімен қызмет етіп жүрген азаматтар – олар Сіздерсіздер. Бірі елге пайдасы тиетін ең маңызды мамандар дайындауда, бірі елді құтқару процесі – медицинаға маманданып жатыр. Нағыз Отанын аман сақтап, елге қорған болатын жандар — медицина қызметкерлері» екенін атап өтіп, болашақтарына игілік пен сәттілік тіледі. Елдің еңсесі тік, мерейі үстем болсын, ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Мамыр

2020

  КОЛЛЕДЖ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі – Қазақстан  халқының бірлігі мерекесі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан  бұл мейрамның маңызы зор. Әсіресе түркі жұртының басын біріктіретін қасиетті Түркістан қаласында да түрлі ұлт өкілдері жиі шоғырланған. Осындай ел басына түскен ауыр сынақтың бірі —  пандемия кезінде де ел бірлігінен ажырамай тілекші болғандардың арасында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің орны бөлек. Колледж ұжымы асқан ұйымшылдықпен оқу, ғылым  процесі мен тәрбие мәселесінде елге қолдау білдіріп, қажетті көмек қолын созуда аса белсенділік танытты. Олардың қатарында клиника ісі, еріктілер тобының жұмыстарын айрықша атауға болады. Ата-аналармен байланыс орнатуда, студенттерге түсіндіру жұмыстарын атқаруда тәрбие ісінің маңызы зор болды.

Қымбатты колледж ұжымы және студенттер!

Қазақ халқының басынан өткен небіз қиын-қыстау замандарда, алмағайып кезеңдерде өзінің ерік-жігерінің арқасында ел бірлігін сақтап қалды. Сол бірліктің тұрақтап қалуын қадағалайтын Біз бен Сіз ғана. Сондықтан еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз нығая берсін!

Зор құрметпен, колледж директоры Қ.О.Рысбеков

Сәуір

2020

  ТКЖМК талапкерлерді оқуға шақырады

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2020-2021 оқу жылына талапкерлерді оқуға шақырады. Колледж 0301000-«Емдеу ісі», 0301013-«Фельдшер», 0301023-«Акушер» және 0302000 «Медбикелік іс» және 030205 4–«Қолданбалы бакалавр» мамандықтары бойынша орта буынды медицина мамандарын дайындайды.

Республикада алғашқы болып шығыс медицинасының тәсілдері, медициналық реабилитологиядағы массаж, клиникалық физиотерапия, емдік массаж пәндері бойынша дәріс және тәжірибе сабақтары жүргізіліп, мемлекеттік үлгідегі дипломмен бірге «Шығыс медицинасының шебері» куәлігі беріледі.

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы негізінде мамандар қабылдайды.

Оқу ордамыздың қазіргі заман талабына сай жаңа 3 қабатты оқу ғимараты, 130 орындық жатақхана, 280 орындық «Мәдениет үйі», білім мен тәжірибені ұштастыруға толық мүмкіндігі бар «Виртуальды клиника», Колледждің клиникалық базасы — «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығы (Бүгінде мемлекеттік үлгіде қызмет көрсететін емхана) және «Жан дауа» медициналық остеопатиялық орталығы жұмыс істейді.

Колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын үздік студенттер мен «Студенттер Үкіметінің» мүшелеріне «Джи-Ай» Холдингінің президенті С.Ш. Шалхаров және колледж әкімшілігі тарапынан стипендия тағайындалады. Студенттердің ғылыми-іздену қабілеттерін арттыру мақсатында колледжде үйірме жұмыстары жүргізіледі.

Студенттердің білім деңгейін арттыру үшін құрылды:

ü  заманауи халықаралық стандартқа сай ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;

ü  оқу үрдісіне мониторинг және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында колледж аймағына бейнебақылау;

ü  соңғы буын компьютерлерімен жабдықталған кабинеттер;

 

ü  мультимедиялық кабинеттер, электронды кітапхана;

ü  студенттерге тегін, оқуға қосымша ақпарат алуларына мүмкіндік беретін wi-fi жүйесі;

ü  оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, компьютерлер, принтер, электронды оқулықтармен жабдықталған кітапхана;

ü  қашықтық оқыту орталығы, біліктілікті арттыру бөлімшесі;

ü  студенттердің демалуына, бос уақыттарын өткізуіне жатақханада бар жағдайлар жасалған.

Колледждің тәжірибелі оқытушы-профессорлары сабақтарды бейне-дәріс, бейне тәжірибе түрінде өткізіп, студенттер кез-келген уақытта интерактивті тақта арқылы оқып үйрене алады.

Колледжде 80-нен астам оқытушы- профессорлар, шығыс медицинасының білікті мамандары студенттерге білім беруде. Барлық пәндер мемлекеттік тілде оқытылады және пәндер бойынша оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар, википедия, тест жинақтарымен қамтылған кітапхана мен оқу залы қарастырылған.

Құрметті талапкер!

Сіздің жарқын болашағыңыз – өз қолыңызда!

Біз, Cіздің болашағыңыздың сапалы білім алумен байланысты болғанын қалаймыз.

Сіздерді «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжіне білім алуға шақырамыз!

Колледж білімге талпынған жастарға жыл өткен сайын барынша қамқор болып, олардың жағдайын жасап келеді.

Өйткені, бүгінгі студенттер – еліміздің болашағы.

Сәуір

2020

  КОЛЛЕДЖ БАСШЫСЫ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің басшысы Қ.Рысбеков оқу ордасының оқытушы-профессорлары мен студенттерін қасиетті Рамазан айының басталуымен онлайн форматта құттықтады.    Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріне саулық, жұмыстарына береке тілеген, Қыдырәлі Оспанұлы колледж ұжымына қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, ауыр сынақ болып жатқан індетті бірігіп жеңетінімізге сенім білдірді.

Наурыз

2020

  ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті әріптестер!

Халқымыз үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын, көктемгі жаңарудың, татулықтың мерекесі.

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!

«Джи-Ай» холдингінің президенті С.Шалхаров

Наурыз

2020

  Қ.РЫСБЕКОВТІҢ КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫНА ҮНДЕУІ

      Құрметті колледж ұжымы және студенттер!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты ҚР Президенті Жарлығымен Елімізде төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 14.03.2020 жылғы «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы» №108 бұйрығына сәйкес облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін білім беруді қашықтықтан оқыту технологиясы (ДОТ) арқылы іске асыру тапсырылған.

Осыған орай қашықтықтан оқыту жүйесі 2019-2020 оқу жылынан бастап облыстағы 65 колледжбен бірлікте «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі «Platonus College» платформалық жүйесі арқылы оқытуды қолға алды. Бүгінгі күні қашықтықтан оқыту жүйесінің барлық мүмкіндіктері тексерілді және жұмысқа қосылды.

Барлық пәндердің силлабустары, лекциялары, қажетті презентациялары арнайы PLATONUS ақпараттық жүйесіне енгізілді. Барлық білім алушылар қолданыстағы PLATONUS паролі мен логинін қолдана отырып, оқу процессіндегі жүргізілетін пәндерді қашықтықтан онлайн және офлайн принципі арқылы сабақ кестесіне сәйкес оқып, меңгере алады. Оқытушылар және білім алушыларға жүйені қолдануға қатысты қажетті нұсқаулық материалдары таратылды. Оқу процессіндегі білімгерлердің апталық жетістігін оқытушылар PLATONUS жүйесіне енгізіп отырады. Осымен бірге, білім алушыларға және оқытушыларға видеолекция (вебинар) ұйымдастыру мақсатында ZOOM, Google, Яндекс, mail.ru және Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру платформасын (mooks.kz) толық пайдалануға кеңес беремін.

Құрметті колледж ұжымы, ұстаздар, қызметкерлер және студенттер!

Мемлекет үшін — адам денсаулығы оның негізгі байлығы, сонымен бірге, әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор. Сондықтан коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін алдын-алу шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескерткім келеді.

Ең бастысы – жеке бастың санитарлық тазалығы, қоғамдық орындарға бармау, той және басқа да көпшілік қатысатын шараларға қатыспау. Сіздерден туыс-жақындарыңыз бен достарыңызға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді де сұраймыз.

Сіздердің әрбіріңіздің дендеріңіздің саулығы — халықтың және ұлттың байлығы! Сондықтан, әрбір азамат өзін қорғау үшін қажетті шараларды жасауы тиіс.

Сіздерге осы індеттен аман болуды, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға жақсылық тілеймін!

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина

колледжінің директоры Қ.Рысбеков

Наурыз

2020

  ОҚУ ОРДАМЫЗДЫҢ БАСШЫСЫ АНАЛАР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы көктемнің ең көркем мерекесі 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арнап салтанатты құттықтау шарасын өткізді. Каарнтин жағдайын ескере отырып, «ДЖИ-Ай» холдингінің президенті, профессор С.Шалхаров және колледж директоры, м.ғ.к. Қ.Рысбеков өздерінің жүрек жарды құттықтауын ресми жолдап, оқу ордамыздың үздік қызметкерлеріне Алғыс хат пен гүл шоқтарын тапсырды.

Наурыз

2020

  ТӘЖ ІНДЕТТЕН САҚТАНУҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша білім беру ұйымдарына арналған жадынама жолдаған болатын. Осыған орай оқу ордамыздың басшысы Қ.Рысбеков колледж қызметкерлері мен студенттеріне сақтық шараларын қатаң ұстауды тапсырды. Одан өзге әлемді шарлаған тәж індетінің белең алуы оқу процесіне кедергі болмау үшін қашықтықтан білім алуды ұйымдастыру шаралары жасалып жатқанын мәлімдеді.

Наурыз

2020

  АЙСАНА «АБАЙ ӘЛЕМІ» БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

Колледжіміздің атынан Айсана Алмабекова Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастардың бойындағы адамгершілік, имандылық қасиеттерін арттыру, ой-саналарын көтеру мақсатында өткізілген Ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» Абайдың қара сөздерін оқу байқауына қатысып, жүлделі оралды.

Ақпан

 2020

  СТУДЕНТТЕРІМІЗ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРІКТІЛЕР ТОБЫМЕН  ASAR-ҒА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Халқымызды береке-бірлікке шақыратын асар дәстүрі бар. Бұл ғасырлар бойы құндылығын жоймайтын ата салтымыз» — деген еді. Оқу ордамыздың «Қамқор» бағыты бойынша құрылған «Мейіріммен болашаққа» еріктілер клубы Түркістан қалалық еріктілер тобымен бірлесіп ASAR-ға қатысты. Студенттеріміз мұқтаж жандардың қажеттілігін өтесем, қол ұшымды созсам, әлемді мейірімділікпен құтқарсам деген бала арманнан туған мақсаттарын рухани астанамыз Түркістанда жүзеге асырды. Осылайша, арманын өмірлік мақсатына айналдырған жастарымыз қаламыздағы денсаулығы шектеулі жандаға жылу сыйлап қуантса, ендігі бір тобы қаланы экологиялық таза аймаққа айналдыру шарасына қатысты.

Ақпан

 2020

   «ҚЫЛМЫССЫЗ БОЛАШАҚ»

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен жасалған  «Түркістан — қауіпсіз қала» жобасы аясында оқу ордамызда «Қылмыссыз болашақ» атты жастар арасында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты жастардың қылмыс пен құқықбұзушылыққа, алкаголь мен есірткіге қарсы, зиянды әрекеттерден қорғау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Кездесу қонағы Түркістан қаласы ішкі істер саласы бойынша полиция лейтенанты Е.Өндірбай, жоғарыда аталған жобаның негізінде қылмыстылықты төмендету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету,  қоғамдық саяси ахуалға әсер ететін мәселелерді шешу сияқты жобаның 3 бағытта жүзеге асып жатқанын айтып, студенттерге таныстырды. Сонымен қатар Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторының меңгерушісі, заңгер Г.Байтілеуова қаламыздағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстың алдын алуға алдымен әр тұлға өзін жауапты сезінуі тиістігін, оқу орнының қызметкерлері әр баланың тәртібіне алаңдап, олардың дұрыс жолға түсуіне себепші екені жөнінде бірнеше мысалдар келтірді.  Ертеңін ойлап, ел болуды көздейтін әр ата-ана бала тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайтыны жөнінде де пікірлер келтірілді. «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ. Әділбаева кездесуге қатысқан білімгерлерге колледждің ішкі ережелері мен жарғыларын қатаң сақтау мен міндеттемелерді орындауға тиістігін, міндеттеме бойынша түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ата-ана немесе заңды өкілсіз түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтынын ескертті. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тәмсілді берік ұстансақ, еліміз тыныш, келешегіміз жарқын болатыны туралы тағы бір  ғибратты ой түйген жастарымыз, кездесу соңында қонақтарға сұрақтар беріп, еркін пікір алмасты.

Ақпан

 2020

  «ЖОЛЫҢ БОЛСЫН, ЖАС ТҮЛЕК!»

Оқу ордамызда «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығын бітірушілерге арналған  «Жолың болсын, жас түлек!» атты салтанатты кеш өтті. Бітірушілерді колледждің іргетасын қалаған «Джи-Ай» Холдингінің президенті, м.ғ.д., профессор С.Шалхаров құттықтады. Ғалым өз сөзін ғылыммен байланыстырып, «Ғылым — білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ. Колледжден алған білімдеріңізді тәжірибемен ұштастырып, әлемдік деңгейде дамып жатқан жаңа мамандық — қолданбалы бакалавр дәрежесіне ие болып отырсыздыр. Осы білімдеріңіз Қазақстан медицинасын дамытуға қызмет етеді деп, сенемін», деген пікірі түлектердің көңілін толқытты.  Кеш барысында түлектерге сәттілік тілеп, жүрек жарды сөздерін арнаған «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры, м.ғ.к. Қ.Рысбеков пен директор орынбасары Е.Баратова, оқу-ісінің меңгерушісі А.Рысбекова 164 түлекке салтанатты түрде диплом тапсырды. Жыл өткен сайын санымен де, сапасымен де колледж мерейін өсіріп жүрген түлектердің арасынан 9 бітіруші қызыл дипломға ие болды. Түркістан облысының әр аймағынан келіп білім алып жатқан бітірушілердің қуанышында шек болмады. Салтанатты жиын соңы бітірушілердің ән-жырына жалғасты.

Ақпан

 2020

  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының және Білім-инновация халықаралық қорының ұйымдастыруымен «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында республикалық ата-аналар форумы өтті. Қоғам назарын білім саласына аудару, педагог мәртебесін көтеру, ұстаздарға қолдау көрсетуге үндеген ауқымды шараға 400-ден астам ата-ана қатысты. Солардың қатарында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің атынан Г.Шораева қатысып, ата-аналарға арналған білім саласындағы озық трендтермен, құндылықтарға негізделген білім берудің әдіс-тәсілдерімен танысып қайтты.

Қаңтар 2020   ОҚУ ОРДАМЫЗДА «МЕЙІРГЕР ІСІНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРЫ» БІЛІКТІЛІГІ БОЙЫНША БІТІРУШІЛЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯ ТАПСЫРУДА

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша бітірушілер Мемлекеттік қорытынды аттестация тапсыруда. «Мейіргер ісі» саласы бойынша теориялық, практикалық, ғылыми ізденістерінің нәтижесін диплом жұмысына өзек еткен 164 бітіруші дипломдарын сәтті қорғап,  алдағы күндері түрлі формада өтетін мемлекеттік емтихан тапсыруға дайындық үстінде. Мемлекеттік аттестацияның қорытынды бағалау түрлері бойынша бітіруші түлектерге алда күткен сынақтардан сүрінбей өтетініне сенім мен тілектестік білдіреміз.

Қаңтар 2020   «ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЖЕТІСТІК КӨЗІ»

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқытушылар арасында «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» атты педагогикалық семинар өтті. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру; Білім беру процесіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және  Педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру мен әдіс алмасу мақсатында  өткен семинар барысында сала мамандары өз жаңалығымен бөлісті. Колледж директоры, м.ғ.к. Қ.Рысбеков пен оқу ісі бойынша директор орынбасары Е.Баратова семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, оқу процесіндегі жаңа технологиялардың дұрыс, жүйелі қолданылуына мән беруді ұсынды. Тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды. Сондай-ақ оқытушы А.Абдужаппарованың «Жаңаша оқыту технологиясы», Х.Атаханованың «Кредиттік модульдік технология», И.Розиева «CLIL оқыту технологиясын гигиена сабақтарында қолдану», М. Дүйсенбаева «Интеграциялық сабақ өту технологиясы», С.Тілеулиев «Мәселелі бағытталған оқыту технологиясы», Э.Малышева «Кейс –Стади технологиясы», Н.Махмудова «ОСКЕ (ОҚКЕ) Объективті құрылымдық клиникалық емтихан» тақырыбындағы баяндамалары  оқу ісі, оқу-әдістеме ісі, клиника қызметкерлерінің тарапынан терең талданды. Колледж әдіскері Д.Жағыпарова жаһандандыру заманында оқытушыларды жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша болуға бағыттау ниетімен білім беруде жаңашылдыққа ұмтылыс жасай отырып, жаңаша оқытуды өзара талдау мақсатында оқытушылармен коучинг-сабақ өтіп, семинардың маңыздылығын арттырды. Колледж көлемінде ұйымдастырылған семинар кезінде бірнеше ұсыныстар қабылданып, оқу процесінің қарқынды дамуы үшін тың жоспарлар жасаумен қорытындыланды.

Қаңтар 2020   «МЕЙІРІММЕН БОЛАШАҚҚА» ЕРІКТІЛЕР КЛУБЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Оқу ордамыздың «Қамқор» бағыты бойынша құрылған «Мейіріммен болашаққа» еріктілер клубы 2020 жылға арналған жаңа жоспарларын бекітті. Жоспарда «Қамқор азамат» бұрышын ұйымдастыру, «Қамқорлық-асыл қасиет» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу, «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» тақырыбында жалғызбасты қарияларға көмек акциясын ұйымдастыру, «Жақсылық жасаудан жарысайық», «Қамқорлық жасау парыз», «Мейірбандық –жүректен, қайырымдылық — білектен» атты т.б. ауқымы кең шараларды жоспарлап, соның аясында қайырымды істерді атқаруды қолға алмақ.

Қаңтар 2020   ЖАҢА ЖЫЛ «ЕҢ ҮЗДІК ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САБАҚ» БАЙҚАУЫМЕН БАСТАЛДЫ

Жаңа 2020 жылдың алғашқы аптасы Түркістан облыстық әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен «Ең үздік интеграциялық сабақ» байқауымен басталды. Байқауға «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің атынан «медбиология» пәнінің оқытушысы К.Оразбекова, «анатомия» пәнінің оқытушысы М.Дүйсенбаева қатысып, озық тәжірибелерімен бөлісіп қайтты.

Желтоқсан 2019 жыл   ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША НҰР-СҰЛТАНДА ӨТКЕН КОНФЕРЕНЦИЯ

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның медициналық колледждері одағының ұйымдастыруымен «Медбикелік іс» мамандығының қолданбалы бакалавр біліктілігімен білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Қазақстан Республикасында медбике мамандығының дамуы. Ғылым. Ізденіс. Жаңашыл» атты конференцияға «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің бірнеше білімгер-бакалавры мен оқытушылары С.Шерғазы, Х.Абубакирова (жетекшісі Б.Набиева), З.Сұлтанова (жетекшісі М.Дүйсенбаева), О.Абдурахмонова (жетекшілері Н.Махмудова, А.Абдужаппарова) қатысып, алғыс хатқа ие болды. Ал А.Пернебай А.Абдужаппарованың жетекшілігімен, Д.Закарияқызы Т.Назарқұлованың жетекшілігімен конференцияда үздік баяндамалары үшін жеңімпаз атанып қайтты.

Желтоқсан

2019 жыл

   «JAS OTAN»-нан келген алғыс хат

«NUR OTAN» партиясы жанындағы «JAS OTAN» жастар қанаты Түркістан облысының филиалы колледжіміздің «Емдеу ісі» бойынша 3-курс студенті Шамшиддин Саодатұлын Түркістан облысының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатының оңтайлы жүзеге асырылуына қызмет атқарғаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

Желтоқсан

2019 жыл

   «ҮЗДІК ЖАС ТӘЛІМГЕР»

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов Жастар жылына орай Түркістан қаласының көркейіп, дамуына өзіндік үлес қосып, жастар арасында белсенділік танытқаны үшін «Жыл үздігі-2019» мерекелік салтанатты шара аясында оқу ордамыздың оқытушысы, тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Әділбаева Қаракөз Асхатқызын «Үздік жас тәлімгер» номинациясымен марапаттады.

Желтоқсан

2019 жыл

  Студентіміз «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жоба жеңімпазы атанды

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» Холдингі ҰАҚ «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенттері» жобасын ұйымдастырған еді. Жоба техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың құзыреттіліктерін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру мақсатында, колледждердің 100 үздік студенттерін танымалдыққа, көтермелеуге және ілгерілетуге бағытталған. Колледж, аймақ және республика көлемінде жүзеге асырылған жобаға «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің атынан студентіміз Абдықаппар Арайлым Сейітжаппарқызы қатысып, білімі мен білігі, талабы мен талантының арқасында жеңімпаз атанды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген таңдаулы студенттер қатарында оқу ордамыздың атынан қатысқан Арайлым Нұр-Сұлтан қаласы, «Оқушылар сарайы» ғимаратында өткен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, зор қуанышпен оралды. Осындай таңдаулы шәкірттер оқу ордамыздың абыройын асқақтатып, мерейін асыра берсін! Жеңісің құтты болсын, Арайлым!

Желтоқсан

2019 жыл

  ОҚЫТУШЫЛАРЫМЫЗ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

«Urker mitec» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен «IQ college» жобасы бойынша медицина саласының студенттеріне арналған «Гиппократ» Республикалық олимпиадасына «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттері қатысып, жеңімпаз атанды. Студенттердің болашағына алаңдап, білімін жетілдіруде өлшеусіз үлес қосып, студенттерге жетекшілік етіп, жеңімпаздарды дайындағаны үшін колледждің тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.А.Әділбаева, колледж оқытушысы Л.М.Аймбетова Нұр-Сұлтан қаласына барып, Алғыс хатпен марапатталды.

Қараша

2019 жыл

   «МЕНІҢ ТУЫМ — МЕНІҢ ОТАНЫМ!» АКЦИЯСЫ ОҚУ ОРДАМЫЗДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Nur Otan партиясының бастамасымен қолға алынған «Менің Туым — менің Отаным!» акциясы оқу ордамызда жалғасын тапты. «Түркістан» көпсалалы жоғары медиина колледжінің оқытушылары, 1-2 курс студенттері мен Студенттік Үкімет мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылған акцияның мақсаты — Мемлекеттік рәміздердің тарихы, мән-маңызы туралы ақпараттану деңгейін арттыру және оларға құрметпен қарауды қалыптастыру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу болатын. «Джи-Ай» холдингінің президенті, профессор С.Шалхаров акцияға қатысушыларға — Мемлекеттік Туды қастерлеп, қадір тұту – әр қазақстандықтың парызы. Ол мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты рәміздердің бірі. Ондағы көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік сияқты қасиеттерді айшықтайды. Ал ортасында орналасқан күн тыныштық пен байлықты білдіреді. Тағы көк туымызда дала бүркіті бейнеленген. Ол арқылы қазақ халқының жомарттығы мен қырағылығын, пейілінің кеңдігін көруге болады. Сол себепті, осындай патриоттық акцияның басты мақсаты – мемлекеттік тудың маңызын насихаттап, жастарды отансүйгіштікке шақырды. Акцияға қатысушыларға колледж директоры Қ.Рысбеков, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.Әділбаева алғыс білдіре отырып, Отанымыздың барлық жерлерінде өтіп жатқан акцияны біздің колледж де қолдайтынын жеткізді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында барлығымыздың Отанға, елге, рәміздерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, туған жеріміздің жанашыры болуға шақырды. Еліміздің еңсесі биік, Туымыз тұғырлы болсын!-деп тілек білдірді.

Қараша

2019 жыл

  «ЖАСТАР-НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» АТТЫ 

ПЛАКАТТАР БАЙҚАУЫ

Оқу ордамыздағы Студенттік Үкіметтің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жастар-нашақорлыққа қарсымыз» атты плакаттар байқауы өтті. Байқау «Жалпы білім беру», «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Қолданбалы бакалавр» бөлімдерінің қатысуымен топтық және жеке жұмыстар бойынша  плакаттар сынға түсті. Іс-шара қоғамдағы рухани құлдырау мен нашақорлыққа қарсы күресті бейнелеуге бағытталған. Бұл шара студенттерге қоғамдық шешім жасауға берілген мүмкіндік болды. Плакаттар байқауының нәтижесінде Балтабайқызы Ақмоншақ 1-орын, Жапек Сандуғаш 2-орын, Османов Аззамхан 3-орынды иемденді. Сайыс соңында жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, еңбектері қалалық байқауға ұсынылды.

Қараша

2019 жыл

   «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН  КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР САЙЫСЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде Студенттік Үкіметтің ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Жалпы білім беру», «Қолданбалы бакалавр» және бірнеше бөлім студенттерінің қатысуымен көңілді тапқырлар сайысы өтті. Үш бөлімді (Таныстыру, ширату, үй тапсырмасы) қамтитын сайыста студенттер қоғам дертіне айналған – сыбайлас жемқорлықтың көріністерін сахналап, жаман әдет, жат қылықтан аулақ болуға шақырды. Сайыс өте қызу, тартысты өтті. Сайыс соңында колледж директоры Қ.Рысбеков, директор орынбасарлары Е.Баратова, Қ.Әділбаева, ЦӘБ меңгерушілері және Студенттік Үкіметтің басшысы А.Абдіқаппар адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің біріне айналғаны, басқа дамушы елдер сияқты біздің мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ екенін, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсеткен командалар жұмысына алғыс білдірді. Сайыс қорытындысы бойынша «Емдеу ісі» бөлімінің «Ice mens» командасы бас жүлдені иеленіп, қалалық байқауға жолдама алды.

Қараша

2019 жыл

  СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТ ПЛАКАТТАР БАЙҚАУЫН ӨТКІЗДІ

Колледждің Студенттік Үкіметі игілікті шаралардың жүзеге асуына қатысып, жастардың қоғамдағы орнын дұрыс айқындауына жол сілтеу мақсатында  «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында плакаттар байқауы өткізді. Байқауға «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің «Жалпы білім беру», «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Қолданбалы бакалавр» бөлімдерінің студенттері қатысып, бақ сынады. Сайысқа түскен  плакат арасында мазмұндылығымен көзге түскен Балтабайұлы Ерасыл 1-орын, Балтабайқызы Ақмоншақ 2-орын, Дастанбекқызы Дамира 3-орынды жеңіп алып, алғыс хаттармен марапатталды.

Қараша

2019 жыл

  СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ МЕРЕКЕЛІК ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі Халықаралық студенттер күніне мерекелік флешмоб ұйымдастырды. «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» деп аталатын мерекенің маңызын 1 курс студенттерінің «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» деген ұранмен қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ат салысуы іс шараның көркін қыздырды. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда белең алған жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықпен күрес мәдениетін және жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру. Сондай-ақ студент жастардың азаматтық позициясы, жемқорлыққа және құқық бұзушылыққа бей-жай қарамайтыны сынды қасиеттерді жетілдіру шараның басты мақсаттарының бірі болды. Колледж директоры Қ.Рысбеков жиналғандарды Студенттер күні мерекесімен құттықтап, қоғамдық шараға қатысқандарға игі істерге себепші болып,  жемқорлықсыз қоғамның жастары болатынына сенім білдірді. Тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева қос шараның маңызы туралы баяндап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында колледжде түрлі іс-шаралардың өтіп жатқанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел екенін, оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керектігін түсіндірді. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруды ұсынды. Шара соңында мерекелік флешмобқа қатысқан білімгерлерге алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Қазан

2019 жыл

  ОҚУ ОРДАМЫЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Оқу ордамызда Дүниежүзілік психологиялық денсаулық күніне орай «Жастар арасында қылмыстың, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу, денсаулықты нығайту» тақырыбында мамандармен кездесу өтті. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік»-дейтін тәмсілі бүгінгі тақырыптың маңызын арттырды. Кездесуге қатысқан СӨСҚО-ның маманы Г.Нуруллаева кәмелет жасқа толмаған студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдік жастың ерекшеліктеріне тоқталды. Акушерия-гинекология пәнінің оқытушысы Г.Аликулова ерте жүктіліктің зияны мен зардаптарын, жыныстық жолмен берілетін аурулар жөнінде, колледж оқытушысы Г.Матанова қыздардың жеке гигиенасы жайында, тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева суицидтің алдын алу тақырыбында баяндама жасады. Ал учаскелік полиция инспекторы Е.Кулбаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы тоқталып, ата-ана мен бала және білім ордасы арасындағы байланыстың жүйелі жолға қойылуын қадағалауды ұсынды. Кездесуге қатысқан «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттері кездесу соңында флеш моб, заманауи хип-хоп билерімен осы шараны қолдайтындықтарын білдіріп, ризашылықтарын танытты.

Қазан

2019 жыл

   ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ

Оқу ордамызда Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманымен деструктивті діни ағымдардың алдын алу туралы кездесуі өтті. Кездесу барысында дінтанушы-теолог Дүйсен Асхат студенттермен сұхбат құрып, бүгінгі жастардың түрлі ағымдарға кіріп, адасушылыққа ұрыну жайы мен себептерін түсіндірді. Исламдық емес дін атын жамылған ағымдардың әрекет-белгілерін атап, әсіресе Отан қорғамау, әскери борышын өтемеу; Қан алмасуға, дене ағзаларын алмастыруға қарсылық таныту, екпе салғызбау;  Мемлекеттік Гимнді айтпау, Елтаңба мен Туға құрмет көрсетпеу; Сенбі күндері (өздерінің қасиетті күндері) жұмысқа, оқуға бармау; Спорттық іс-шараларға, қоғамдық істерге атсалыспау, қатыспау т.с.с. іс-әрекеттерінен тануға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ жат ағым өкілдерінің әлеуметтік желі арқылы, ауызша азғыру, қосымша сыйлық беру арқылы өздеріне тартып, жат пиғылдарын жүзеге асыруға қатысқандарды да түрлі баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру заңда көзделгенін де атап өтті. Кездесуге қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерінде, жақындарында дінге қатысты қандай да бір сұрақтар мен мәселелер мазалаған жағдайда дін мәселелерін зерттеу орталығына хабарласуға болатынын жеткізді. Кездесудің модераторы колледж директорының орынбасары Қ.Әділбаева осындай ортақ мәселелерді шешуде діни орталықпен байланысты күшейтетінін жеткізді. Кездесу соңы түрлі сұрақтармен жалғасып, «дініміздің іргесі берік болсын десек — басқа діни ағымдардан сақ болайық!», деген оймен қорытындыланды.

Қазан

2019 жыл

  ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАЙЫНДА ӨТКЕН ІС-ШАРА

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі студенттерінің арасында «Жастар арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында учаскелік полиция инспекторы Е.Кулбаевпен кездесу өтті. Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың «XXI ғасырды біз жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат — жас ұрпақтың өкілі. Мені сіздердің білімдеріңіз, шетел тілдерін игергендеріңіз, инновацияға ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады. Араларыңызда ақылы мен білімі қазірдің өзінде Отанымызға пайдасын тигізіп жатқан жастар аз емес. Әлем жұрты көп ұзамай жаңа қазақстандық ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, музыканттар мен спортшылар туралы естіп-білетініне сенімдімін»-дейтін жастарды рухани қуаттандыратын сөзін негізге ала отырып, жастарды бірлік пен білімге шақырды. Тәрбие ісі бойынша бүгінгі жастардың қылмысқа ұрыну қаупінің сыры жайында пікірлесті. Бүгінгі жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елеңдетіні және тәртібі қиын неліктен бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін жайында проблемалық мәселе көтеріп, қауіптен сақтану жайын түсіндірді. Учаскелік полиция инспекторына студенттер түрлі сұрақтар қойып, тұшымды пікірлерге қанықты. Кездесу соңында оқу ордамыздың студенттері атынан Бекқасым Диасбек алғысын білдіріп, болашақта қылмыспен қарсы күресте студенттердің де белсенділік танытатынын жеткізді.

Қазан

2019 жыл

  «ҚАРТЫҢ БОЛСА, ЖАЗЫП ҚОЙҒАН ХАТПЕН ТЕҢ…»

Оқу ордамызда Халықаралық қарттар күніне орай және «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында колледжде ұстаздық қызмет атқарып, зейнетке шыққан қарт ұстаздармен кездесу өтті. Кездесуге зейнеткер-ұстаздар А.Аманбаев, Ә.Рысбеков,  К.Мейірманова, А.Құрбанбаева, М.Қалдарбекова, Ж.Аликулова сынды қарт ұстаздар қатысты.   «Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» деп есептейтін колледж ұжымы бойындағы білімі мен мейірімін қоса берген ұстаздарға құрметін ізгілікті сөздерімен ғана емес, мерекелік ән шашуымен күтіп алды.

Кеш қонақтарына арнап колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Қ.О.Рысбеков, директордың оқу ісі бойынша орынбасары орынбасары Е.Е.Баратова, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.А.Әділбаева құттықтау сөз сөйлеп, зейнеткер-ұстаздарды Алғыс хатпен, гүл шоқтарымен марапаттады.

Зор қошамет пен алғысқа бөленген ардагер ұстаздар өздерінің еңбек жолындағы түрлі жағдайлардан естелік айтып, колледж ұжымы мен студенттерге сәттіліктер мен жарқын болашақ тіледі.

Қыркүйек

2019 жыл

  Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың “СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ ”атты Жолдауына ұжымдық қолдау жасалды

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде 2019 жылдың 2 қыркүйегінде жариялаған Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың “СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ ”атты Жолдауына ұжымдық қолдау жасалды. Білім ордасының басшысы, «ДЖИ-Ай» холдингінің президенті, профессор С.Шалхаров, колледж директоры Қ.Рысбеков, директор орынбасарлары Е.Баратова, Қ.Әділбаева және колледж қызметкерлері мен студенттер кең форматта Жолдауды талдап, пікірлерімен бөлісті. Қ.А.Әділбаева өз баяндамасында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі — білім беру сапасын жақсарту мәселесінің алаңдататыны жайында тоқталды. Ел президентінің білім саласында оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз керектігін алға тартып, орта білім беудің ұлттық стандартын қалыптастырудың маңыздылығы туралы ойларын қолдайтынын жеткізді.  «Жалпы кәсіптік пәндер» ЦӘБ оқытушысы Г.Матанова Жолдауда мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізе отырып: «Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі», — деген тұсына ерекше тоқталып,

Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтіледі делінген. Бұл дегеніміз оқу бітіруші  түлектердің мамандықтарына сәйкес жұмыс істеуінің әлеуметтік-экономикалық астары  түптеп  келгенде еліміздің даму индексін анықтайды, делінгендігін атап көрсетті. Колледж директоры Қ.О.Рысбеков: «Жастарымыздың және еліміздің басты капиталы – сапалы білім» деп Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өзі атап көрсеткендей, еркін елдің ертеңі сапалы білім мен кемел ғылымда екендігін ұмытпауымыз керек. Ғылым саласындағы қазіргі ахуалға да сын көзімен қараған Мемлекет басшысы отандық ғылымды көтерудің мемлекет үшін қаншалықты маңызды екендігін аңғартып, ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру мен оларды тәжірибеде қолданудың тетіктерін қарастыруды Үкіметке тапсырып отыр. Өйткені білімі биікке шықпаған, ғылымы қарыштап дамымаған елдің болашағы бұлдыр, келешегі күмәнді болатыны даусыз. Сондықтан Жолдауда айқындалып берілген ел дамуының негізгі ұстын-тірегі болып саналатын меже-міндеттерді өскелең  ұрпаққа, ел азаматтарына жете ұғындырудың маңызы зор екенін баса айтты. Мемлекет басшысының ел игілігі үшін жасалған Жолдауы колледж ұжымының көңілінен шығып, Жолдауды қолдауға қатысты пікірлер аудиторияда  студенттермен бірлікте жалғасын тапты.

Қыркүйек

2019 жыл

  ОҚУ ОРДАСЫ «СЫБАЙЛАСТЫҚТАН САҚТАНУДЫ» ЖЫЛ БАСЫНАН ҚОЛҒА АЛДЫ

Оқу ордамыз «сыбайластықтан сақтануды» жыл басынан қолға алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандарымен кездесті. Кездесудің арнайы қонақтары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша  департаментінің  АМЖ   офицері Бердибаев Диас Мухмутович  пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің жобалық кеңсесінің бас маманы Тұңғышбаев Ерулан Икрамұлы болды. Мамандар сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа жолы – Парасат мектебін құруды ұсынды. Оның мақсаты – қоғамға пайдалы кез-келген іске ұйытқы болып, қол ұшын созу. Парасат пайымыңды танытып, қоғамға жақсы іспен танылуды, біреудің мінін теріп, пайдасыз іспен айналысу, өмірден бас тартып өзін жаман жолға итермелеу, кісі ақысына қол сұғып, пара алу сияқты қоғамды ластайтын істердің орнын жаңа, жағымды әрекеттер арқылы толтыру шараларын ұсынды. Көңілге де, айналаға да ізгілік дәнін себетін игі шараларды қолға алуға колледж ұжымы қуана келісім берді. Өзін де өзгені де құтқаруға арналған кездесу соңы түрлі сұрақтарға ұласып, қатысушылардың алғысына жалғасты.

Қыркүйек

2019 жыл

  ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНМЕН БАСТАЛДЫ

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2019-2020 оқу жылын «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ» атты салтанатты жиынмен бастады. Мерекелік жиынды ашып берген «Дж- Ай» Холдингінің президенті м.ғ.д., профессор С.Ш.Шалхаров колледж ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Колледждің бүгінгі тамаша тынысы ары қарай өрлей беруі үшін ұжымның бірлігі мен жұмылған еңбегі жалғасқан жағдайда ғана биіктерді бағындыратынын айтып, осы күнге дейін қол жеткізген жаңалықтарды атап өтті. Биылғы қабылданған студенттердің білім мен тәрбие саласында түрлі сынақтардан сүрінбеуді тапсырып, Білім мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиынның салмақты ойларын жалғаған колледж директоры, м.ғ.к.  Қ.О.Рысбеков биылғы оқу жылының алға қойған жоспарларын сала бойынша таныстырып, жұмыстарды бірге атқаруға колледж ұжымын шақырды. Кеш барысында сөз алған директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е.Баратова, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.А.Әділбаева, Оқу әдістемелік орталықтың меңгерушісі А.А.Рысбекова биылғы оқу жылына зор табыстар тілеп, жүрекжарды тілектерін арнады. Салтанатты жиын студенттер дайындаған ән-жырға жалғасып, соңында 1-курс студенттеріне арналған ашық сабаққа ұласты.


Қаңтар 2019


  

Колледжіміз Жастар жылының ашылуына қатысты

Колледж ұжымы мен студенттері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Астана қаласында өткен жастар жылының ашылу салтанатына онлайн түрде қатысты. Биылғы жылдың жатар жылы деп аталуы бүкіл Қазақстан жастарымен бірге оқу ордамыздың студенттеріне жаңа әлемге бет бұрғандай әсер етті. Өздерінің болашақ жоспары мен әлем кеңстігіне батыл қадам жасайтындықтарын қуанышпен қабылдады. Қазақстан Президенті жиынға қатысушыларды Жастар жылының ашылуымен құттықтап, бұл шараның келешек ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтіп, «Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыру үшін атқарылып жатыр», – деп, жастарға рух берді. Елбасының Қазақстан жастарына айтқан серпінді сөздері, колледж студенттерін де қанаттандырып, онлайн конференциядан соң да студенттер өзара ұзақ сұхбаттасты.


Қаңтар 2019


 


Рәмізге құрмет – біздің басты міндет

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін қала тұрғындары арасында кеңінен құрметтеу мен қастерлеу жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж қызметкерлері «Қоғамдық келісім» КММ Түркістан қалалық филиалының маманы А. Әбдінәбиева, «Түркістан» газетінің бөлім меңгерушісі Қ. Тасыбаевпен кездесті. Кездесу барысында  «Қоғамдық келісім» маманы А. Әбдінәбиева Мемлекеттік рәміздердің қасиеті туралы айтып, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үміт пен арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілері туралы тоқталды. Ал өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі жөнінде Қ. Тасыбаевтың пікірі залда ұзақ талқыланып, колледж қызметкерлерінің сұрақтарына ұласты. Колледж директоры Қ. Рысбеков өз сөзінде  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды  адамдар жүргізуге міндетті екенін және оқу ордамызда ол туралы белсенді қадамдар жасалып, оқытушылар мен студенттер тарапынан жұмыстар атқарылып жатқаны жөнінде тоқталып өтті. Рәмізге құрмет – біздің басты міндет, деп есептейтін колледж қызметкерлері К. Оразбекова мен Г. Анарбаева баяндама жасап, жиын соңы —  тәрбие ісі бойынша колледж директорының орынбасары Л. Аймбетованың «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышқа айналуы тиіс» — деген  қорытынды сөзімен аяқталды.


Қараша

 2018


 


«Туберкулезден сақтан»

Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып колледждің Студенттік Үкімет ұйымы «Туберкулезден сақтан» атты акция өткізді. Акция барысында 1 курс студенттері флеш моб билесе, өнерлі жастар салауатты өмір салтын ұстануға арналған өлең-жырларын оқыды. Сала мамандары болашақ медицина өкілдеріне аталған дерт жөнінде тереңірек түсінік беріп, викториналық ойындар өткізді. Акция соңында колледж студенттері қала жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып,  басқа оқу орындарына эстафета жолдады.


Қараша

 2018


 


«Қыз тағдыры» семинар-тренинг

Колледж психологы А.Төлентаеваның ұйымдастыруымен колледждің Мәдениет үйінде студент қыздрға арналған «Қыз тағдыры» атты семинар-тренинг болып өтті. Кеш қонақтары қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Г.Нуруллаева, акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы Ж.Аликулова және колледж фельдшері Г.Жалғасова ерте жүктіліктің зардаптары туралы студент қыздарға тереңінен түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті. Семинардың негізгі мақсаты: кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктілікті, зорлықұ-зомбылықты болдырмау, оң шешімдерін табу, тығырыққа тірелген жағдайда көмек сұрау. Кеш соңында студенттерге арнайы дайындалған роликтер көрсетіліп, қыздардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға сала мамандары жауап берді.


Қараша

2018


 


«Гиппократ» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «URKER MITEC» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Гиппократ» республикалық олимпиадасына колледж студенттері қатысып, жүлделі орындар мен алғыс хаттарға ие болды. Жеңімпаз студенттерді аталған жеңістерімен құттықтаймыз! Олар:

Белсене қатысқаны үшін: Раимова Шахло, рахымбек Айкерім, Раимова Камола, Құдайберген Ақерке;

3-орын алғаны үшін: Ильяс Шырайлым, Жолдасбек Нұрсезім, Аймырза Динара, Такирова Оразкүл, Тнейбай Мухамеддин, Қуанышбаева Қарашаш;

Жетекшілері: Абдужаппарова Октам, Нарметова Насиба, Ергешов Мухаммадин.


Қазан

 2018


 


Дүниежүзілік қарттар күні

1-қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай №4 «Мейіргер ісі және балалар аурулары» ЦӘБ-нің ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты колледждің ардагер ұстаздарымен кездесу болып өтті. Кездесуге колледжде қызмет етіп, зейнетке шыққан ұстаздар Зина Ерденова, Жахансұлу Аликулова,  Амангелді Маханов сынды ұстаздарымыз қатысып, әсем ән мен жырдан құрмет көрсетілді. Ардагер ұстаздар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өмір жолымен бөлісті.


Қыркүйек

2018


 


«Ұлттық бірегейлікті сақтау бізге парыз»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлттық бірегейлікті сақтау бізге парыз» тақырыбында колледждің мәдениет үйінде зиялы қауым өкілдерімен жастар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында студент жастар ұлттық бірегейлік жөнінде тереңірек мәлімет алып, қонақтармен естелікке суретке түсті.


Мамыр
2018


ataana 1ataana 2


«Ата-анаға құрмет — ұрпақ алдындағы міндет» 

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің жыл сайын дәстүрлі «Ата-анаға құрмет — ұрпақ алдындағы міндет» атты мерекелік іс-шарасы биыл да өз дәрежесінде атап өтілді. Колледж директоры м.ғ.к., Қ.О.Рысбеков Дүниежүзілік мейіргерлер күнімен орайлас келген іс-шараны жақсы ырымға балап, колледж қонақтары мен ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады. Жиын барысында директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Қ.А.Әділбаева, Оқу бөлімінің меңгерушісі А.А.Рысбекова, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Г.Байтұрсынова, «Жалпы білім беру» бөлімінің меңгерушісі Л.М.Аймбетова, «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі А.А.Тулентаева, «Емдеу ісі»  бөлімінің меңгерушісі А.Искакова сөз алып, өз бөлімдеріне қарасты мамандықта оқитын білімді, талантты студенттердің ата-аналарына құрмет көрсетіп, алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік жиында колледж тарихынан сыр шертетін фильм көрсетіліп, студенттердің ән-жырына ұласты. Жиын соңында ата-аналар тарапынан сөз сөйлеп, колледж басшылығы мен оқытушыларына жылы лебіздерін жолдады.


Мамыр
2018


«ШЫҒАРМАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ – 2018»


«ШЫҒАРМАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ – 2018»

Астана қаласында Білім беру-əдістемелік орталығы «New Opportunities» ЖШС Республикалық қашықтықтан өткізілген интернет-байқауында Жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының кітапхана мамандарына арналған «ШЫҒАРМАШЫЛ КІТАПХАНАШЫ – 2018» байқауында колледжіміздің кітапхана меңгерушісі УТЕГЕНОВА АСЕМКУЛЬ АБЛАЕВНА (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі ЖМ) «Кітап – тарих, кітап – қазына» номинациясының жүлдегері атанып, І Дәрежелі дипломға ие болды.


Сәуір
2018


Scannen10001Scannen10003


«Студенттердің ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру бағытында «Студенттердің ғылыми ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында Шымкент қаласында ұйымдастырылған Республикалық ғылыми-теориялық конференцияға Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп қайтты. Конференция жұмысы үш бағытта: жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық; жалпы кәсіби пәндер; арнайы пәндер бойынша өтті. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша кәсіби дағдыларды жақсартуға, болашақ орта буынды тәжірибелі мамандарды даярлауға өз ықпалын тигізу ниетімен конференцияға республикамыздың 20-ға жуық медицина колледждері қатысты. Солардың қатарында колледжіміздің К-101 тобының студенті Амангелді Ақниет физика, математика пәндерінің оқытушысы Д.Жағыпарованың жетекшілігімен «Күбінің заманауи түрін жетілдіру» тақырыбында конференцияда баяндама жасап, жүлделі 3-орынды иеленді. Сондай-ақ, Аймырза Динара жетекшісі А.Рысбекова, Шәку Ақмарал жетекушісі А.Искакова, Суртибаева Динара жетекшісі М.Ергешов конференцияға қатысып сертификатка ие болды.


Сәуір
2018


IMG 20180425 WA0021IMG 20180425 WA0034


«Үздік кәсіп иесі» инновациялық жобалар көрмесі

Оңтүстік Қазақстан облысы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Үздік кәсіп иесі» инновациялық жобалар көрмесі болып өтті. Көрмеге «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұжымы да бірнеше жұмыстарын ұсынды. Солардың қатарында «Қолдың ұсақ моторикасының реабилитациясы» атты жобаны МК-301 тобының студенті Н.Жолдасбек ( жетекшісі У.Бабажанова) ұсынса, «Аяқ буынының реабилитациясына арналған тренажерлер» атты жобаны ЕК-306 топ студенті Ә.Қыпшақбаева (жетекшісі Е.Нағашбеков) ; «Жүрек қан-тамырлар жүйесінің макеті» тақырыбында ЕК-306 тобының студенті Қуатбек Ақерке (жетекшісі С.Тилеулиев), «Алабота тұқымдасынан сабын алудың әдісін жетілдіру» тақырыбында К-101 тобының студенті Ерман Қаракөз ()жетекшісі А.Шерімбетова; «Күбінің заманауи түрін жетілдіру» атты ғылыми жобаны ұсынушы Амангелді Ақниет (жетекшісі Д.Жағыпарова) иеленіп, үлкен қуанышпен оралды.


Сәуір
2018


IMG 20180502 WA0045


Оқу-дала жиыны

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледж студенттерінің әскери дайындығын шыңдау мақсатында оқу ордамыздың «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы Қалыбаев Бақыт Шәймерденұлының ұйымдастыруымен 5 күн қатарынан оқу-дала жиыны өткізілді. Оқу-дала жиынының сәтті өтуіне колледж басшысы Қ.Рысбеков, тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Қ.Әділбаева және колледж студенттері атсалысты.


Ақпан
2018


DSC0187DSC0191


«Дін –зайырлы мемлекеттің рухани тірегі»

Дін мемлекеттен бейтарап саналғанымен, дін мемлекеттің тіректерінің бірі – рухани тірегі болып қала бермек. Бүгінгі таңда еліміздің ішінде оңды-солды тіркеліп, діни үгіт-насихат жұмыстарын екпіндете жүргізіп жатқан әртүрлі діни бағыттағы бірлестіктер мен көптеген жат миссионерлердің істері – халқымыздың, ұлтымыздың келешек болмысына, ата дініміздің бекіп өркендеуіне деген алаңдатушылығын туғызып отыр. Еліміздегі бүгінгі діни ахуал жағдайында бұрынғы өлшеммен жұмыс істеуге болмайтыны белгілі ақиқат. Осыған орай «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы М.Қалеке, Орталық «Түркістан –Ахмет Ясауи» мешітінің наиб имамы Е.Киізбаев, Түркістан қалалық емханасының психологы Р.Юлдашев, Жастар ресурстық орталығының теологы Нағызхандардың қатысуымен «Дін –зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты кездесу өтті. Кездесу барысында рухани қолдау танытып, студенттерге маңызды жайттарды түсіндіргені үшін колледж директоры Қ.Рысбеков сөз сойлеп, колледж атынан мамандарға алғысын білдірді.


Ақпан
2018


IMG 20180221 WA0036IMG 20180221 WA0027


«Ауған соғысы – жүректегі жара»

Биыл Ауған жерінде өткен соғыстың тоқтағанына 29 жыл толуына орай Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі «Ауған соғысы — жүректегі жара» атты кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Ауған соғысы ардагері Тілес Ахай қатысты. Кездесу мезгілсіз кеткен құрбандарды еске алумен ашылды. Бұл шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Әділбаева жүргізді. Кездесу барысында ардагер Тілес Ахай ауған соғысында өткен өмірлері мен қиындықтары, сол соғыста қаншама сарбаздардың қайтыс болғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналғанын, бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылғанын айтты. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:00 — де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін кіргізуі, басталғаннан аяқталғанға дейінгі аралықта Қазақстаннан, басқа да Мемлекеттерден үздіксіз азаматтарымыздың Ауғанға аттанып, жазықсыз жау қолынан қаза тапқаны өкінішпен баяндалды. Кездесу соңында студенттердің сұрағына жауап беріп, естелік суретке түсті.


Ақпан
2018


IMG 20180216 WA0017IMG 20180216 WA0022IMG 20180216 WA0032


«Ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу»

Балиғатқа толмаған қыздардың ерте тұрмыс құруы мен балалы болуы мектепті тастап кету, жоғары білім алмау және жұмыссыздыққа әкеледі. Өзі әлі бала, бірақ ана болған соң өз баласын тәрбиелеуі керек, жетілдіруі керек. Материалдық және моральдық қиындықтар жас ананың ерте өмірімен қоштасуына, жасанды түсік жасатуына, сәбиін жетімдер үйіне өткізуге немесе қоқыс жәшігіне тастап кетуге әкеп соқтырады екен. Осы себептердің алдын алу мақсатында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі қалалық жастар ресурстық орталығы КММ-нің бас инспекторы А.Әбдінәбиева, Түркістан қалалық емханасының жасөспірімдер гинекологы Н.Раметова, Ахмет Ясауи мешітінің араб тілі мұғалімі М.Ергешованың қатысуымен «Ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында суицидпен күресетін жүйенің құрылғанының өзі нәтиже. Бұл проблеманы шешуге бір органның, мысалы, жалғыз білім беру жүйесінің шамасы мүлде келмейді. Бұл жерде кешенді жұмыс керек. Бұл жерде білім беру жүйесі де, медицина да, қоғамды психикалық денсаулық туралы хабардар етуде бізге көмектесетін бұқаралық ақпарат құралдары да, қылмыстың алдын алу аясында кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін ішкі істер органдары да жұмыла жұмыс істеуі тиіс. Егер осы органдар жүйелі әрі бірлесіп жұмыс істесе, нәтиже де болатыны сөз етіліп, студенттер сауалдарына жауап алынды


Ақпан
2018


«Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл»


«Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай қала әкімі Т.Мұсаевтың қатысуымен Түркістан қаласы «Жеңіс» саябағында Ауған ардагерлері мен қала халқына митингісі өткізілді. 1979 жылдан 1989 жылға дейін 10 жылға жалғасқан әскери қимылға Қазақстаннан 22 мыңнан астам азамат аттанды. Олардың мыңға жуығы сол елде жан тапсырды. Бүгін ардагерлердің айтулы мерекесі қарсаңында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі Ауған ардагерлерімен арнайы кездесуге қатысып қайтты. Қазірде елімізде 10 мыңға жуық ауған соғысының ардагері бар екен, соның 3 мыңы мүгедек. Жастығын жалын шарпыған ардагерлерге арнап мемориалды ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ардагерлердің азапқа толы күндері туралы естеліктер айтылды.


Ақпан
2018


DSC 5333


Рухани жаңғыру аясында берілген алғыс хат

Түркістан қаласының әкімі Т.Мұсаевтың бұйрығымен Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына және ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай колледжіміздің оқытушысы Оразбекова Камшат Дихановна алғыс хатпен мараптталды.


Ақпан
2018


kara kyldy karazhargyn


«Қара қылды қақ жарған…»

Колледжіміздің 2 курс студенті Алпейіс Гүлнар Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінде өткен «Қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасап қайтты. Студентімізге, ғылым саласында шығарың биік болсын!-дегіміз келеді.


Желтоқсан
2017 


talat 1talant 2


«ТАНЫЛМАҒАН ТАЛАНТ»

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, халық әндері, халық композиторларының әндерін жастар арасында кеңінен дәріптеу мақсатында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде «Танылмаған талант» қалалық жас әншілер байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырған Түркістан қаласының «Жастар ресурстық орталығы» мен «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі болғандықтан қатысушылар саны аз болмады.Байқаудың шарттары бойынша әр үміткер 2 әннен (1. Патриоттық ән (Отан, ауыл, ел);2. Еркін тақырып) орындап, әннің орындалу шеберлігі мен сахнада өзін ұстай білуі ескерілді.
Байқау соңында колледжіміздің студенті Асанбай Самат жүлделі екінші орынға ие болып, оқу ордасын қуанышқа бөледі.


Желтоқсан
2017 


idea 1idea 2


«Жаңа педагогикалық идеялар»

2017 жылдың 20 желтоқсанында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңа педагогикалық идеялар» атты оқытушылар арасында қалалық педагогикалық семинар болып өтті. Семинар Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатын көздегендіктен, семинарда педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру және тәжірибе алмасу үшін арнайы сабақ үлгілері ұсынылды. Педагогикалық әдістерді сараптау үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор оқытушылары п.ғ.к., доцент Б.Жүсіпова, ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.Толысбаева, ф.ғ.м.Р.Есбалаева сарапшылық жасады. Семинарға қатысушылар сабақта қолданылған технологияның тиімділігі; Оқытушының жаңашыл идеялары, шығармашылық жұмыстарының шынайылығы; Тақырыпқа байланысты видеопрезентацияның сапасы; регламентті (10 минут) сақтау бойынша бағаланып, қорытындыланды.


Қазан
2017


pilotty zhoba 1pilotty zhoba 2


«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі пилоттық жобаны қолға алды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Түркістан қаласындағы «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2017 жылғы «Медициналық білімді жаңғырту» жобасы бойынша «Тәжірибелік денсаулық сақтау ұжымдарында мейіргерлік қызметтің жаңа басқару жүйесін әзірлеу және енгізу» тармағына сәйкес пилоттық жобамен жұмыс жасауда. Пилоттық жобаның мақсаты, тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарында мейіргерлік кәсіпке — жоғары колледждердің клиникалық базаларына сәйкес халықаралық талаптарға сай мейіргерлік қызмет көрсетудің жаңа моделін әзірлеу және енгізу болатын. Яғни, Пилоттық жоба «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша дүниежүзілік мейіргерлік ұсынатын білікті мейіргер тәжірибесін жаңғыртуға бағытталған. Енді мейіргер өздерінің мәнсаптық дәрежесін жоғары көтеруге қол жеткізіп қана қоймай, науқастың жағдайын жақсартудың түрлі тәсілдерін меңгереді.
Жоба барысында, топ мүшелерімен байланыс, мейіргерлер тобының жұмысын үйлестіру, басқа денсаулық сақтау мамандарымен байланыс, перспективалық топтың кездесулері мен қызметі, күтімді қамтамасыз етудің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіпқойлар арасындағы араласуды үйлестіру шаралары қамтылатын болады.
Аталмыш жоба аясында колледжіміз ҚР медицина колледждері Одағы басқармасының бастығы, м.ғ.д., профессор Ж.С.Шалхарова, ОҚО ДС басқармасынан аймақтық менеджері А.ААмирбекқызы, Жоғары медицина колледжінен директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е.Баратова және аймақтық денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесіп, Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері А.О.Сакеева, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Б.О.Тореханов, Түркістан қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері С.У.Насырова, №3 облыстық перинатальдық орталылығының бас дәрігері (сол кезде) А.Я.Ильясова және «Санитас» ЕСО-ның бас дәрігері Ө.Д.Исмаилов, т.б.жұмыстарын бастап кетті.


Қыркүйек 
2017


memarandum


Бірлескен ортақ меморандум

ОҚО денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры м.ғ.к. Қ.О.Рысбеков пен «Ай-Тұмар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ф.Байзахова «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру» туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты, жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануға және репродуктивті денсаулық сақтау мен нығайтуға, ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ортақ жүзеге асыру боп белгіленді.


Мамыр
2017


sportakiada 1sportakiada 2


Медицина қызметкерлерінің спартакиадасы

Кешегі 20 мамырда өткен ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Сау болған – өте жақсы» ұранымен медицина қызметкерлердің спартакиадасында «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өте жоғары көрсеткішпен бірінші орынға қол жеткізді, деген сүйінші хабар жетті. Колледж қызметкерлерінің ұйымшылдығы мен белсенділігінің арқасында спорт түрлеріне байланысты бірнеше жетістікке жеткенін де қуанышпен айта аламыз. Әсіресе, колледж командасы арқан тартудан үшінші орын, стол теннисінен А.Рысбекова екінші орынды иеленсе, команда бойынша ерлер арасында мини футболдан өткен жарыста колледж қызметкерлері екінші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, ерлер арасында қол күрестен С.Ирисметов екінші орынды, қыздар арасындағы тоғыз құмалақтан А.Утегенова бірінші орынды, ерлер арасында шахматтан Д.Мисиров бірінші орынды, қыздар арасында шахматтан жүлделі екінші орынды Д.Жағыпаровалар жеңіп алып, обылысқа жолдама алды.


Мамыр
2017


voleibol


Студенттеріміз волейболдан жеңіске жетті

ҚР Білім беру ісінің үздігі, Түркістан қаласы спортының дамуына елеулі үлес қосқан Ұлағатты ұстаз Қамшыбаев Нұрмахан Оспанұлының 63 жас зейнеткерлікке шығуына орай волейболдан өткен қала біріншілігінде колледжіміз екінші орынды қанжығасына байлап, төбемізді көкке жеткізді


Мамыр
2017


Колледж командасы бірінші орын алып, қуантты


Колледж командасы бірінші орын алып, қуантты

Азғантай күннің ішінде үлкен қуанышқа кенелген «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің бөлісері көп. Жақында ғана «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» тақырыбы аясында жастар арасында өткізілген қалалық туристік жарыста «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің командасы бірінші орын алып, қуантты.


Мамыр
2017


Колледж «Халықаралық медбикелер күнін» жаңа форматта атап өтті


Колледж «Халықаралық мейіргерлер күнін» жаңа форматта атап өтті

Дүние жүзі бойынша мейіргерлердің тұңғыш қайырымдылық қызметін ашқан Флоренс Найтингейл (Florence Nightingale) құрметіне тойланатын халықаралық медбикелер күні Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде жаңа форматта атап өтті.Колледждің ұжымы мен студенттері бір-біріне деген құттықтауларын салтанатты жиынға айналдырмай, колледж қалашығының түкпір-түкпірінде отырып-ақ тілектерін жолдады. Колледждің радиоторабы бұл күнгі ізгі тілектер мен жылы лебіздерді желі арқылы дамылсыз хабарлап отырды. Колледждің қызметкерлері мен болашақ медбикелер бұл күннің қуанышын ашық аспан астында тамашалады. Мереке құтты болсын, мейірімді жандар!


Мамыр
2017


birlik 2birlik 1


«Бірлік бар жерде-тірлік бар»

Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесінде Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінің ынтымағы танылды. Колледж директоры Қ.Рысбеков бастаған колледждің оқытушы-профессор құрамынан бастап, әкімшілік құрылымы мен колледж студенттері бірігіп, Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шеруде белсенділік танытты. Шеруде өтіп бара жатып, медициналық колледждің тәжірибесінде қолданылатын алғашқы жедел жәрдем бойынша қойылым дайындап, қала жұртшылығының назарын аударды. Ынтымағы жарасқан оқу ордасының белсенділігі мен мамандығына деген құрметі — колледж қызметкерлерінің шәкірт тәрбиелеудегі бейнесін шынайы болмысы айқындап тұр. Колледж ұжымына берекең мен бірлігің ортаймасын!-дейміз.


Сәуір
2017


tulek 1tulek 2tulek 3


«Үздік түлек-2017»

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев бір сөзінде: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деген еді. Ел дамуының басты көрсеткіштерінің бірі – халық денсаулығы десек, сол денсаулықтың қорғаны болар жанның бірі – медбикелер. Колледжіміздің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздік түлек-2017» байқауы, биыл да өз мәресіне жетті. Жыл бойы білім мен тәжірибені ұштастырып, білім алған бітірушілер «Үздік түлек-2017» байқауында көпшіліктің алдына шығып, түрлі сыннан өтті. Сайыс бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: 1-кезең: Үй тапсырмасы. «Өткенді бағалаймыз, бүгінмен мақтанамыз, болашақты жасаймыз». Бұл кезеңде қатысушылар мамандық квалификациялық мінездемесін меңгергендігін, медбике бейнесіндегі мейірімділіктің шынайылығын көрсете білуі тиіс. 2-кезеңде, «Мамандығым — мақтанышым»деп, әр студент манипуляциялық, тәжірибелік дағдылар бойынша тапсырмалар орындайды.3-кезеңде,«Нұрлы жол — жүрегіміз бен ісімізде». Сұрақ-жауап сайысы. Шәкіртінің болашағына немқұрайлы қарамайтын «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі биыл да, өмірдің жаңа белесіне қадам басқалы отырған түлектерін тағы бір сынақтан өткізіп, медициналық білімдері мен тәжірибелік дағдыларының орныққанына көз жеткізді.«Үздік түлек-2017»байқауында «Емдеу ісі» бөлімінен ЕК-401 тобының студенті Өмірзақ Рахматулла бас жүлдені, ЕК-403 тобының студенті Шәріп Айдана 1-орын, ЕК-402 тобынан Әбен Айткүл, АК-401 тобының студенті Азизханова Дилхумар 2-орынды, ЕК-401 тобының студенті Айтқожа Ақнұр 3-орынды иемденді. «Медбикелік іс» бөлімі бойынша МК-401 тобының түлегі Тастанбай Мария «Үздік түлек-2017» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. МК-401 тобынан Тұрсын Жазира 1-орын, МК-404 тобынан Оразбаева Дилшода және МК-403 тобынан Асқар Несібелі 2-орын, МК-405 тобынан Байгөбекова Аяжан 3-орын қол жеткізіп, қуанышқа кенелді. Бітірушілерге колледж ұжымы «Жолың болсын, жас түлек!» деген тілек білдірді.


Наурыз
2017 


IMG 1471


Жасыл аймақ

Колледж студенттері көктем мезгілі басталысымен Жастар орталығымен бірлесіп көгалдандыру мен тазалық жұмысына белсене араласып кетті. Қала аумағындағы бос жатқан жерлерге ағаш отырғызып, түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістанның жасыл аймаққа айналуына өз үлестерін қосуда.


Наурыз
2017 


Жол картасы 2020


Жол картасы-2020

Колледжде жастар саясатын қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020», «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы» және нәтижелі жұмыспен қамтуды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 3-4 курс студенттеріне мекеме мамандарымен бірлескен, түсіндірме жұмысы жүргізілді.


Наурыз
2017 


«Рухани астананың жастарымыз!»


«Рухани астананың жастарымыз!»

Түркістан қаласының 2017 жылы түркі тілдес халықтардың рухани астанасы аталуына және ұлыстың ұлы мерекесіне орай Түркістан медицина колледжінде өткізілген волейбол турнирынан колледж командасы жүлделі 2-орынды иеленді.


Наурыз
2017 


madeni astana


Түркістан – түркі халықтарының мәдени астанасы

Рухани астана Түркістан 2017 жылы түркі халықтарының мәдени астанасы болып жариялануына байланысты қаламызда үлкен мереке болып өтті. Атаулы думанға колледж ұжымы да өз үлесін қосты. 12 қанатты киіз үй тігіліп, түркі елінен келген қандас бауырларымызға арнап дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Әз Наурыз, елімізге құт-берекесін ала келсін!


Ақпан
2017


kytai mamany


Қытай маманы біздің медициналық орталықпен бірлесіп қызмет көрсетуде

Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі шетел мамандарымен клиникалық пән бойынша оқытушы-дәрігерлерінің біліктіліктерін арттыру және емдеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізу мақсатында ынтымақтастық құрды. Шығыс медицинасының тәсілдері негізінде «Жан Дауа» остеопатиялық медицина орталығымен бірлесіп Қытай республикасының білікті маманы Пан Ай Го бүкіл Түркістан аймағының науқастанған тұрғындарына емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуде. Аймақ тұрғындарының пікірінше емдеу-сауықтыру жұмыстары жақсы нәтиже көрсетуде.


Қаңтар
2017


Туркестан каз


Колледж аккредиттеу мәртебесіне ие болды

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі өзін-өзі бағалау бойынша аккредиттеуден сәтті өтті. Аккредиттеу нәтижесі бойынша институционалдық аккредиттеу және мамандандырылған аккредиттеу мәртебесіне ие болды.


Желтоқсан
2016


001


Колледж Республикамыздағы Мейіргерлік білімді реформалау жұмыстарына қатысты

Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінің бас директоры, м.ғ.д. Ж.С. Шалхарова және директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавиаттарға арналған жеделдетілген білім беру стандартын дайындау комиссиясының мәжілісіне қатысты.


Желтоқсан
2016


mamandyrylgan institutsionaldyk


Колледж мамандандырылған және институционалдық аккредитациядан өтуде

Колледж мамандандырылған және институционалды аккредиттеуден табысты өтті.


Желтоқсан
2016


Бақытты балалық шақ


Бақытты балалық шақ

Жаңа жыл мерекесіне орай мүгедек балаларға арналған «Демеу» қайырымдылық қорымен бірлесе отырып колледж студенттері мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына арнап «Қош келдің, Жаңа жыл»атты қайырымдылық кешін өткізді. Қонақтарға арнап арнайы жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік дастархан жайылды.


Желтоқсан
2016


maktanysh


Білім сапасындағы мақтаныш

“Түркістан” көпсалалы жоғары медицина колледжі Қазақстан Республикасы бойынша колледжер арасында үздік көрсеткішке ие болып “Білім сапасының мақтанышы” медалімен, сапалы басқару және ұйымдастырушылық дағдылар мен еңбек жетістіктері үшін “Бейімділік. Даналық. Білім” қабырға медалімен және “Білімге зор үлес қосқаны үшін” орденімен марапатталды.


Желтоқсан
2016


uzhym katyskan seminar


Ұжым қатысқан семинар

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі колледждің бірқатар оқытушыларын «Институтционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы» атты семинарына қатысқаны үшін колледж қызметкерлеріне арнайы СЕРТИФИКАТ ұсынды


Қараша
2016


Денсаулық фестивалі – 2016


Денсаулық фестивалі – 2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл сайын өтетін «Денсаулық фестивалі-2016» акциясында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен белсене қатысқаны үшін колледж алғыс хатқа ие болды.


Қараша 
2016


25


«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі әлемдік деңгейдегі университетке қадам жасады

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі 2016-2017 жаңа оқу жылын шетелдік JAMK және Lahti қолданбалы ғылымдар Университетімен бірлесе отырып жұмыс жасаудан бастамақ.
Lahti Университетінің ғалымы, PhD, бас сарапшы Johanna Heikkilaның жетекшілігімен педагогика саласы бойынша оқытушылардың деңгейін көтеріп, қолданбалы бакалавриаттың стандарттарын оқу жүйесіне енгізу мақсатында “Түркістан” көпсалалы жоғары медицина колледжі мен Финляндия мемлекетінің Jamk және Lahti Университеттері арасында Мейірбике ісі бойынша қолданбалы бакалавриат мамандарын дайындау мәселесі бойынша меморандумға қол қойылды.


Қараша 
2016


Shenberlik synyptan otti


Колледж қызметкерлері шеберлік сыныбынан өтті

Түркістан көпсалалы медицина колледжінің қызметкерлері директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова, терапиядағы медбикелік іс пәнінің оқытушылары дәрігер Нарметова Н.Қ., дәрігер С.Тілеулиевтер «Мейірбике ісі» мамандығы негізінде“Қолданбалы бакалавиаттарға” арналған жеделдетілген білім беру бағдарламасы бойынша: «Құзіреттілікке негізделген педагог кадрлардың потенциалын көтеру cаясатымен “Мейірбикелік білім беру саласындағы Қолданбалы бакалаврлардың дипломдық жұмыс процесі” тақырыбында шеберлік сыныбына қатысып, арнайы сертификатқа ие болды. (Қазақстан-Финляндия 2016ж.).


Мамыр 
2016 


«Педагогикалық ізденіс» жеңімпазы анықталды


«Педагогикалық ізденіс» жеңімпазы анықталды

Колледждің философия және мәдениеттану пәнінің оқытушысы Г.Мамбетова үстіміздегі жылы өткен «Педагогикалық ізденіс» атты оқытушылар арасында облыс деңгейінде өткен сайыста жүлделі ІІ орынды иеленді


Мамыр 
2016


b246cd2a0d6613c457f009abc1dcd4d4 resize w 520 h


Мейірбикелер съезді

Колледж оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің халықаралық және республикалық деңгейде өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен Халықаралық мейірбикелер күніне арналып өткізілген «Мейірбикелердің ІІІ съездіне» 3 оқытушы-профессор делегат болып қатысты.


Сәуір
2016 


5586758a4cde71434875274


«Үздік түлек-2016»

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша медицина колледжерінің «Медбикелік іс» мамандығы бойынша бітіруші түлектер арасында өткізілген «Облыстық медицина колледждерінің 2016 жылғы үздік түлегі» атты сайысына МК-401 топ студенті Махсудова Дилфуза жетекшісі Тілеулиев Саматпен қатысып, 3-орынды иеленді.


Сәуір
2016


Үздік акушер – 2016


«Үздік акушер – 2016»

Сәуір айының 4 жұлдызы күні «Үздік акушер-2016» сайысы болып өтті. Аталған сайысқа АК-401 студенттері Амангелдиева Малика, Оразқұл Самал, АК-402 топ студенттері Әнияр Мөлдір, Ілескен Әсел сынды студенттеріміз қатысты. Сайыс нәтижесінде қарсыластарынан ұпай саны бойынша озған Әнияр Мөлдір 1 орынды иеленіп, «Үздік акушер-2016» номинациясына ие болды


Наурыз
2016 


Үздік медбике 2016


«Үздік медбике-2016»

30.03.2016 күні колледждің мәдениет үйінде «Үздік медбике-2016» сайысы өткізілді. Сайысқа :Махсутова Дилфуза, Досжанова Фарида, Нуруллаева Шахзода, Ратқұл Ляззат, Оразмет Ұлжалғас, Закіржан Айман, Бекенбай Дәне сынды студенттеріміз қатысты. Тартысты өткен сайыста МК-401 топ студенті Махсутова Дилфуза «Үздік медбике-2016» номинациясын иеленіп, бас жүлдені алды. Сонымен қатар облыстық байқауға жолдама алды.


Наурыз
2016


Үздік фельдшер – 2016


«Үздік фельдшер – 2016»

29.03.2016 күні жыл сайынғы дәстүр бойынша «Үздік фельдшер-2016» сайысы өткізілді. 4 кезеңнен тұрған сайысқа Қалықұлова Сымбат, Тұрсынқұлов Талғат, Сахи Динара, Әуелхан Қаршыға, Қуаныш Қанат, Маматханов Анарбай сынды студенттеріміз қатысты. Қарсыластарынан оза шауып, сайыс жеңімпазы болашақ фельдшер — Тұрсынқұлов Талғат атанды


Наурыз
2016


Спортшы қыздар


Колледждің спортшы қыздары

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай оқушы және студент қыздар арасында волейболдан өткен жарыста колледждің қыздар командасы 2-орынды иемденді. Жеңістеріңіз құтты болсын!


Наурыз
2016


IMG 9858


Түркістан аруы –біздің колледжде

Қазақ халқы қашан да ұлын нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – өрісің» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттау басты назарда тұруы қажет.
Осы мақсатқа сәйкес, 2016 жылы Түркістан қаласында қыздар арасында өткізілген «Шолпы» арулар байқауы өткізілді. Байқауда аруларымыз әрқилы салада сынға түсті. Нәтижесінде, қазақ аруына тән қасиеттерді жоғары деңгейде көрсете отырып, сапалы өнерімен тәнті етіп Бердіқұл Қазына 1-орынды иеленді.Қадамың биікке өрлей берсін, қазақ арауы!


Қыркүйек
2015


tkmk


ТКМК-і Дуальды оқыту жүйесін енгізді

Түркістан көпсалалы медицина колледжінде әлеуметтік серіктестік шеңберінде дуальды оқыту жүйесі енгізілді.
Дуальды оқыту жүйесіколледждің негізгі клиникалық базасы “Санитас” ЕСО, “Жан Дауа” остеопатиялық медицина орталығы, Жаңақорған шипажайы АҚ жәнеЖаңақорған аудандық медициналық мекемелерімен ынтымақтастық шарттар арқылы жасалынды.


Қыркүйек
2015


H48A0239


Жаңа технология — жаңа емтихан түрі

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжінде 2015 жылдан бастап студенттердің тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша бағалау критерийлері, чек парақшалары дайындалып, колледждің «Виртуалды клиникасында» сынала бастады.
Ол үшін «Студенттердің тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын ОСКЭ/ОҚКЕ технологиясы бойынша бағалаудың әдістемелік нұсқауы» әзірленді.


Қыркүйек
2015


Стратегияға енген өзгеріс


Стратегияға енген өзгеріс

2015 жылдан бастап Колледждің стратегиялық даму жоспарына өзгерістер енгізіліп, колледж оқытушыларын ағылшын тілін оқыту курсы басталды. Ағылшын тілін оқыту бойынша 2 топ құрылды: бірінші топтың құрамына клиникалық пәндердің оқытушылары мен менторлар (6 оқытушы) енгізіліп сабақтар жеделдетілген бағдарлама бойынша жүргізіледі (аптасына 8 сағат), екінші топтың құрамына жалпы кәсіптік және т.б пән оқытушылары мен ӘБҚ енгізіліп, аптасына 4 сағат сабақ жүргізіледі. Курсты ағылшын тілі пәнінің оқытушысы М.А.Қалдарбекова жүргізеді. Алдағы уақытта клиникалық пән оқытушыларын шет ел бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттыру жоспарлануда.


Қыркүйек
2015


880abf483b0b6f426f690e34dd18b4e8ad


Колледж халықаралық ресурсқа қол жеткізбек

“Түркістан” көпсалалы медицина колледжі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында жасалынған шарт бойынша колледждің оқытушы-профессордар құрамы мен студенттер алдыңғы қатарлы “Thomson Reuters”, “Elsevier”, “Springer” сияқты әлемдік электронды базаларды қолдану мүмкіншілігіне ие болып отыр.


Мамыр
2014


1035550 b


Колледж оқытушылары СМЖ ішкі аудиторы атанды

Сәуір айында Түркістан көпсалалы медицина колледжінің 4 оқытушысы Шымкент қаласындағы «Менеджмент жүйесін дамыту» тақырыбында өткізілген курсында біліктіліктерін арттырып «СМЖ ішкі аудиторы» сертификатына ие болды.


Қараша
2014


kolledj okytushylary orleude


Колледж оқытушылары «Өрлеуде»

Қараша айында колледжіміздің 23 оқытушсы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтында «Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында өткізілген курсқа қатысып, білімдерін арттырып қайтты.


Сәуір
2013


findiktermen shenber


Финдіктермен өткізілген шеберлік сыныбы

2013 жылдың сәуірінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС құрастыру шеберлік сыныбы өтіп, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты дайындалды. Оған қатысқан авторлық ұжым мүшелері болып, “Джи-Ай” Холдингінің вице президенті, “Түркістан” көпсалалы медицина колледжі директордың оқу ісі бойынша орынбасары Е.Е. Баратова (Қазақстан-Финляндия 2013ж.) қатысты.


Ақпан
2012


Оқытушылар тағылымдамадан өтті


Оқытушылар тағылымдамадан өтті

Үстіміздегі 2012 жылы Колледж оқытушылары Е.Баратова, М.Ергешов, Д.Сейтходжаева «Білім беру бағдарламаларын дайындаудағы құзіреттілік тәсілдеме» атты курс бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медициналық білім беру орталығында тағылымдамадан өтті.


Қыркүйек
2010


baspamenbailanys



Баспамен байланыс орнады

Колледж оқытушыларының мақалаларын жариялау мақсатында оқу ордасы көптеген баспа ұйымдарымен ынтымақтастықта байланыс орната бастады. Оқытушы-профессорлардың ғылымның әр саласында Әлеуметтік серіктестік өзекті мәселелерге арналған мақалалары «Ибн Сина — информ», «Оңтүстік Қазақстан», «Оңтүстік ұстаздары», «Түркістан», «Тұран» газеттерінде, Мейірбике ісі бойынша «Вестник» ақпараттық республикалық журналы, «Мейірбике ісі» республикалық кәсіби журналы, «Просвещение» педагогикалық Интернет журналы, «Ашық сабақтар» сайттарында, халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық ғылыми – тәжірибелік конфенренция материалдарының жинақтарында, т.б. басылымдарда жариялауына мүмкіндік көбейді.


voleiboldan turnir


Волейболдан турнир

23 маусым Қазақстан полициясы күніне орай, Түркістан ішкі істер бөлімінде қызмет барысында қаза болған қызметкерлерді еске алу мақсатында өткізілген волейбол турнирінде колледждің «Денсаулық» командасы 3-орын иеленді