СТУДЕНТТІК ҮКІМЕТ

 

Студенттік өмір – бұл тек қана сабақ, сынақ және емтихандар емес. Колледждегі оқу жылдары алуан түрлі оқиғалардың ұласуымен өтеді – бұл өмірдің нағыз қайнап тұрған жері: жеңіс рухы, жарыс құмарпаздығы. Студенттік шағыңыздан өшпес әсер қалдыратын керемет сәттерді жіберіп алмаңыз! Бұл үшін Сіздің мүмкіндігіңіз көп, тек  пайдалана білуіңіз керек!

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің студенттері әрдайым даму мен ой-өрісін кеңейту мүмкіндіктерін жібермейді. Колледжде Студенттік Үкімет белсенді жұмыс істейді.

Студенттік Үкімет: »Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің 1-4 курс аралығындағы студенттерден тұратын әкімшілік құрылым. СҮ қызметіне жастар саясатын іске асыру жөніндегі түрлі акцияларды өткізу, сабақтан тыс шаралар мен мерекелерді ұйымдастыру, студенттер мен әкімшілігі арасындағы диалогқа қолдау көрсту жатады.

Студенттік Үкімет (СҮ) мақсаты:

  • СҮ студенттерінің белсенділігін арттыру;
  • СҮ студенттік өмірінің белсенділігін арттыру ;
  • СҮ студенттеріне басқару тәжірибесін беру..

СтуденттікҮкімет студенттерді басқарудың батыс үлгісін енгізу мақсатындаколледжде студенттердің өзін-өзі басқаруын жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған. Студенттік Үкімет колледжөміріне белсене араласатын студенттерден құралған.

Колледж өз студенттерінің  кез келген қызығушылықтарын қолдайды, сондықтан бізде  Сіз өзіңізді көрсете алатын ұйымдар, үйірмелер бар.

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінде студенттік өзін-өзі басқару субьектісі ретінде топтарға, бөлімдерге, тұтастай алғанда колледж бойынша құрылған студенттік ұйымдарға орын берілген. Олардың қатарына мыналар жатады: студенттік үкімет, топ басшылар, жатақханадағы студенттік кеңес,  студенттердің қызығушылығы бойынша құрылған клубтар, студенттердің КВН лигасы, «Ақ қауырсын» әдеби үйірмесі және көркемөнерпаздардың «Мейірім» үйірмесі және Көлеңкелер театры, Студенттік телеарна.

Студенттік Үкіметтің құрамына: Президент, вице президент пен студенттік деканаттар, белсенділер және жауапты хатшы бар. Жыл сайын Студенттік Үкімет аталған лауазымға жаңа студенттерді қабылдайды. Олар міндетті түрде ауызша сұхбат пен іріктеуден өтеді.

Студенттік үкімет президенті

Студенттік үкімет президенті колледжде өткізіліп жатқан іс-шаралардың ұйымдастырылуына ұйытқы болып, қарамағындағы министрлер мен белсенділер жұмысын ұйымдастырады.

Студенттік Үкімет Президенті

Сортабаева Береке

Қаржы ісі жөніндегі вице президент

Қаржы министрлігінің басты міндеті – студенттердің тәжірибеден өту орталықтарын іздеуге көмек беру. Сондай-ақ  жұмыспен қамту орталығымен бірге жұмысқа орналасуына септігін тигізу.

Қаржы ісі жөніндегі вице президент

Сатыбалды Бекарыс

 

 

Ішкі істер жөніндегі вице президент

Ішкі байланыс министрлігі қаладағы өзге де оқу орындарымен байланыс орнатуы қажет. Басты міндет: бірлескен жиындар ұйымдастыру, колледжаралық байқауға қатысу жұмыстарымен айналысады.

Ішкі істер жөніндегі вице президент

Қалжанова Аякөз

Мәдениет ісі жөніндегі вице президент

Мәдениет ісі жөніндегі впрезидент  студенттердің мәдениет саласындағы дамуын бақылайды. Колледжде өтетін шараларды дайындайды.

Мәдениет ісі жөніндегі вице президент

Балтабек Жанар

Білім ісі жөніндегі вице президент

Білім ісі жөніндегі вице президент колледждің интеллектуалдылығын бақылайды. Оның міндетінің қатарына олимпиада, білімді дамытатын ойындар, ғылыми конференциялар ұйымдастыру кіреді.

Білім ісі жөніндегі вице президент

Айдарбек Шырынхан

Кәсіптік бейімделу министрлігі

Кәсіптік бейімделу министрлігі болса, – болашақ талапкерлер мен мектеп оқушыларына колледж туралы ақпарат таратады.

Кәсіптік бейімделу министрі

Мубәракова Дильназ

PR және БАҚ министрлігі

PR және БАҚ министрлігі ақпараттық орталық құрады. Коллджде болып жатқан жаңалықтар мен студенттерді таныстырады.

PR және БАҚ министр

Балтабай Ерасыл

Спорт министрлігі

Спорт министрлігі спорттық шаралар мен ойын, сайыстардың өтуіне жауапты

Спорт министрі

Беркімбай Нұрбаққазы

Жауапты хатшы

Студенттік үкімет ұйымының атқарған жұмыстарын жинақтап, құжаттарын түзіп отырады

Жауапты хатшы

Дастанбек Дамира

Совет Дильназ

Белсенді

Қыдырбай Назерке

Белсенді