№4 «МЕЙІРГЕР ІСІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ»

  • Басты бет
  • №4 «МЕЙІРГЕР ІСІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ»

№4 «МЕЙІРГЕР ІСІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ» КАФЕДРАСЫ

 

2006-2007 оқу жылында ашылған «Түркістан» көпсалалы медицина колледжінде № 8«Мейіргер ісі негіздері және туыстас пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігі құрылды. ЦӘБ-тің құрамында  Мейірбике ісі негіздері мен Балалар аурулары және Дерматовенерология пәндері бойынша білім берілген. 2013-2014 оқу жылынан бастап «Педиатриядағы мейіргерлік іс», «Мейіргерлік іс негіздері», «Дерматовенерологиядағы мейіргерлік іс» , мейібикелік іс мамандығына арналған «Балалар аурулары» және «Дерматовенерология»емдеу ісі мамандығына арналған пәндері бойынша білім алды.

2014-2015 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестіктердің атауларының өзгеруіне байланысты, №8 «Мейіргер ісі негіздері және туыстас пәндер» ЦӘБ-і жаңа атаумен «Балалар аурулары және туыстас пәндер» ЦӘБ-і  болып өзгертілді.

2019-2020 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестік атауы Кафедра болып өзгертіліп, «Мейіргер ісі және балалар аурулары» кафедрасы атанды. 2021-2022 оқу жылында кафедра пәндері «Отбасылық күтім», «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргер мамандығы», «Дәлелді мейіргерлік практика», «Мейіргер ісіндегі әлеументтік жұмыс»  пәндерімен толықты.

   Кафедра құрылымы, меңгерушісі: 2006-2014 оқу жылы аралығында  ЦӘБ-і  меңгерушісі  «Мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Апсенова К.Б    2014-2016 жылдары ЦӘБ-і   меңгерушісі Киікбаева Л.  2016-2017 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі Дүйсенбаева М.С. 2021-2022 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі Сандыбаева А.С.

Кафедра меңгерушісі

Сандыбаева Анар Садридиновна

Адрес: 2-корпус 109-кабинет

Телефон: 87477144749

 

 

 

Абдужаппарова Октам Рашидовна

Адрес: 1-копус 112-кабинет

Телефон: 87021408272

Е-mail: oktam-tkmk@mail.ru

 

 

 

Төлентаева Асылзат Алибекқызы

Адрес:1-корпус  113-кабинет

Телефон: 87012891187

Е-mail: asylzat.2017@mail.ru

Бабажанова Угилжан Махмутжанқызы

Адрес: 1-корпус 302-кабинет

Телефон: 87016905033

Е-mail: u.babazhanova@mail.ru

Атаханова Хурсанай Нуритдиновна

Адрес: 2-корпус 108-кабинет

Телефон: 87026142060

Е-mail: paradise.1996@inbox.ru

Кафедра жетістіктері

О.Р. Абдужаппарова  Түркістан медицина колледжінде 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Еңбек жолының алғашқы жылдарынан бастап жақсы жақтарымен көзге түскен жас маман  студенттерге білім берумен қатар колледждің комсомол ұйымын басқарды.

Октам Рашидқызы «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралдың, мейірбике ісі негіздері бойынша «Медицинада қолданылатын тәжірибелік  дағдылар  стандарттары» авторы.

Октам Рашидқызы колледж, қалада атқарған еңбектері ескеріліп төмендегі алғыс хат, грамоталармен  марапатталған.

А. А Төлентаева  Түркістан медицина колледжінде 13 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. А. А Төлентаева «Мейіргер ісі »

мамандығының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Асылзат Алибекқызы «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралдың, мейірбике ісі негіздері бойынша «Медицинада қолданылатын тәжірибелік  дағдылар  стандарттары» авторы.

О.М Бабажанова «Мейіргер ісі қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі.2018ж Финляндия университеті Jamk оқу орнына тусіп 2020ж бітіріп,Мейірбике ісі бойынша медицина ғылымдарының магистрі аттанды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Медицина және білім: Инновация.Мәселе.Келешек»атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның  ІІ орын жеңімпазы аттанды.

Кафедра оқытушылары жемісті еңбектері үшін «Джи-Ай» холдингінің, колледж әкімшілігінің, қала әкімдігінің,  қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның марапаттауларына ие болды. Кафедра оқытушылары  колледжіміздің жоғары колледж дәрежесін алуда өз үлестерін қосып, студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде.

Студенттерді оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында кафедра оқытушылары жоғарыда аталған пәндері бойынша электронды оқулықтар жасап, дайындады.

Кафедра  әдістемелік жұмыстардың сапасын көтеру мақсатында ұжымдық оқыту, мәселелі бағытталған, ақпараттық және т.б. технологияларды пайдаланып ашық сабақтар өткізуде. Кафедра оқытушылары жетекшілік ететін топтарда тәрбие нәтижесін жақсарту мақсатында ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

Ғылым: Атаханаова.Х 2016-2017 оқу жылында «Мейірім» үйірмесіне жетекшілік етті. Үйірме мүшелерін студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындап, «Түркістан аймақтық науқастарға реабилитациялық күтім» тақырыбында жасаған баяндамалары үшін жүлделі 2 орынды иеленді.

Ақпараттық графика:

Кафедра оқытушылары республикалық, облыстық жергілікті баспасөз беттерінде мақалалар жариялап тұрады.  Октам Рашидқызы ,Асылзат Алибекқызы  «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралдың, мейірбике ісі негіздері бойынша «Медицинада қолданылатын тәжірибелік  дағдылар  стандарттары» авторлары.

Кафедра жұмыс жасайтын орталықтар,үйірмелер, клубтар:

 1«Мейірім» үйірмесі

Тақырыбы: «Түркістан аймақтық науқастарға реабилитациялық күтім» ди

Үйірменің мақсаты:

  • Студенттердің мамандық бойынша базалық және кәсіптік құзіреттілігін арттыру;
  • Оқушылардың ғылыми тәжірибелік және шығармашылық қабілеттерін арттыру;
  • Клиникалық ойлау қабілетін арттыру;
  • Мамандық және пән бойынша білімін нығайту, ой-өрісін дамыту және қызығушылығын арттыру;

 

Жоспар бойынша атқарылуы тиіс шаралар легі:

 

  1. Үйірме мүшелеріін іріктеу
  2. Үйірме жұмысының жоспарын талқылау
  3. Үйірменің әрбір  мүшесінің міндеттері  және  атқаратын жұмыстарымен  таныстыру
  4. Үйірме мұшелерін ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жасалатын баяндамаға қойылатын талаптармен таныстыру
  5. Үйірме мүшелеріне тапсырмаларды бөлістіру
  6. Үйірме мүшелерімен омыртқа аурудың алдын алу жолдары туралы әңгімелесу, жадынамалар беру