АШЫҚ САБАҚТАР

КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКІЗГЕН АШЫҚ САБАҚТАРЫ

Колледж оқытушылары оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде заманауи инновациялық оқыту технологияларын қолданады, өйткені жаңа технологияларды пайдалану өз пәнін оқытуда оқытушы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Педагогикалық ұжымның инновациялық технологияны қолдануы студенттердің олимпиада мен конкурстарға қатысудағы нәтижесімен нақтыланады. Оқыту технологияларын жетік меңгере  отырып өткен әрбір сабақтары және жоғары деңгейде өткізілген ашық сабақтар студенттердің білім алуға, өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыра түседі.

Колледж оқытушылары сабақ кезінде үштілділік элементтерін қолданады, клиникалық және арнайы пәндер оқытушылары оқытудың CLIL,TBL әдістерін сабақ барысында қолдануда. Оқыту тәжірибесінде заманауи білім беру технологиясын пайдалану білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және адамгершілік дамуына, білім сапасын арттырудың міндетті шарты болып табылады.

Болашақ медицина қызметкерлерін даярлау сапасын арттыру үшін практикаға пәнаралық интеграцияны қамтамасыз ететін бинарлық сабақтар сәтті енгізілуде, аудиториялық оқытуды практикалық кәсіби қызметке барынша жақындатады (мысалы, пәндер бойынша бинарлық сабақтар: денсаулықты нығайту және жұқпалы аурулар; медициналық биология және акушерия, қазақ тілі және шет тілі, ішкі аурулар пропедевтикасы және жалпы хирургия, анестезиология және реанимация, саясаттану және әлеуметтану негіздері және құқық негіздері, Қазақстан тарихы және мәдениеттану, микробиология және вирусология және жұқпалы аурулар және т.б.).

Колледж оқытушылары дербес жұмыс жоспарына сәйкес инновациялық технологияларды қолдана отырып ашық сабақтар өткізеді.