№3 «ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ
2006-2007 оқу жылында ашылған «Түркістан» көпсалалы медицина колледжінде №3 «Жалпы кәсіптік пәндер» циклдік әдістемелік бірлестігі құрылды. ЦӘБ-тің құрамында Қалыпты анатомия, Қалыпты физиология, Патологиялық анатомия, Патологиялық физиология, Латын тілі, Фармакология пәндері бойынша білім берілген.
2017-2018 оқу жылында Патологиялық анатомия және Патологиялық физиология пәндері қосылып Жалпы патология пәні болып өзгертілді.
2018-2019 оқу жылында «Қолданбалы бакалавр» мамандығының ашылуына байланысты Анатомия физиология және патология пәнімен және Анатомия физиология пәндерімен толықты.
2019-2020 оқу жылында циклдік әдістемелік бірлестік атауы Кафедра болып өзгертіліп, «Жалпы кәсіптік пәндер» кафедрасы атанды.
Кафедра құрылымы, меңгерушісі: 2006-2016 оқу жылы аралығында кафедраның меңгерушісі Қалыпты анатомия пәнінің оқытушысы Құрбанбаева А.
2016-2017 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі Дүйсенбаева М.С.
Қазіргі кафедра меңгерушісі Тулебаева Ж.К.
Тулебаева Жанат Курманалиевна
Кафедра меңгерушісі Адрес: №1 ғимарат, Сампо каб. Телефон: +7 778 433 91 17 |
|
|
Дүйсенбаева Мөлдір Сейілбековна
Оқытушы Адрес: №1 ғимарат, Анатомия каб. Телефон: 8 771 882 0751 |
|
Байбосынов Ерғазы Беркімтайұлы
Оқытушы Адрес: №1 ғимарат, Латын тілі каб. Телефон: 8 771 251 28 74 |
|
Исахан Шахзод
оқытушы Адрес:, «Санитас» емханасы №104 каб. Телефон: +7 707 106 94 94
|
Кафедра жетістіктері
Ғылым: Осы уақытқа дейін кафедрадағы жетістіктеріміз өте көп. 2018 ж «Студенттердің ғылыми-ізденіс дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастыр» атты колледж ішілік № 11ғылыми-тәжірибелік конференциясында 1 дәрежелі орын алған үшін ЕК-301 оп студенті Орман Айгерім жетекшісі: Байбосынов Е.
2019 ж «Гиппократ» Республикалық олимпиадасында 11 орын алған үшін Молданазар Лаура, 111 орын алғаны үшін Айтбай Жанерке Марапатталған. Жетекшісі Дүйсенбаева М.
2021 ж «Шипагер» медициналық колледжінің 5 жылдығына рай өткен Респутликалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін Тулебаева Ж. марапатталған.
Ақпараттық графика: 2014 ж Теріскенбаева Б.Б, «Патологиялық физиологиядан» пәнінен оқу құралдарын жазған. Кафедра оқытушылары республикалық, облыстық жергілікті баспасөз беттерінде мақалалар жариялап тұрады.
Кафедра жұмыс жасайтын орталықтар,үйірмелер, клубтар:
- «Шипагер» үйірмесі.
Тақырыты:«Құрманың емдік қасиеті» үйірмесі
- «Жас физиолог» үйірмесі.
Тақырыбы: «Түкістан облысындағы тұрғындардың лейкозбен аурушаңдық жиілігі.»
Үйірменің мақсаты:
- Студенттердің мамандық бойынша базалық және кәсіптік құзіреттілігін арттыру;
- Оқушылардың ғылыми тәжірибелік және шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Клиникалық ойлау қабілетін арттыру;
- Мамандық және пән бойынша білімін нығайту, ой-өрісін дамыту және қызығушылығын арттыру;
Жоспар бойынша атқарылуы тиіс шаралар легі:
- Үйірме мүшелеріін іріктеу
- Үйірме жұмысының жоспарын талқылау
- Үйірменің әрбір мүшесінің міндеттері және атқаратын жұмыстарымен таныстыру
- Үйірме мұшелерін ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жасалатын баяндамаға қойылатын талаптармен таныстыру
- Үйірме мүшелеріне тапсырмаларды бөлістіру
Үйірме мүшелерімен омыртқа аурудың алдын алу жолдары туралы әңгімелесу, жадынамалар беру