ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРЛАРДЫҢ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

  • Басты бет
  • ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРЛАРДЫҢ ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Мейірбике ісі саласындағы қолданбалы бакалаврлардың дипломдық жұмыстары

bilim.beru17

 

Колледждің стратегиялық саясаты  білім беру қызметтерінің сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсартуға, оқытушылардың ғылыми және педагогикалық біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға, білім алушылардың қажеттіліктерін ресурстық қамтамасыз етуге және қызметкерлер жұмысы мен студенттердің білім алуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Кәзіргі таңда Орта білімнен кейінгі білім алатын студенттер үшін  қолданбалы зерттеулерді өз бетінше жүргізу үшін өздерінің кәсіптік саласындағы зерттеулердің қағидаттары мен әдістерін білу бірінші орынға шығып отыр, сондықтан олардың білім беру бағдарламаларында ғылыми зерттеулердің әдіснамасы бойынша арнайы курстар, қолданбалы зерттеу жұмыстарын өз бетінше жоспарлау және орындаумен дипломдық жұмысты қорғау енгізілген.

Диломдық  жұмыс туралы

Дипломдық жұмыстың тақырыптарын студенттер 3/1 курста өз бетінше таңдайды. Дипломдық жұмыстың тақырыбы ғылыми жетекшімен келісіледі. Диплом жұмыстарының тақырыптары колледждің Ғылыми кеңесімен қаралады және директордың бұйрығымен бекітіледі. Тақырыптар әр мейіргердің жұмыс орнымен байланысты және кәзіргі кезеңдегі мейіргер ісі саласының өзекті мәселелерін қамтиды.

 

Колледж басшылығының бұйрығымен диплом жұмыстарының жетекшілері тағайындалады. Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілері болып м.ғ.к., магистрлер, колледждің тәжірибелі оқытушылары тағайындалады.

Бір ғылыми жетекшіге дипломдық жұмысты орындауға арналған студенттер санын колледждің ғылыми Кеңесі анықтайды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:

— дипломдық жұмысты орындау бойынша нұсқаулық жасауға қатысады;

— дипломдық жұмыс бойынша семинарлар ұйымдастырады;

— дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма береді;

— студентке өз жұмысында зерттеулерге негізделген зерттеу және әзірлеу әдістерін, қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық материалдарды және тақырып бойынша басқа да көздерді пайдалануды ұсынады.;

— дипломдық жұмысты жазу процесіне бақылау жүргізеді;

— жеке және топтық кеңес өткізу кестесін белгілейді, оларды өткізу кезінде дипломдық жұмыстың орындалуына ағымдық бақылау мен бағалауды жүзеге асырады;

— зерттеудің этикалық принциптерінің сақталуына бақылау жүргізеді;

— дипломдық жұмыс ақпаратының сапасы мен дұрыстығын бақылайды.

Дипломдық жұмыстың орындалуын қадағалау барысында жұмыстың жазылу сапасын, оның дұрыс орындалғандығын, сонымен қатар интернеттегі және т.б. ашық көздерден алынған матіндік құжаттарды тексеруге арналған ақпараттық бағдарламалық кешеннен өткізіледі, яғни антиплагиатқа тексеріледі. Негізі колледжде жеделдетілген (1,6ж) БББ бойынша білім алатын студенттер өздерінің жұмысына немесе қызметтеріне сай тақырыптар бойынша қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізетін болғандықтан  көшіру/плагиат жағдайлары аса кездеспейді.

Дипломдық жұмысты қорғау колледжде аттестаттау комиссиясының ашық отырысында белгіленген мерзімде өткізіледі.

Дипломдық жұмысты қорғау студенттердің, оқытушылардың қатысуымен көпшілік түрінде ұйымдастырылады. Қорғауға дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның басшысы, өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар да шақырылады.

Дипломдық жұмысты қорғау аттестациялық комиссия алдында студент Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қысқаша және нақты сипаттайды, оның маңызды ережелерін баяндайды, хабарлайды және негіздейді, яғни өз тұжырымдары мен ұсыныстарын дәлелдейді. Баяндама үшін студентке берілген уақыт 10 минуттан аспайды.

Дипломдық жұмысты бағалау ашық түрде балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша анықталады және оны төраға қорғау аяқталғаннан кейін сол күні жария түрде жариялайды.

Диплом жұмысын белгіленген мерзімде жазбаған және оны қорғамаған студентке келесі жылға диплом жұмысын қорғау құқығын беріледі. Аттестациялық комиссия бұл жағдайда студенттің сол дипломдық жұмысты қайта қорғауға (пысықтаумен немесе пысықтамай) жіберілуі мүмкін бе немесе оған жаңа тақырып бекітілуі тиіс пе деп шешеді

 

 

ACP PDF 2 file document ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ІШКІ ЕРЕЖЕЛЕРІ