КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ БАЙҚАУЛАР ЖӘНЕ СЕМИНАРЛАРҒА ҚАТЫСУЫ
Оқыту тәжірибесінде заманауи білім беру технологиясын пайдалану білім алушылардың интеллектуалдық, шығармашылық және адамгершілік дамуына, білім сапасын арттырудың міндетті шарты болып табылады.
Колледж оқытушылары оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде заманауи инновациялық оқыту технологияларын қолданады, өйткені жаңа технологияларды пайдалану өз пәнін оқытуда оқытушы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Колледж оқытушыларымен симуляциялық технологияларды қолданып, оқытушыларға жаңа ойлармен және тәжірибемен алмасуға мүмкіндік беретін мастер-кластар өткізіледі.
Жыл сайын оқытушылардың жоғары құзіреттілігін аймақтық, республикалық деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысып, жоғары жетістік көрсеткені айғақтайды.
Сонымен қатар колледждің Ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2017 ж Түркістан қаласының колледждері арасында «Жаңа педагогикалық идеялар» атты тақырыпта педагогикалық семинар өткізілді. Қатысып жүлделі орын алған оқытушылар директордың алғыс хатымен марапатталды. Колледжден оқытушы Оразбекова Камшат қатысып ІІ орынды иеленді.