КОНФЕРЕНЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛИМПИАДА

Колледж оқытушылары мен  студенттері конференциялар және олимпиада жүлдегерлері

Колледж оқытушыларының Халықаралық және Республикалық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, педагогикалық оқуларға қатысуы туралы мәлімет:

Колледж студенттері оқытушылардың жетекшілігімен қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, олимпиадаға  белсене  қатысады.

Студенттердің түрлі облыстық, республикалық байқаулардағы жеңістері оқытушы қызметінің нәтижесі болып табылады:

Колледж студенттері әр жылда «Гиппократ » Республикалық олимпиадасына  қатысып жүлделі  орындарды иеленіп отырады.

2021-2022 оқу жылында колледж студенттері «Гиппократ» олимпиадасына белсенді қатысты. Жалпы саны 108 студент қатысып жүлделі орындар алып белсенділік танытқаны үшін колледж  Алғыс хат пен «Гиппократ» кубогымен  марапатталды.

Оқытушылар білім алушылардың ғылыми әлеуетін ұдайы дамытуының арқасында колледж студенттері түрлі дәрежедегі қоғамдық, ғылыми іс-шараларға белсене қатысады.

  Колледж оқытушылары Байтұрсынова Г, Оразбекова К, Султанмурадов Б, Дүйсенбаева М Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңашыл педагог -2021» атты шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі орындарды иемденді
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бәрінен қымбат » тақырыбында өткізілген республикалық ғылыми — теориялық конференцияға колледж оқытушысы Абдужаппарова Ақботаның жетекшілігімен қолданбалы бакалавр студенті Закарияқызы Динара қатысып, Алғыс хатпен марапатталды
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Медицина және Білім : Инновация.Мәселе.Келешек» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға оқытушыларымыз Бабажанова У, Оразбекова К, Дүйсенбаева М қатысып, жүлделі ІІ — орынды иемденді
  «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ және оның дәуірі » атты Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама оқып, студент Тұрмаханбет Феруза,жетекшісі Адилбаева Дина «Үздік конференция баяндамашысы» номинациясымен марапатталды
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Медицина. Қоғам.Білім : өзекті мәселелер мен заманауи аспектілер» атты Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференцияға  колледж оқытушысы Атаханова Хурсанай қатысып, ІІ- орынды иемденді
  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Медицина. Қоғам.Білім : өзекті мәселелер мен заманауи аспектілер» атты Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференцияда колледжіміздің оқытушылары мен студенттері өз баяндамалырын оқып, жүлделі орындар мен алғыс хаттармен марапатталды
  Қазақстан Республикасы медицина колледждері арасында өткен Гиппократ олимпиадасына колледж оқытушыларының жетекшілігімен 105 студентіміз қатысып, жүлделі орындармен қатар Гиппократ кубогын иемденді. Сонымен бірге «Түркістан «көпсалалы жоғары медицина колледжінің директоры м.ғ.к Қ.О.Рысбеков Алғыс хатпен марапатталды
  Қазақстан Республикасының жоғары медицина колледждерінің мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр студенттері арасында «Мейіргердің ғылымдағы үлесі» тақырыбында Республикалық ғылыми-зерттеу конференциясына оқытушы Бабажанова Угилжанның жетекшілігімен колледж студенттері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатысып, Усманова Шаира І дәрежелі , Айтбай Жанерке ІІІ дәрежелі,Акимхан Зарина ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды