Колледждің оқу- әдістемелік орталығы
Колледждің оқу әдістемелік орталығының қызметі Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және жоғарыда көрсетілген Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Колледждің ғылыми- әдістемелік орталығы қызметінің мақсаты: педагогтардың кәсіби құзыреттілігін үздіксіз арттыруға ықпал ететін және ынталандыратын қолайлы орта құру.
Колледждің бірыңғай әдістемелік тақырыбы: Педагогикалық шеберлікке үздіксіз үйрену мен іздену арқылы жету.
Колледждің оқу әдістемелік орталығы қызметінің міндеттері:
— инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруде педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін жетілдіру;
— озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жалпылау және таратуды ұйымдастыру;
— педагогтардың шығармашылық бастамаларын ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау.
— педагогикалық кадрлардың жеке ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру;
— алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені анықтау, қорыту және енгізу бойынша кафедра жұмысын үйлестіру;
— курстар мен тағылымдамалар арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
— оқу және оқу-әдістемелік авторлық материалдарды әзірлеуге педагогикалық кадрларға көмек көрсету;
— ашық сабақтарға қатысуды және талқылауды жоспарлау;
Ғылыми-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу-тәрбие процесін сапалы жүргізу және жетілдіру, оқу орнының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту, педагогикалық процестің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
Колледждің ғылыми-әдістемелік қызметі:
- ғылыми-педагогикаллық Кеңестен;
- оқу-әдістемелік Кеңестен;
- кафедралардан ;
- жас оқытушылар мектебі және тәлімгерліктен тұрады.
Оқу әдістемелік бөлімінің меңгерушісі:
- Рысбекова Айгүл Әбділлахқызы Қазақстан тарихы пәнінің жоғары санатты оқытушысы. 1999ж Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университетінің тарих факультетін бітірді. 2018-2020 жылдары Шымкент Университетінде екінші мамандық, орыс тілі және орыс әдебиеті факультетін бітірді. 2008-2009 оқу жылынан бастап колледждің оқу бөлімінің меңгерушісі, 2016-2017 оқу жылынан бастап оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл, «Елеулі еңбегі үшін» «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері.
Рысбекова Айгүл Әбділлахқызы
Адрес: №1 ғимарат, №115 каб. Телефон: +7 (701) 821-85-76 Е-mail:Shabo .111@mail.ru |
Колледж әдіскері:
Оразбекова Камшат Дихановна . 2008 ж Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университетінің биология мамандығы бойынша бітірді. 2014-2016ж Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің биология магистратурасын аяқтады. 2011 жылдан бастап Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде биология пәнінің оқытушысы болып жұмысын бастады. 2017-2018 оқу жылынан бастап «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының меңгерушісі, 2021-2022 жылдан бастап колледж әдіскері болып жұмыс жасайды.
Оразбекова Камшат Дихановна
Адрес: №1 ғимарат, әдістемелік каб. Телефон: +7 (778) 117-07-86 Е-mail:e__mi-kz@mail.ru |